Қымбатшылық жайлаған заман

Қымбатшылық-адам өмір сүруіне қажетті жасанды ресурстар бағасы деңгейінің жоғарылауы.Бұл термин жалпы қоғамға таныс екені сөзсіз.Осынау адамзаттың өмір сүруінің күрделі кезеңдерді бастан кешіруі қымбатшылықтан туындап отырғаны жасырын емес.Қымбатшылықтың салдарынан күн көріс жағдайы төмендеуі орын алуда.Нарықтағы өсім деңгейі сан алуан күрделі мәселелерге әкеп соқтыруда.Жылан бауырлап келген қымбатшылық қысымы бүркіт тұяғындай бүріп барады.Қымбаттамаған не қалды? Азық-түлік өнімдерінің,киер киімнің,барар жол ақысының, демалу орындарының,жалпы өмір сүрудің өзі-ақшаға келіп тіреледі.Қазіргі таңда үлкен- кішінің бар «арманы»-денсаулық, амандық, демекші ауруға шалдыққан жанның айтар мұңы дәрінің бағасы у-дай,-деп үн қатады.Дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы 7000 теңгеден басталып,ине салғызудың өзі 2000 теңгеден жоғары.Ал еліміздегі азық-түліктің бағасы күн сайын арта түсуде.Халықты қиын кезеңде, қымбатшылық қысып тұр.Сауда және интеграция министрі-Бақыт Сұлтанов қымбатшылық туралы:«Ағымдағы жылдың бес айында тауар бағасы ның өсуі бойынша Түркістан облысы жоғары болып отыр.Онда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы-9,4%-ға,Нұр-Сұлтан қаласында-8,5%, Алматыда 6% болып тұр»,-деген болатын. Ал өз сауалында депутат еліміздегі базарларда азық-түлік бағасының тым шарықтап кеткендігін ескеріп,бұл мәселені тұрақты және жіті бақылауға алу қажеттігін талап еткен еді.Дегенмен,БАҚ өкілдері бағаның бұғаусыз кеткенін жылдар бойы ауызбен айтып,жазып жатса да, оған назар аударып отырған билік жоқ.Кейде жергілікті әкімдерге«Бағаны неге бақыламайсыңдар»деп айтатыны бар.Алайда шындығында бұл істі қолға алып, қадағалап жатқандары мүлде байқалмайды.Ресми мәліметтерге сүйенсек, күнделікті тұтынатын өнімдерден, сұйық май-35,8%,қант-32,8%, дәнді дақылдар-30,7%, картоп-20,8%, жемістер-17,9%, макарон өнімдері-16,9%, жұмыртқа-15% өскен.Бұған не айтамыз? Бағаның қымбаттауына себеп көп. Ең бірінші, бізде ішкі өндіріс тапшы. Сауда орталықтары мен құрылыс компаниялары ғана еркін дамып жатыр. Ауылшаруашылық саласының өнімдері аз. Сондықтан жерде өсірілетін картоп,пияз өнімдері Қырғызстан мен Өзбекстан сынды көрші елден әкелінуде.Сол себепті дүкендерде солардың өнімдері пайда болды.Ал оларға бағаны сатушылардың өзі қойып отыр.Қымбатшылық тек бұл салада емес,басқа да салаларда аспандап тұр.Ескере кететін жайт, жақында ғана Алматы ішкі аймақтарындағы жол ақысы жарты есеге дейін көтерілген.Мысалы Талғар ауданынан тұрақты мекен-жайға жету үшін төлем бағасы бұрын 100 теңгені құраса, қазір 150-ден 200 теңгеге дейін жеткен.Бұл жағдай тұрғындың наразылығын тудыруда. Ал отандық құрылыс материалдары бағасының өсімі биылғы қаңтар-сәуірде 16%-ды құраған. Мысалы Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында бастапқы тұрғын үй бағасы 8%-ға, екінші қайталама тұрғын үй бағасы 13%-ға өскен.Құрылыс материалдары да қымбаттап кеткен.Қажет дүниенің бірі жанармай бағасына тоқталар болсақ, жұртшылық ең көп тұтынатын АИ- 92 жанармайы 185 теңгеден сатылуда.Көліксіз жүре алмайтын халық мұның қалтаға едәуір салмақ салғаның айтып ағынан жарылуда. Үкімет бағаны неге қараусыз қалдырды?Қорыта айтсақ, Бұл жағдай халықтың алқымынан қысып барады .

 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат орта мектебінің 11 сынып оқушысы Дильназ Мухаммедова

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *