Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы

Бөлім   Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі.

Тарау  Білім. Ғылым. Инновация.

 

Педагогтің аты-жөні Жұбанышева Айнұр Серікқалиқызы
Күні  
Сынып Қатысушылар саны Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы
Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары 10.2.6.1 -белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу

10.3.6.1 — тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу

  • Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
  • Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
  • Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
  • Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.

 

Сабақтың мақсаты Берілген мәтін мазмұнын түсініп оқиды, ақпаратты анықтайды, стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдайды.

Мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді.

Мәтіннен ақпаратты анықтайды, мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді, үзіндіден әсерін баяндап, көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып хат жазады, өлең шығарады, мәтіндегі мәліметті өмірмен байланыстырып эссе жазады.

 

 

 

 

Құрманғазы атындағы саз колледжі

_________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

 

 

Сабақ жоспары

Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы

__________________________________________

(сабақтың тақырыбы)

 

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

 

Қызығушылықты ояту

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу, жағымды психологиялық ахуал тудыру

 

Оқу мақсаты және бағалау критерийлері хабарланады.

 

Ұ. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне  жылы сөздері мен лебіздерін білдіреді.

 

 

 

 

Бағалау критерийі:

— берілген мәтін мазмұнын түсініп оқиды

мәтіннен ақпаратты анықтайды

— мәтін бойынша өз көзқарасын білдіреді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабаққа кіріспе

3 мин

Бастапқы стимул тудыру

Ұ.

«Кинометафора» әдісі

«Әлем ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдар. Тесланың түйсігі» тақырыбын ашатын бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаянды көргеннен кейін жетекші сұрақтар арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын (Алаштың ғылым-білім үйрету бағдарламасы ) болжап,  анықтайды.

 

Оқушылар бейнебаян бойынша өткен тақырыпты еске түсіреді.

— Бейнебаяннан қандай ақпарат алдыңыздар?

-Бейнебаяндағы ғалымның ғылымға қосқан қандай үлесі бар?

-Осы ғалым сияқты қазақтың ұлттық ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіздер?

-………

-Олай болса, бүгінгі сабағымызда ұлттық ғылымымыздың іргетасын қалаған Алаш зиялыларының ғылыми еңбектерімен танысамыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.

 

ҚБ: Мадақтау сөздер

Жарайсың! Бәрекелді !

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі. АКТ

 

Түсініп, жауап беріп отырған оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Бейнебаян

https://youtu.be/io6upJSITGo

 

 

Сабақтың ортасы

 

20 мин

 

 

 

 

ТЖ. Тапсырма

Топ үш топшаға бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі.

1-топ. Мәтін

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысыЖангелді ауданы Ақкөл ауылы – 8 желтоқсан 1937Алматы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Оқулық қазіргі қазақ тілі оқулықтарының негізі болып қаланды. «Тіл – құрал» қазақ тіл білімінің тарау-тарау салаларының құрылымын жүйелеп, ғылыми негізін салған зерттеу. Оның тілдік ұғымдарға берген анықтамаларының ғылыми тереңдігі, дәлдігі қазіргі ғылым үшін өте маңызды. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есімсын есіметістікесімдікодағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 1911–1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.

Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И. А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И. И. Хемницердің «Атпен есек», А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С. Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.

Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап, морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін 20 ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Әр топ өздеріне берілген мәтінмен оқып танысады.

 

Дескрипторлар:

-мәтін мазмұнын түсініп оқиды

-мәтіннен ақпаратты анықтайды

-мәтіннен термин сөздерді теріп жазады

Тапсырма бойынша саралау:

«Сүйсіну» әдісі бойынша сыныптағы қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.

Жағымды қоғам қайраткерлерін оқығанда қолданады. Өзіне

ереше ұнайтын қасиеттерін табады, оларды атау не үшін екенін түсіндіреді.

 

Төмен қабілетті оқушыларға қолдау көрсету мақсатында  «Жақын арада даму аймағы» әдісі бойынша жағдай ұймдастырдым.

Жұптық диалог жүргізеді.

 

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

 

 

Нәтиже бойынша саралау:

А.Байтұрсынұлының еңбектеріне ассоциограмма құрастырыңыздар

 

 

 

 

 

 

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/Ахмет_Байтұрсынұлы   https://qazaqtimes.com/article/2766

 

 

 

 

 

 

  2-топ. Мәтін

Мағжан Жұмабаев

Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев шығармашылығы – халықтың рухани қазынасы , әлемдік мәдениеттің байлығы. Мағжан Жұмабайұлының педагогика, әдістеме саласында  да атқарған ғылыми қызметі мол. Ақынның «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» атты ғылыми еңбегін жазады. Өз кезіндегі көрнекті қазақ зиялыларының бірі, белгілі ғалым педагог-публицист М.Жолдыбаев зерттеудің беташарына былай деп жазады: «Заманға дәл кітап шыққанша малданып, одан кейін  салыстырып қарап, бұрынғы жазылғандардың адсқан жерлерін тауып отыруға Мағжан Жұмабаев «Педагогикасы » іздесе  таптырмайтын пайдалы тарихи материал».

Мағжан Жұмабаев өз еңбегінің бағыт – бағдарын былайша аңғартады: « Алдыма бір кітапты қойып алып желе бергенім жоқ. Тәрбие ғылымдарының  пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым  » («Педагогика», Алматы, 1922 ). Ақын осылайша ағынан жарылады, өз еңбегін толық аяқталған, жетілген дүние деуден де аулақ. Солай болса да, бұл зерттеу – еңбек қазақ ғылымында алғашқылардың бірі болып педагогика саласында түрен салған, елең еткізер туынды екені анық.

Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Автор тәрбие саласын былайша жіктейген: «дене тәрбиесі, жан тәрбиесі , ақыл тәрбиесі, сұлулық пен әдеп-құлық тәрбиесі». Расында да, адам баласының кемелденіп, дұрыс тәрбиеленуі үшін, ең алдымен денсаулығының  жақсы болуы шарт. Ол үшін дене тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуының маңызы зор. «Жан тәрбиесі» деген атаудың өзінің мән мағынасы терең. Қазақ баласының тәрбиесіне жоғары мән бере отырып, ақын Абай жолының үрдісімен баланы дәл өзіндей қылып шығару емес, заманына лайық азамат етіп тәрбиелеуді мақсат етуді ұсынады. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жолындағы еңбегі ұшаң-теңіз. «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып келе жатқан соқпақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» -деп жазады ақын.

Қазақ тіліндегі педагогикалық терминдердің жасалуы ақын М.Жұмабаев  еңбектерінен бастау алатыны тарихи шындық. Оның «педагогика» еңбегіне енген «Тіл», «Тілдің адам өміріндегі һәм ұлт өкілдеріндегі ұсталған орны», «Баланың тілі» атты тақырыпшалар көтерілген мәселелердің маңызы бүгінгі күні де өзінің зәуірлігінен айырылған жоқ. М.Жұмабаевтың қазақ баласының тәрбиесіне терең мән бергені, оның психологиялық аспектілеріне ғылыми талдау жасауы халықтық ағартушылық жүйеде қажетіліктерден туындағаны сөзсіз. ХХ ғасыр басындағы зиялы қауымның жоқтың орнын толтыру үшін әртүрлі салада зерттеулер жазуы осының айғағы.

М.Жұмабаевтың  ана тілде оқытудың маңыздылығына мән беуінің  де астары терең. Сондықтан оны оқып – білудің жастар үшін, ұстаздар үшін мәні ерекше.

Дескрипторлар:

 

— берілген мәтін мазмұнын түсініп оқыңыздар

— алаштанушы ғалымдардың еңбектері мен бүгінгі ғылым дамуының байланысы туралы өз көзқарасыңды білдір

«Дауыстап ойлау» әдісі

Қосымша сұрақтар

арқылы тез орындап

отырған оқушыларға

берілетін тапсырма

Оқи отырып ой түю,

ой бөлісу

Оқылым, тындалым

дағдылары қалыптасады

 

Оқи отырып ой түю, ой бөлісу. Оқушыларды дұрыс тындауға ынталандырады. Оқылым, тындалым дағдылары қалыптасады. Ойлау қабілеті дамиды, сөздік қоры молаяды.

қарқын бойынша саралау:

Түсініп оқу стратегиясы жүзеге асады.

Өз ойларын ортаға салып ақпарат алмасады.

Қарқын бойынша саралау

«Еркін әнгіме» әдісі бойынша

«Ұлт тәрбиесі-жан тәрбиесі» тақырыбына мақал-мәтелдерді қатыстыра отырып  шағын әңгіме жазу.

 

 

 

 

 

 

·

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мағжан_Жұмабай

 

https://stan.kz/kazak-adebietinin-zharyk-zhuldyzy-magzh/

 

 

 

 

  3-топ. Мәтін 

       Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов  5 наурыз 1866Қарқаралы уезіСемей облысыДала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937Мәскеу) — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицистғалымаудармашы.

XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.

  • Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.
  • Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.
  • 1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.
  • 191114 жж. Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.

Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыдағы молданың қолына оқуға береді. Бірақ молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысып, оны бітіргеннен кейін, 1879-1886 жж. Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдары Омбыдағы 4 жылдық техникалық училищесін «техник» мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Жоғары оқу орнын ойдағыдай бітірген Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына қайта оралып, ондағы Орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болады. Оның шығармалары Омбыда шығып тұрған «Степной край» газетінде ғана емес, облыстық, аймақтық мерзімді басылымдарға, ғылыми жинақтарға жиі басылып тұрды. 1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Петербургте жарық көрген «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редкаторлық қызмет атқарды. Омбыда қызмет еткен жылдары оның қайраткерлік, педагогтық, ғалымдық, әдебиеттанушылық талантын жан-жақты ашып берді. Әлихан Бөкейхан – қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын жан жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі.

Әлихан Бөкейхан — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.  «Туркестанские ведомости» газетінің бірнеше санында жарияланған. Ә.Бөкейхановтың әйгілі «Қобыланды» жырындағы әйел бейнесі» деп аталған мақаласы белгілі ғалым С.Қасқабасов тарапынан жан-жақты талданып, сол кездегі қазақ фольклористикасы үшін аса маңызды бірнеше мәселе көтерілгенін жеріне жеткізе айтылып: «Бұлар эпостың тарихилығы, «Қобыланды» жырының шығу мезгілі, қазақ фольклорының түрлері, жыршы және оның шеберлігі, қоғамдық ой-санасының жырда көрініс табуы, «Қобыланды» жырындағы әйелдер бейнесі, олардың атқарып отырған идеялық қызметі. Осындай ғылыми мәнді проблемаларды автор сол кездегі әлеуметтік, моральдық мәселелермен ұштастыра қарастырған»,- делінген.

Дескрипторлар

— берілген мәтін мазмұнын түсініп оқыңыздар

-берілген мәліметті өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіздер

мәтіннен ақпаратты анықтап, графикалық органайзерді толтырыңыздар

« Екі жақты күнделік» әдісі

Ғылым салалары Еңбектер
әдебиеттанушы  
этнограф  
публицист  
аудармашы  
ормантану  
 экономика  
мал шаруашылығы  
тарих  

 Тапсырма бойынша саралау:

Түсінуге қиналып отырған оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

-Мәтін бойынша негізгі ақпараттарды түртіп жазу арқылы конспектіле.

-мәтіндегі ақпараттарды анықта.

Нәтиже бойынша саралау:

Қабілеті жоғары оқушыларға «Бес жол өлең» әдісі арқылы

Мәтін бойынша өлең құрау

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдаршам түстері арқылы топтар бірін бірі бағалайды, кері байланыс береді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.soyle.kz/book/view?id=12 https://alash.semeylib.kz/?page_id=41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Ж. Тапсырма

Әдеби тілдік нормаларды тілдік қолданыста пайдалана отырып хат жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РАФТ» әдісі арқылы көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, Алаш арыстарына  хат жазады.

Р-роль-оқушы

А-аудитория-алаш арыстары

Ф-форма-хат

Т-тақырып- ғылымның дамуы

 

Дескрипторлар:

— Алаш зиялыларына хат жазады;

— құрылымын, хатқа тән ерекшелігін сақтайды;

—  көркемдегіш құралдарды орынды қолданады;

 

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

топтық бағалау арқылы үздік хатты анықтау, баға беру

Әр топтан таңдалған 1 хат оқылады, оны сынып «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

 

10 мин.

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

 

Ұ. Қорытынды тапсырма.

«Фишбоун» әдісі. (Қазақстандық ғылымның әлемдік деңгейдегі орны)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

«ҚҚҚ әдісі»

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Кері байланыс

 

 

 

Алаш арыстарына 100-150 сөз шағын эссе жазып келу

 

 

 

 

Тапсырма бойынша саралау:

Берілген әдіс бойынша өздері сұрақ қойып, жауабын топтық жұмыста талқылауға, ой қорытуға белгілі бір қорытындыға келуге жетелейді.

 

Қарқын бойынша саралау

Сұрақтар беріледі.

-ғылымның басты мақсаты не?

-не себепті ұлттық ғылым дамуы төмен?

-ғылым дамуы үшін не істеуіміз керек?

-өз пікіріңді жеткіз

 

 

 

 

 

 

Не қызық болды?

Не қиын болды?

Не құнды болды?

 

 

 

 

 

 

 

ҚБ мұғалімнің бағалауы:

Мұғалім оқушыларды дескрипторлар бойынша бағалайды, сәтті шыққан тұстары және дамытатын тұстары бойынша кері байланыс береді.

 

 

 

ҚБ: «Комментарий» әдісі.

«Керемет!»  «Бәрекелді!»

«Әлі де түзетуге болады.»

«Алдағы уақытта түзетеді деп сенемін»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтер арқылы

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *