Денсаулық әлеміне саяхат

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№150 бөбекжай балабақшасы

Тәрбиеші:Сәтбай Айжан Бекболатқызы.

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:

Білім беру саласы: Денсаулық
Оқу қызметі: Дене шынықтыру
Тақырыбы: «Денсаулық әлеміне саяхат»
Мақсаты: Балаларға қатармен жүруді бірінің артынан бірі қалмай жүріп жаттығуларды жасауды үйрету.Қолға арналған массаждың жасалу жолдарымен таныстыру,және оның пайдасы туралы түсінік беру.Балаларды ептілікке жылдамдыққа,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу. Балаларға спорттық мереке арқылы ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, шапшаңдыққа, батылдыққа баулу.

Шаттық шеңбер:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Шынығамыз таңертең

Ел қорғаймыз біз ертең

Тәрбиеші:  Балалар бүгін бізде ерекше күн, бізге бүгін көп апайлар келді қонаққа қане бәріміз амандасайықшы апайлармен

Сәлеметсіздер ме?

Балалар қанеки бәріміз ендеше қатарға тұра қалайық,анау алыстағы денсаулық әлеміне  аттанайық.Ол үшін біз денемізді қыздырып алайық.Біраз жаттығлар жасайық

Аяқтың ұшымен, қолымызды жоғары көтеріп жүреміз.

Өкшемен жүреміз, қолды белге қойып.

Қолды қайшылап жүру.

Тізені ұстап жартылай еңкейіп жүру.

Тәрбиеші: — Ой балалар  біз  «Денсаулық әлеміне» жетіп қалған сияқтымыз қане бері жақындаңдаршы,мына жерден өтеміз ары қарай массажды жолдармен жүреміз.Балалар массаж жолдармен жүреді. Жүріп келе жатқанда алдыларынан бір үй шығады.

Тәрбиеші: — Ой балалар мына үйде кім тұрады екен қарайықшы,түк-түк үйден аю шығады.

Аю: — Сәлеметсіздер ме балалар,сендер қайда бара жатсыңдар. Кішкене аялдап демалыңдар.Мына орындықтарға отырып,бәріміз тыныс алу жаттығуларын жасап жіберейік.Алдымен қолдарымызға массаж жасайық.Аю түсіндіріп өтеді.Тыныс алу жаттығулары.

Түтікшемен қауырсынды үрлеу.

Қолдарына бір – бірден гүл ұстап иіскеу.

Столдың үстіне балауыз шамдарды жағып қою, балалар үрлеп өшіреді.

Аю: — Ой балалар сендер менің тапсырмаларды керемет орындадыңдар,рахмет үлкен сендерге сау болыңыздар,жолдарың болсын. Балалар қоштасып ары қарай жолға шығады. Массажды жолдармен келе жатады.Алдыларынан қоян секіріп шығады.

Ой балалар,сәлеметсіңдер ме,сендер қайда бара жатырсыңдар.

Тәрбиеші: — Қоян біз денсаулық елін аралап келе жатырмыз.

Қоян: —  Аа ондай болса кішкене аялдаңдар бәріміз қимылды жаттығулар жасап жіберейік бірге.

Қимылды жаттығулар.

Құрсаулардың үстінен кезекпен секіру.

Гимнастикалық орындықтарды үстімен тартылу,кезекпен.

Қоян: — Балалар мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр,бәріміз бір ойын ойнап жіберейікші.

Ойын: «Көғалдағы көжектер».

Қоян ойынның шарты түсіндіріп өтеді.

Тәрбиеші:  Қоян саған үлкен рахмет,балалардың көңілін бір көтеріп тастадың. Ендеше біз кеттік.Балалар массажды жолмен ары қарай кетеді.Келе жатып Денсаулық әлемінің мұғалімі Бақыт апаймен кездеседі.

Бақыт апай: Сәлеметсіңдерме балалар? қалдарың қалай?Денсаулық әлеміне қош келдіңдер!

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе апай? Сізді көргенімізге қуаныштымыз!

Бақыт апай: Алыс жолдан шаршаған боларсыңдар.Тыныс алу жаттығуларын бірге жасай отырып би билейік.

Тыныс алу жаттығуы:
«Флешмоб» Буги – Буги

Тәрбиеші: Біздің балалардың тақпағын тыңдайық.

Нұрислам

Денсаулық ол-шыныққан,

Барлық дене мүшесі.

Денсаулық ол-тыныққан,

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Т.Зере

Денсаулық ол-күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық ол-жүруің,

Ешбір жерің ауырмай

 

Рабиға

Спорт сенің серігің

Жанға дауа, қолға күш

Серігетін адамды

Қимыл менен қозғалыс

Тәрбиеші:Жарайсыңда балалар. Ал енді Бақыт апаймен бірге ойын ойнайық.

Ойын: Түрлі түсті жалаушалар!

Фатима

Сәби шақтан бастап біз,

Шынығуды сүйеміз.

Ашық күнмен қоштасып,

Жалаң аяқ жүреміз.

 

Хансұлтан

Қыста,жазда әрдайым,

Ауырмаймыз бәріміз.

Шынықтыру жасап біз,

Мықты болып өсеміз.

 

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі ашық оқу қызметі сендерге ұнадыма?Біз жолда кімдерді кездестірдік? Қандай жаттығулар жасадық? Қандай ойындар ойнадық?Балалар қәзіргі көңіл күйлерің қалай?Ал ендеше балалар апайлармен қоштасып поездға мініп өз тобымызға қайтайық!

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Қорытынды:

Нені біледі: Жаттығуларды орындау.
Қандай түсініктерді игереді: шапшаңдық, ептілік, ұйымшылдық
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жетекшінің нұсқауы мен негізгі іс — әрекетті меңгереді.

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *