«Әке жұмысындағы бір күн»
№29 орта мектебінің 2021-2022 оқу жылындағы мектепішілік ынтымақтастықты нығайту және бала тәрбиесіндегі әке рөлін арттыру мақсатындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сауле Жарқынбекқызы «Әкелер бізде қонақта!» атты іс-шара жоспарын жасады. Жоспар бойынша Қаңтар айында «Әке жұмысындағы бір күн» тақырыбында видео роликер байқауын өткізілді. Байқауға бастауыш сынып арасынан 3 «А» оқушы сынып жетекшісі Бибегуль Рустембекова, сыныптан орта буыннан 7 «Б» оқушы сынып жетекшісі Сымбат Алибекова және жоғарғы сыныптар арасыннан 11 «А» сынып оқушысы Бақтияр сынып жетекшісі Айгерім Төлебаева қатысты. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Оқушылар Әкелерінің бойындағы үлгі-өнеге беретін тәрбиелік мәні зор сөздерін бойларыңа сіңіріп, мамандығымен танысып бейне ролик жасады. Оқушылардың жұмыстарын әлеуметтік желілерге жарияланды. Жеңімпаздар жиналған лүпіл санына қарай анықталып орындармен марапатталды