Ғғ дыбысы мен әріпі «Ғарышқа сапар»

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Кабдыкамитова Әсел Бөкенаевна

Білім беру саласы:Қатынас.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері.

Тақырыбы: Ғғ дыбысы мен әріпі «Ғарышқа сапар»

Мақсаты: Тілдің  дыбыстарын  естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін дауысты, дауыссыз ажыратып, дұрыс  дыбыстау. Жазу жолын, жоларалық  кеңістікті, жолдың  жоғарғы  және төменгі сызығын сақтап, әріп элеменнтерін жазу.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекі  құралдар: Кеспе әріптер мен буындар, жұлдыз, зымыран мен  ғаламшарлардың  суреттері.

Жылулық  шеңбері:Балалар,бізге қонақ апайлар келіпті, амандасып алайық.

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын шашайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздерме?

Тәрбиеші:Балалар,қонақтармен амандасып алдық, енді бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық.

-Қайырлы таң достым(қолдарын екі жаққа жаю).

Қайырлы күн болсын.

Жеті күннің әр күні.

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз (қолдарын кеуделеріне қою).

Кілең бестік болсын (екі бас бармақтарын көрсету)

Жақсы балалар,бүгінгі күндеріңе  сәттілік тілеймін,орындарың отырыңдар.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сол жұмбақтың жауабын табу арқылы топтарға бөлінеміз.

1.Өлшеусіз піштім.

Жіпсіз тіктім  (Жер,сары шар)

2.Қызыл күлше тау асады.

Ыстық буын шашады (Күн,қызыл шар)

  1. Көлде жүзген ақ үйрек

Түнде бар да,күндіз жоқ (Ай,көк)

  1. Күндіз бәрі қашады.

Түнде аспанды басады (Жұлдыз,жасыл)

-Балалар сендер түсінбей жатырсыңдарма жер неге дөнгелек деп,міне көріп тұрсыңдар ғой балалар ғарыштан қарағанда яғни,жер шар тәрізді дөнгелек.

-Балалар оқу қызметімізді бастамас бұрын бейне таспа көріп алайық,бәріміз теледидарға қарайық.

Слайд  «Ғарыш»

Тәрбиеші: Балалар біз қандай бейне таспа көрдік?

Балалар:Ғарыш туралы.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, Аспанда нелер болады?

Балалар:Жұлдыз,ай,күн.

Тәрбиеші:Балалар сендер бейне таспадан қандай сөздер естідіңдер?

Балалар:Ғарышкер,ғарыш,ғалым.

Тәрбиеші: Дыбыс дегеніміз не?

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Әріп дегеніміз не?

Әріптерді қайталау (АТПН) сөз ойлау, буынға бөлу, магнит тақтамен жұмыс.

Жаңа сабақ

Тәрбиеші:Олай болса біздің бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Ғғ дыбысы мен әріпі» «Ғарышқа сапар».

Жұмбақ:

Зымыранмен аспанға ұшады,

Жұлдыздарды зерттейді

Ол кім балалар. (Ғарышкер)

Тәрбиеші:- Балалар ғарышкер туралы біз не білеміз.

Елдос:    Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын.

Мен ғарышкер боламын

Адель:     Бет түзеймін алысқа,

Бағытымнан аумаймын.

Шетсіз-шексіз ғарышқа

Зымыранмен ұшамын.

Тәрбиеші:Ал енді ғарышкер сөзін буынға бөлейік?

Ға – рыш – кер – неше буын?

3 буын, өйткені 3 дауысты дыбыс бар.

Ғарышкер деген сөздегі ең бірінші әрпі ғ әрпімен танысамыз.

Қане айтып көрейікші.

Ғ – дыбысы дауыссыз көк текшемен белгілейміз.

— Ал балалар ғарышкер қайда ұшады.

Тәрбиеші: Қане балалар көзімізді жұмамыз,елестетейік біз ғарышқа ұшып барамыз.

Музыка қосылады.

Тәрбиеші:   Көзімізді ашып қарайық қайда келдік.

Балалар: Ғарышқа.

Тәрбиеші: Не көріп тұрмыз?

Балалар:Жерді.

Тәрбиеші:Ғарышта не болады?

Балалар: Жұлдыздар,ай,күн.

Тәрбиеші: Балалар бұл «Жұлдызды қалашық» деп аталады.Сендерге тапсырмасы бар екен.Не көріп тұрсыңдар балалар?

Балалар:Жұлдыздар ,ай.

Тәрбиеші: Жұлдызды қалашықтың қандай тапсырмасы бар екен қане көрейік.Әр топтан бір баладан шығып тапсырмаларды аламыз.

Алған тапсырмаларымызға дыбыстық талдау жасаймыз.

1.Торғай-

2.Ағаш-

3.Ғарыш-  дыбыстық талдау жасау.

4.Сағат-

Тәрбиеші балалар кезекпен шығамыз тақтаға,егерде қай топ дұрыс орындаса тапсырманы 3 рет шапалақ ұрамыз.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Ұшып – ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Ал балалар Ғ әрпі былай жазылады. (тақтаға жазып көрсету)

Ал енді ауада жазып көрейік

Ал енді біз таяқшалармен Ғ әрпін құрайық.

Сауат ашу дәптерлеріндегі Ғ әрпін ашайық (дәптермен жұмыс)

Үздік сызықтарды қосу.

Қорытындылау.

Тәрбиеші:Жақсы балалар,сендер ғарышқа келдіңдер.Енді мен сендерден сұхбат алғым келіп тұр.

Бүгін біз қайда сапар шектік?

Балалар:Ғарышқа

Тәрбиеші:Ғарышта нелер бар?

Балалар:Ай,жұлдыздар.

Тәрбиеші:Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

Балалар:Ғ дыбысымен.

Тәрбиеші:Ғ дыбысы қандай дыбыс.

Балалар:Дауыссыз дыбыс.

Тәрбиеші:Ендеше балалар,Ғ дан келетін сөз ойлаңдаршы?

Балалар:Ғарышкер,Ғалым,Сағат,ғимарат,тоғай,ағаш.

Тәрбиеші:Ал балалар,қараңдаршы сендер ғ дыбысын айтып отырсыңдар,ғ дыбысы сөздің сөзің соңында кездесті ме?

Балалар:Сөздің басында және ортасында.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше тіл ұстарту жаттығуын жасап бүгінгі оқу қызыметімізді аяқтайық.

ҒА-ҒА-ҒА

АТҚА ТАҚТЫ ТАҒА.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *