Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары

Күні:
Тақырыбы: Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың аудандары
Мақсат:
  Жаңа білім Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен барлық маңызды материалды есіне түсіреді. Оның ішінде: Параллелограмның ауданын табуды, Ромбының ауданын табуды, Үшбұрыштың ауданының формулаларын, Үшбұрыштың ауданын табуды, Трапецияның ауданын табуды.
Жаңа түсінік Есептерді шығарудың жолдарын түсінеді. Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен барлық маңызды материалды жинақтап қорытады.
  Қолданым әрекеті

 

Параллелограмм мен үшбұрыштың ауданын тапқанда, сабақта өткен ауданды табу формулалары мен теоремаларын қолданады.
Талдау әрекеті Ауданды табу есептерін әр қырынан талдайды. Ол есептерді шығарудың жаңы жолдарын ерекшелейді
Шығармашылық әрекет АВС үшбұрышының кез-келген медианасы сол үшбұрышты тең шамалы (аудандары тең) екі үшбұрышқа бөлетінін қолдана отырып және оны түрлендіре отырып әр түрлі пропорцияда бөлінген жағдайға формула ойлап табады.
  Бағамдау әрекеті Төртінші тоқсанда осы уақытқа дейін өткен материалдың ішіндегі маңыздыларын ерекшелейді. Параллелограмм мен үшбұрыштың ауданын есептейді
Сабақ құрылымы:
  І. Қайталау  (7 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (7 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (3 мин.).

Сабақ типі: фронтальді, жұптық
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Оқушыға жол сілтеу
Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Aудан, тіктөртбұрыш, параллелограмм, параллелограмның қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагональі; ромб, ромбының қабырғасы, биіктігі, бұрышы, диагональі, үшбұрыш, үшбұрыштың табаны, биіктігі, Трапеция, трапецияның табаны, биіктігі, орта сызығы.

Оқушыда дағды қалыптастыру:
  Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
Үй тапсырмасы:
  1.    ABCD параллелограмм, DC қабырғасынан кез-келген К нүктесі алынған. SABCD =2SABK екенін дәлелдеңіз.

2.    Rr өрнегін үшбұрыштың қабырғалары арқылы өрнектеңіз

  БОНУС: Егер екі симметриялы үшбұрыш берілсе, біреуінің қабырғалары екіншісінен екі есе кіші. Аудандарының арасындағы қатынасты табыңыз

Тақырып жоспары:

Топ басшысын сайлау оған бағалау парақшасын беру.

  1. Үшбұрыштың ауданын табу формулалары (постерге суретін салып формуласын жазып, қорғау)
  2. Үшбұрыштың ауданын табу тапсырмаларын орындау дәптерге
  3. Математикалық жұмбақты ауызша шешу
  4. Төртбұрыштардың аудындары сәйкестендіру тапсырмасы (үлестірме қағазы)
  5. Төртбұрыштардың ауданын табу тапысрмаларын орындау дәптерге
  6. Шығармашылық жұмыс
  7. Сабақты қорытындылау ауызша
  8. Кері байланыс орнату
  9. Үй жұмысын беру
Оқушының аты-жөні Постер қорғау Үшбұрыштарға есептер шығару Математикалық жұмбақ Сәйкестендіру Төртбұрыштарға есеп шығару Шығармашылық жұмыс Ауызша  қорытынды жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *