1-саны және цифры

 

ҰМЖ бөлімі Атамбаева  Жанат Темиргалиевна
Күні:        Сынып: 1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы 1 саны  және цифры
Оқу мақсаты 1.1.1.1.**Натурал  сандардың және нөл  санының құрылу жолын түсіну; 10/11-20 көлеміндегі  сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар  қатарындағы орнын анықтау.

1.1.1.2. 10-ға  дейінгі сандарды  тура және кері санау,  олардың натурал сандар қатарындағы  реттік нөмірін анықтау.

1.5.2.1. Цифр мен  санды бір-бірінен ажырату, бір  таңбалы сандарды әртүрлі тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) және  сандық сәулесінде көрнекі кескіндеу.

Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:  1 саны мен  цифрды білу, жазу, салыстыру, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.  

Көптеген оқушылар: Бір таңбалы сандардың құрамын анықтау, цифр мен санды бір-бірінен ажырату.

Кейбір оқушылар:  Бір таңбалы  сандарды әртүрлі  тәсілдермен (нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және т.б.) сандық  сәулесінде көрнекі түрінде бейнелеу.

Бағалау критерийлері
  • 1 саны мен цифрды  біледі, жазады, салыстырады.
  • Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды, цифр мен санды бір-бірінен ажыратады.
  • Біртаңбалы сандарды сандық сәулесінде көрнекі түрінде бейнелейді.
Тілдік мақсаттар Бір саны,  цифр
Пәнаралық байланыс Көркем  еңбек
Құндылықты дарыту Сабақ барысында бір-бірін тыңдап, көмектесіп, бірлесіп тапсырма орындау.  Бір-бірін құрметтеуге тәрбиелеу.
АКТ  қолдану дағдылары Суреттер
Бастапқы білім Цифр мен сан
                                                                 Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3  минут

Ертеңгілік шеңбері

Таңғы шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен «Сәлем!» деп амандасады.

Санамақ

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Шаттық шебері
Сабақтың ортасы

10  минут

     

    

      

Сергіту  сәті

5  минут

15  минут

Жаңа сабақты түсіндіру

Балалар, мында теріс жатқан парақшадан біреуін  алайықшы.

Не  байқадыңдар?

Дұрыс айтасыңдар  бір-бірден гүл мен  бір – бірден мектеп құралдары  бейнеленген.

Олай  болса балалар  мына топ «Гүлдер»  тобы мына топ «Құралдар»  тобы боп бөлінеміз.

Олай  болса балалар,  бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы «1саны мен цифр».

Заттарды  санау 1 санынан  басталады. Оны ауада  жазып көрейікші, қәне балалар!  Санды үстінен бастап жазамыз. Бірінші  астынан жазбаймыз! 1 саны тақ сан. Оның жұбы болмайды. Оқулықтағы сандық  сызықпен бірінші топ 1-10-ға дейін тура санаймыз. Екінші топ сол сандық сызықпен 10-1-ге  дейін кері санаймыз. Цифр – бұл сандарды жазуға арналған белгі.

1 – тапсырма. «Кім  жылдам?» ойыны.

 Суретпен  жұмыс      

1-топқа:  Мектеп  сөмкесіне  қажетті құралдарды  салу.

2-топқа: Ойыншықтарға  арналған себетке  ойыншықтарды салу.

Дескриптор:  

Мектеп  сөмкесіне  қажетті құралдарды  салды.

Ойыншықтарға  арналған себетке  ойыншықтарды салды.

(Қалыптастырушы  бағалау: Үш шапалақ)

2-тапсырма:  «Кім шапшаң?» ойыны

1-топқа:  Суреттегі   бірінші қатені тап.

2-топқа: Суреттегі  екінші қатені  тап.

Дескриптор:

Суреттегі бірінші  қатені тапты.

Суреттегі  екінші қатені тапты.

(Қалыптастырушы  бағалау: Бас бармақ)

Бір,  екі – еңкей,

Бүгілмесін  тізең.

Үш-төрт  шалқай

Иілмесін  тізең.

Қолды  көтер аспанға

Саусақты  соз, жасқанба!

                 (Б.Бөрібаев)

3-тапсырма:  «Көп ойла» әдісі бойынша

Сыныптан  саны 1-ге  тең заттарды  тап.

Дескриптор:

Сыныптан  саны 1-ге  тең заттарды  тапты.

(Қалыптастырушы  бағалау: От шашу)

4-тапсырма.

Бір  үрленген  шардың суретін  сал.

Дескриптор:

Бір  үрленген  шардың суретін  салды.

(Қалыптастырушы  бағалау: Үш шапалақ)

5-тапсырма.

Суретке  қара. Қай  зат бір рет  салынған. Оны боя.

Дескриптор:  

Суретте  бір рет салынған затты  тапты. Оны бояды.

(Қалыптастырушы  бағалау. Смайликтер арқылы)

Оқулықпен  жұмыс

Дәптермен  жұмыс

Дәптермен  жұмыс

Жеке  жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Бүгінгі сабақта алған  білімдеріңізді «Алма ағашына» жапырақ стикер жабыстыру.

Стикер алма
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?    Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

«Кім жылдам?»  ойынында оқушылардың ой жүйріктіктері артады. «Кім жылдам?», «Кім тапқыр ?»  ойынында оқушылар тапсырмаларды орындау барысында достық бәсекелестіктері артады, сабаққа деген қызығушылықтары пайда болып, қарқын жүріп отырады.. «Кім тапқыр?» ойынында тапсырмаларды орындай отырып оқушылардың сыни көзқарасы қалыптасады. «Көп ойла» әдісі  бойынша оқушылар өз үйренгенін шынайы өмір жағдайында пайдалана алады. Топтық, жеке жұмыс кезінде оқушылардың ойлау қабілетімен қатар, шығармашылық мүмкіндіктері артады, эстетикалық талғамдары өседі.  «Үш  шапалақ»,  «От шашу», «Бас бармақ», «Смайликтер»  арқылы бағалап отырамын.. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.Құралдарды  дұрыс пайдалана білу.

Сергіту сәті

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары  қолжетімді, әрі шынайы  қойылған деп ойлаймын, себебі бұл сабақтан оқушылар «1 саны және цифр» не екенін түсініп алады. Мақсаттарым 1 саны және цифрды  білу, салыстыру, жазу, 1 санының ажырату болатын. Әр түрлі тапсырмаларды шешу арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға көмегін тигізеді. Оқушылардың шапшаңдылыққа,  логикалық қабілеті артады. Сыныпты ұйымдастыру кезінде «Шаттық шеңбері» әдісін қолданамын. Оларға топ ережесін түсіндіріп топқа бөлемін. Сабақтың ортасында топтық жұмыспен тапсырмаларды  орындайды. Топтық жұмыста сурет арқылы 1- тапсырмада «Кім жылдам?» ойынында 1 саны бар заттарды табу оқушылар үшін қызықты болды. Себебі, әр топ өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп, бірін-бірі  тыңдап орындайды. 2-тапсырмада «Кім тапқыр?» ойынында оқушылар суреттегі қателерді табу арқылы қызығушылықтарын арттырады. 3 – тапсырмада «Көп ойла» әдісі бойынша сыныпта саны 1-ге тең заттарды  табады. Оқушылар мұнда топтасады, бір-бірін тыңдайды, көмектесіп қолдау көрсетеді. Сергіту сәтінде көңілдерін бір көтеріп алды. Келесі тапсырма жеке жұмыс боалды. Оқушылар жеке тапсырмаларды өздері жеке  орындайды. Сосын дәптермен жұмыс, мұнда оқушылар бір үрлеген шардың суретін салады. Екінші жеке тапсырмада 1 санын үлгі бойынша жазады. Тапсырмаларды жақсы орындағаны үшін «Үш шапалақ», «От шашу», «Бас бармақ»  арқылы бағалап отырамын.

Өтілген  сабақты оқушыларға  қызықты болу үшін АКТ-ны  пайдаланамын. Бір – бірлерінің  пікірлерін тыңдап, өз пікірін ашық білдіру  болады. Сабақтың соңында кері байланыс орнатамын. Келесі  сабақта деңгейлік тапсырмалар таратып беруді жоспарлап отырамын. Сабақта  диалогтық әдіс кеңінен қолданылатындықтан, оқушылардың тіл байлығы дамиды. Қалыптастырушы  бағалау арқылы оқушылардың өздеріне деген сенімділіктері артады. Сыныптағы ахуал ойдағыдай жақсы  болады. Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болады. Уақытты тиімді қолданамын деп ойлаймын.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели