Дәрумендермен достасайық

                                                       Алматы  қаласы

Алатау ауданы

№150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші: Оспанова Женисгул Рахымбаевна

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Ортаңғы «Балбөбек» тобы

Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық» «Таным»
«Әлеумет орта»
Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «: «Дәрумендермен достасайық»
Мақсаты: Балаларға дәрумендер және оның денсаулыққа тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, логикалық ой – өрісін тілін дамыту, сөздік қорын молайту.  Баланың шығармашылық қабілетін  арттыру. Жемістер мен көкөністердің пайдасын білуге, түстері мен пішіндерін  ажыратуға  тазалыққа баулу.
Көрнекілігі: көкөністер, жемістердің суреттері, теледидар.
Әдіс – тәсілдері: Әңгімелесу, түсіндіру. Дәрумендер әлеміне саяхат жасау. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер.

Қостілділік компонент: күз-осень,  дәрумендер-витамины,

жемістер-фрукты, көкөніс-овощи, алма-яблоко, шие-вишня,

картоп-картошка, сәбіз-морковь т.б

 

Жылулық шеңбері

Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше, қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік

Күндей жарқырап,

Айдай арайлап.

Судай таза көңілмен,

Бүгінгі күнімізді бастайық!

Тәрбиеші: Балалар, осы жақсы көңіл-күймен бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастаймыз. Бүгінгі жаңа ұйымдастырылған оқу қызметімізде

» дәрумендер мен достасайық » пайдасын білетін боламыз

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Күз мезгілі неше айдан тұрады ?

— Күз айларын атап беріңіздерші?

Қостілділік компонент: Қыркүйек-сентябрь,Қазан -октябрь,

қараша-ноябрь.

Ойын сұрақ: «Көңілді доп»

–  Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Күн суытады ,жаңбыр жауады,жапырақтар сарғайады

Тәрбиеші:Күз  туралы жақсы біледі екенсіздер.

– Балалар, енді біздер дәрумендер  туралы айтып көрейік.

– Дәрумендерді қайдан аламыз?

– Жемістер қайда өседі?

– Ал көкөністер қайда өседі?

. Дәрумендер дегеніміз не?

Орысшасы қалай аталады?

– Дәрумен – Витамин.

– Дұрыс айтасыңдар, адамның дені сау болып, ширақ та, сергек болып жүру үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Адам ағзасына әртүрлі қоректік заттар мен дәрумендер қажет.

.(Слайд арқылы жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсету.)

Күз мезгілінде дәрумендер көп болады.

Дәрумендер  дегеніміз не?

Осы сұраққа жауап алу үшін дәрумендер әлеміне саяхатқа шығамыз ба?
Кәне барлығымыз автобусқа отырайық.

Балалар қақпадан өту үшін біз тапсырмалар орындауымыз керек.

Балалар айтыңдаршы қақпада не бейнеленген?

1 тапсырма:   Жемістер нешеу екен?

-Жемістер екеу

2 –тапсырма:  Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай бар

3-тапсырма: Жемістер мен көкеністері ажырат ?

 Балалар тапсырмаларға дұрыс жауап бердіңдер.

Ғажайып сәт: Дәрумендер әлемінде , дәрумендер әлемінің ханшайымы және дәрумендер жүр.

Сәлеметсіздер ме, балалар, дәрумендер әлеміне  хош келдіңіздер.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, дәрумендер әлемінің ханшайымы  дәрумендер!

Дәрумендер ханшайымы: Менің дәрумендеріммен танысып қойыңыздар.

Альмира

Мен «А» дәруменімін.

Мен асқабақта, өрікте, қызанақта, салатта, сендер күнде ішіп жүрген айранда боламын..

Бойларына күш қуат беремін.

Омар

Ал мен, «В» дәруменімін. Мен балықта, картопта, асбұршақта, жаңғақта, нан өнімдерінде боламын. «В» дәруменін қолданған баланың ішкі құрылыстары,  қан айналымдары күшейіп, жақсы жүгіретін болады.

Серікқызы Айзере

Мен «Д» дәруменімін. Мен жұмыртқада, балықтың майында, сүт тағамдарында, яғни ірімшікте, қаймақта боламын. Мені қолданған баланың сүйегі мықты болады. Қалай иілсеңдер де, сүйектерін мықты болып өседі.

Аймерей

Мен «С» дәруменімін. Мен орамжапырақта, алмада, лимонда, апельсинде, алмұртта боламын. Мені жеп өскен бала мықты, батыр болады. Ешқандай микробтар жоламайды. Балалар, біз сендерге өте қажетпіз. Денсаулықтарың мықты болып өсу үшін бізбен дос болыңдар.
Дәрумендер бәрі бірге айтады: Сендер біз туралы не білесіңдер?

Біздің  балаларда  дәрумендер туралы тақпақ біледі.
Күмісай :

Мен қиярмын, сәндімін.

Салаттардың сәнімін.

Дәруменім мол менің .

Жегенге қуат сыйлаймын!

 

Айару:

Алма, алма дейсің

Алма әкелсем жейсің

Айтпады екен деме

Алманыжумайжеме

-Балалар, алмада D дәруені бар. Ол ағашта өседі. Алманы жуып жеу керек.

 

Айсара:

Шие , шие, шиелер

Қызыл көйлек кие бер.

Күн нүрына жүзіңді.

Сүйгізе бер сүйе бер

. -Балалар шиеде С дәрумені бар. Ол ағашта өседі. Шиені жуып, дәнін алып тастап, жеу керек.

 

Бекнар:

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз

-Балалар сәбізде А дәрумені бар. Ол жерде өседі өседі. Сәбізді жуып, қабығын тазалап жеу керек.

 

Айтуар:

Асханадан шықпаймын

Атым-пияз бұқпаймын

Көзден жасты шығарып ,

Тұмаудан бірақ сақтаймын

 

 

 

 

 

 С. Дінмухаммед:

 Картоп – біздің атамыз,

Жер астында жатамыз.

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

 

Балалар онда біз «Дәрумендермен достасайық» бәріміз бірге бір ойын ойнайық

Ойын: «Дұрыс таңдау жаса»

Ойынның шарты: Бөлмеде алдын ала жасырынып қойылған тағамдар бар. Балалар іздеп тауып, сол тағамдардың ішінде пайдалы, дәруменге бай тағамдарды үстел үстіне қояды, ал зиянды тағамдарды қоқыс шелегіне тастайды.

Дәрумендер  ханшайымы:   Балалар менің  сендерге тапсырмам бар.

Тапсырманың аты «Бөліктерді құрастыр». Балалар, тақтада бір жеміс жасырулы тұр. Ол жеміс екіге бөлінген, сол бөліктердің ішіндегі тапсырмаға жауап берсеңдер, бөлік ашылатын болады. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар бөліктердің қандай жеміс екенін білетін боламыз.

Жұмбақ шешу

. І – ші бөліктегі тапсырма
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз).

 

Аласа талда алуан алма,
Ал қызыл болмай аузыңа салма (Қызанақ).

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде.  (Алма)

Қараңдаршы, балалар, сендер жұмбақты дұрыс шешкен соң жасырылған жемістің бір бөлігі ашылды.

Мақал – мәтел

ІІ – ші бөліктегі тапсырма.
Ақан Дінмухаммед

Ас – адамның арқауы,
Радмир

Дені саудың – жаны сау. .
Ақерке

Тазалық – денсаулық кепілі. .
Айя

Денсаулық – зор байлық. .

 

Жарайсыңдар, балалар! Бұл тапсырманы да тез орындадыңдар.

Ал, қараңдаршы жасырылған жеміс қай жеміс екен?
Алма!

Тәрбиеші:  балалар, алма жемісінде қандай дәрумендер бар?
Алмада «С» дәрумені бар, алманы жесек денсаулығымыз мықты болып, барлық аурулардан аулақ боламыз. Жарайсыңдар.

Алманың пішіні қандай? Дөңгелек. Түсі ше? Жасыл.

Видео: «Дәрумендер мен минералдардың керемет күш қуаты»

Сергіту сәті. Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болу үшін дәрумендерді қабылдаумен бірге дене қозғалысына мән беруді естен шығармауымыз керек. Қане барлығымыз денемізді қыздырып, сергіту жаттығуымызды жасайық.Сергіту сәті:

Дәрумендер – тірегің,

Жемістерден аласын

Жетіспесе бірі оның,

Ауырып сен қаласың.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Барлығыңда ақылды екенсіңдер.

Енді дәрумендерге өз шеберлігімізді көрсетейік.
Еңбек : балалар  алмұртқа жіңішке таяқшаларды тыға отырып кірпі жасайды. Алдын ала жіңішке таяқшаны  дайындап қою керек. Сол дайын таяқшаны балалар ретімен алмұртқа қыстырып шығады. Үлгіде көрсетілгендей етіп жасайды.

Балалар жасаған жұмыстарын бірнешеуін  күз ханшайымына сыйға ұсынады.

Дәрумен ханшайымы балаларға сыйлығын таратып береді
Дәрумендер ханшайымы: Дәрумендерім енді сендер балалармен бірге,боласыңдар   балалардың денсаулығы мықты,   жақсы өсу үшін.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі:

Қорытындылау: Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.

– Балалар, дәрумендер дегеніміз не екен?

– Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі сіздерге ұнады ма?

Балалар  біз саяхатқа қайда бардық?
 «Дәрумендер әлемінде»  қандай  дәрумендерді көрдік?

   Алмұрттан не жасадық?

Күтілетін нәтиже:

Меңгереді: Дәрмендердің адам ағзасына қажеттігін меңгереді.

Біледі: Жеміс-жидектің, көкөністердің денсаулыққа пайдасы туралы

Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін біледі.

Игереді: Сұраққа толық жауап беруді, қайталап есте сақтауды игереді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *