Аналитикалық журналистика

Мөлдір Кусаин Бақытбекқызы

Тұран университеті , Журналистика мамандығының 3 курс студенті

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Жадыра Әлміш Талғатқызы

Түйіндеме: Аналитикалық  журналистиканың  қазақ журналистикасында  қалыптасуы  мен  дамуы  XX  ғасырдың  екінші жартысынан  бастау алады. Журналистиканың  әрбір  түрі  нысанды қай жағынан  ашып  көрсетуді  өзі  таңдап,әрқайсысы  оған  өз  тұрғысынан келеді. Аналитикалық  журналистика  өзге  салалардан  аудиториясы,мақсаттық  бағыты  мен  тақырыптық  аясы  бойынша  ерекшеленеді. Бұл аналитикалық  басылымдарды  тек  арнайы  даярландырылған мамандар  оқиды дегенді білдірмейді.

Кілт сөздер: БАҚ, аналитикалық журналистика

Аннотация: Становление и развитие аналитической журналистики в казахстанской журналистике относится ко второй половине ХХ века. Каждый вид журналистики выбирает способ освещения объекта, и каждый подходит к нему со своей точки зрения. Аналитическая журналистика отличается от других сфер своей аудитории, цели и тематического охвата. Это не означает, что аналитические публикации читают только специально обученные специалисты.

Ключевые слова: СМИ, Аналитическая журналистика

Annotation: The formation and development of analytical journalism in Kazakhstani journalism dates back to the second half of the twentieth century. Each type of journalism chooses a way to cover an object, and each approaches it from his own point of view. Analytical journalism differs from other areas in its audience, purpose and thematic coverage. This does not mean that analytical publications are read only by specially trained specialists.

Keywords: The media , analytical journalism

                                         

                                                 Аналитикалық журналистика

Менің таңдап  алған,ізденген тақырыбым ол-аналитикалық  журналистика. Журналист-төртінші  билік  көзі  болып  табылады. Бұл  ұғым  шет  елдерде мойындалған . Ал, Қазақстанда БАҚ  биліктен  кейін  екінші  орында тұрғандай, биліктің  құралына  айналғандай  көрінеді. Қоғамда  сондай түсінік  қалыптасып  кеткен. Ащы  да  болса  шындық. Бірақ, өткір мәселелерді  қорықпай  қозғап, зерттеп,оған билік  өкілдерінің  назарын аударып, елдің  ризашылығына  бөленіп келген, өзіндік айтары, қаламында қуатының  күші  бар  журналистер  де  жоқ  емес. Барлық  журналистердің ішінде  мен  үшін  үлгі  тұтарлық  тұлға, «әділеттілік»  ұстанымымен жүретін, екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейтін  қоғамдағы  экономика  саласынды небір керемет материалдар  ұсынып жүрген Жолдасбек Ақсақалов көпке  танымал.

      «Журналистика» термині француз тілінен енген. Халық арасында  журналист мамандығын ең көне мамандықтардың бірі деп те атайды екен. Бұл сөздің жаны бар деп ойлаймын, себебі Шығыс елдерінде «журналистер» болып – шешендер, жаршылар мен хабаршылар аталған. Олар қазіргі таңдағы сияқты билік пен халық арасындағы алтын көпір іспеттес болған. Сонымен қатар Ежелгі Египеттегі перғауындар сарайында папирустан оралған газеттердің шығып тұрғандығы барлығымызға белгілі. Перғауынның айтқан сөздерін көмекшілері папирусқа жазып отырған. Ежелгі Рим жерінде де саяси қайраткер,жазушы Юлий Цезарьдың айтқандары да жазылып алынған. Америкалық зерттеуші Конрад С.Финк бір сөзінде: «Журналист  аудиторияның екі  түріне жазады:мамандандырылмаған оқырмандар және де мамандандырылған . Ал аудитория үшін журналист ақпаратты жеткізуші индивид: бар ақпаратты сараптап, тазалап, маман емес қарапайым адамға түсінікті терминдерді қолданады. Бұндай мақалалар жалпыға ортақ болуы шарт».  /1,20/  Сол секілді, белгілі бір сферадағы жаңалықтарға қызықпаса да, әлемде болып жатқан оқиғадан хабардар болғысы келетіндердің барын ұмытпаған дұрыс.  Е.И.Мордовскаяның аналитикалық басылымдарға жүргізген зерттеулерінің нәтижесі бойынша өзіндік пирамида бар екенін айтады.Осы пирамиданың ең басында басты «параметр»- адам, яғни оқу аудиториясы. Бүкіл сипаттама жиынтығымен ,басылымдар өзінің аудиториясын қалыптастырады.Дәл аудиториялық белгісі бойынша зерттеу сыныптарын ұсынады.Аналитикалық басылымдардың ішіндегі ең бастысы классификация. Олар екі түрге бөлінеді: мамандандырылған және жалпыға ортақ .Өз кезегінде, мамандандырылған аналитикалық басылымдардың түрлері — жалпы бағыттар мен көп салалы болып табылады.Ақырында, көріну белгілерінің қатарында маңызды рөл ойнатын графикалық безендіру . Аналитикалық  журналдар-әртүрлі тақырыптарда тиісті материалды графикалық безендіру тәсілдері және ұйымдастыру әдістері мәтіндік, иллюстрациялық және жарнамалық ақпарат болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы құрылымынан аналитикалық  журналистика неғұрлым маңызды критерийлермен аудиториялық белгілері БАҚ-да нысаналы мақсаты және пәндік-тақырыптық бағыттылығында. Басқаша айтқанда, басылым аналитикалық бола ма, соған жауап алу қажет «бұл ақпараттық өнім кім үшін құрылады?»,«Осы бұқаралық ақпарат құралы тақырыбының сипаттамасы қандай? қандай ақпараттар бере алады?» және соңында,  «бұл не үшін, қандай мақсатта жасалатын басылым?». /2/

Аудиториялық белгілер. Кез келген аналитикалық басылымның мақсатты аудиториясы-адамдар тобы болып табылады.Аналитикалық журналистика — сапалы баспасөздің негізгі мазмұны болып табылады. Журналист келтірілген фактілерді бір-бірімен мұқият салыстыра отырып, сарапшылар , яғни журналист-аналитиктер «баспасөз жаңалықтарын» түсіндіреді, оған түсініктеме береді және тіпті болашаққа болжам жасауға тырысады. Себебі , келер күннің айқын болуы,ең алдымен Жаратушының , кейін журналистің қолында деп ойлаймын . Адамның ең маңызды мүшесі ол–ми. Бейнелеп айтқанда,аналитикалық журналистика барлық өмірлік маңызды органдардың қызметін үйлестіретін миға ұқсайды. Журналистиканың бұл түрімен айналысатын маманда аналитикалық ойлау қабілеті айқын көрініп қана қоймай, құбылыстардың байланысын анықтап, қабылданатын шешімдерге жауапкершілікпен қарау қабілеті қажет екені түсінікті. Белгілі бір сфера аясында жұмыс жасайтын ғалым өз істерін қалай атқарса,журналист-аналитик те дәл солай оқырманды қоғамдық өмірге бағыттап , оның өмірлік ұстанымын анықтауға тырысады. Ол үшін журналист барлық құбылыстарды оқырманға дәл сол көзқараспен жеткізуге тырысады. Журналистиканың бұл түрімен оқырмандарды қызықтыруы үшін оны болашақпен байланыстыру қажет. Журналист-аналитик өзінің мақсатына жету үшін , ойын жүзеге асыруы үшін не болды?, не істеу керек? , қайсысы зиян?, қайсысы пайдалы? деген сұрақты қойып,оған жауап бере білу керек. /3/

Әрине,ақпараттардың  растығы үшін әртүрлі мамандардың көмегі қажет.Бірақ,кейбір жағдайларда олардың пікірлері аналитикалық шеңберден тыс қалып қойып жатады.

 

Аналитикалық журналистиканың зерттелу аймағы-нақты әлеуметтік құбылыстар, оқиғалар, процесстер, жағдайлар және әлеуметтік дамудың байланысты теориялық және практикалық мәселелері. Мұның бәрін түсіну үшін журналист оқиғалардың пайда болу себептері мен жағдайларын түсіндіріп, белгілі бір жағдайда әрекет ететіндердің жасырын мотивтері мен ниеттерін анықтап, жағдайды дамыту әдіс-тәсілдердің, көзқарастар мен идеялардың дұрыстығын бағалауы керек. Әрине,осындай көлемді материалдарды екі абзацқа ғана жазу мүмкін емес.Себебі,ақпараттық журналистикада факт маңызды болса,аналитикалық журналистикада осы факт арқылы туындаған ой маңызды. Аналитикалық журналистиканың өзінің жанры болады. Осыған түсінік бере кетсем,журналистің аналитикалық жанрды өңдеудің бастапқы сатысында жүйелейтін,топтастыратын,олардың арасындағы байланысты табуды қажет ететін өте ауқымды фактілермен айналысатындығында жатыр. Журналистке, ең алдымен, айналадағы оқиғаларды талдау үшін маңызды фактілерді, негізгі мәселенің түйінді тұстарын анықтап алу қажет. Әрине,оқырманға тек фактілерді ұсынып қана қоймай,қарастырып отырған проблема тұрғысынан суреттеу керек. Ешқандай фактілер өз бетінше қарастырылмайды. Олардың басқалармен қарым-қатынас зерттеп алу керек. Құбылыстар, оқиғалар, процестер саналы түрде қарастырылып, объективті әлеммен ақылдасып алынып, соған қарай бағалануы қажет. Сондықтан журналистика мамандығы өте қиын. Соңғы  уақытта аналитикалық журналистика саласы белсенді дамуда. Жай ғана мысал келтіріп қарастырып көрейік.Ойлап көріңізші , не қызығырақ : «куәгерлерден болған оқиға жайлы сұрап алып , өзіңнің құжаттамаңды ұсынған жақсы ма немесе кез келген мәселе бойынша сарапшылардан сұхбат алып отырған жақсы ма?». Әрине,бірінші нұсқасы қызығырақ. Сонымен қатар аналитикалық журналистика аудиторияның санасынс қалыптастырады. Бұл модельдеуді манипуляция деп те атауға болады, өйткені журналист өзінің материалына белгілі бір реакция тудыруы, іс-әрекеттерді алдын ала болжау және сайып келгенде, жағдайды басқаруға мүмкіндік алады. Сондықтан аналитикалық журналистика тәжірибесіз журналистердің қолындағы өте қауіпті қару болып табылады . /4/

Аналитикалық журналистиканың рөлі бұқаралық ақпарат құралдары қоғам алдындағы белгілі бір міндеттемелерді орындаған жағдайда едәуір артады : ақпарат мазмұнының,дәлдіктің,объективтіліктің және баланстың жоғары кәсіби стандарттарына сәйкес келетін материалдар,зорлық-зомбылықтың , қоғамдық  толқулардың пайда болуына,азшылықтардың қорлауына тікелей немесе жанама түрде ықпал етпеуі керек.Журналист қателесуге құқығы жоқ зерттеуші ғалымға айналады: ол әлемнің болашақ көрінісі үшін жауап береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Kobre S Америка журналистикасының негіздері Greenwood Press, 2017
2.Шкондин М.В Газет журнал типологиясы Вестник Ресей Сер.10   Журналистика 2017.№2.

3. Е.Е. Пронина «Психология журналистского творчества». М., КДУ, 2006
4.Основы медиабизнеса. редакция Елены Вартановой

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *