Анашым

Алматы қаласы, Алатау ауданы, №150 бөбекжай балабақшасы

Музыка жетекшісі:Тулеубаева Мөлдір Канатовна

Әсем безендірілген залда  «Анашым» әні баяу естіліп тұрады. Қыздар қолдарынан  Жүрекше ұстап  кіреді де, әуенің ыргағымен билеп жүрекшені Үлкен жүреке  орналастырады. Ұлдар  гүл шоғын алып шығып қыздар-ай әнің орындап  гүлді қыздарға сыйлап  қыздарды жайғастырады.

Шуақты көктем келді гүлін алып

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар

Ана деп бас иеді күллі халық.

 Армысыздар, қасиетті аналар!

Қош, келдіңіздер!  Құрметті Ақ жаулықты әжелер  , қызғалдақ қыздар, ұлағатты тәрбиешілер! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Ана деген тіршіліктің тірегі !» атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Ересек   «Балапан»  тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Альтайр  Армысыздар ақ тілекті әжелер,

Ертегімен өмірімді әсемдер.

Мерекеңмен аялаған аналар,

Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.

Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,

Дарын боп өнерменен қарулан.                                                                                            Ару ана өмірдің асылдары,                                                                            Жайнаған көңілімнің жасыл бағы                                                                            Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй                                                                               Сіздер үшін мереке шашулары

 

Д  Айсултан  Армысың мейірімді аналарым,                                                                      Мейірбан ашық көңіл даналарым,                                                                           Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,                                                                  Құттықтайды сіздерді балаларың                                                                               Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Бәрімізге осынау өмірді, әлемнің жарығын сыйлаған кім?

Балалар:    Ол-Ана!

Дүниедегі ең қымбат кім?

Балалар:    Ол әрине анамыз!

Дүниедегі ең  тәтті не?

Балалар: Ол – ананың сүті.

Дүниедегі ең жұмсақ не?

Балалар: Ол – ананың алақаны!

Олай болса бізге осыншама  қымбат нәрселерді  сыйлаған аналарымызға гүл сыйлайық. Балалар ол гүлдерді қайдан алсақ екен?

Осы кезде музыка әуенімен Қызыл телпек кіреді.

Қызыл телпек:

Сәлеметсіз бе? Мен  қайда келдім?

Жүргізуші;

Сәлеметсіз бе!  Балалар, бұл кім, сендер таныдыңдар ма?

Балалар: Қызыл телпек

Жүргізуші ;

Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл сол ертегідегі Қызыл телпектің дәл өзі ғой. Қызыл телпек сен бізге қалай келдің?

Қызыл телпек:

Мен орманда әжемнің мерекесіне гүл шоғын сыйлаймын деп  көп  гүлдер іздеп адасып кеттім.

Жүргізуші ;

Ендеше Қызыл телпекті ренжітпей оған көмектесейік. Солай ма балалар?

Балалар: Ия, көмектесейік.

Қызыл телпек:

Олай болса балалар барлығымыз сол әдемі гүл шоқтарын бірге іздейік, сендер келісесіңдер ме?

Жүргізуші ;

Әрине аналар мерекесінде аналарға  гүл сыйлауға біздің балалар дайын. Гүлді табу үшін өнерден шашу шашсақ гүл шоқтары тез табылып қалар. Ал біздің  балалардың мерекеге арнап дайындаған өнерлерін тамашалайық.

 

 

 

Дана  Анашым менің анашым

Мәпелеп    мені өсірген сен едің.

Мейірімің  қандай  керемет !

Анашым менің анашым

Анашым аяулы адам сен едің,

Серігі болған біздердің.

Түн үйқысын төрт бөлген

Қамқоршы менің анашым

Анашым асыл адам сен едің,

Біздерді бесігіңмен тербедің

Аялаған біздерді

Ардақты анашым сен едің

 

«Ана»  автор   Тұманбай Молдағалиев

 

Альбина Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

 

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ..

 

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,

Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

 

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

 

 

 

 «Ардақты ана» авторы  Әнуарбек  Дүйсенбиев

Ардақты ана ,Аяулы ана, қымбаттым,          Мадина                                                     Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.                                                                       Өміріме нәрін берді ақ сүтің,                                                                                                  Кең  құшағын –аясындай   гүл бақтың

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,                                                                                       Махаббатың жүрегімде жүр менің.                                                                                  Күн нұрындай —жадырай бір күлгенің,                                                                      Қандай жақсы ортамызда жүргенің!

Ержеткізіп,елге берген баласын,                                                       Ақылдысын,ардақтысың, данасың.                                                                      Қарайтыным қас—қабағың бір сенің,                                                                 Қайратыңнан қайта көрме,анашым.

 

« Ана, сен бақыттысың»       Автор Мұқағали Мақатаев

Нурайша Ана Сен бақыттысың,   Жыламағың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,

Байырғы берекеңді қашырмағың.

 

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. (Тәңірім кеше көрсін кесірімді)

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жан анама     авторы Берикболава Гулзат

Әдемі   Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам.

Айымсың ғой жарық қылар түнімді,

Жұлдызымсың сәнді еткен көгімді.

Бір Алладан саулығыңды тілеумен

Атқызамын әрбір ғажап күнімді.

Қымбат жансың, мен үшін ең асылсың!

Аллам сенен жамандықты қашырсын.

Әкемменен мәңгі шалқып бақытқа

Жастарыңды жүзден дағы асырсын!

Тілегімнің бастауы да бір өзің,

Мейiрiмге толы мынау нұр жүзің.

Сен жанымда болған кезде әр сәтім

Жаздай жайлы қысым менен сұр күзім.

Бақытымсың, жаным анам, жан анам,

Мен өзiңдi періштеге балағам.

Ауырмашы, қартаймашы ешқашан.

Мақсатыңа жетші әр кез қалаған.

Өзіңсің ғой өмірімнің тірегі.

Аман жүрсең — маған сол гой керегі.

Бақытты бол, ауырма деп тілейді

Сәбиiңнiң жұдырықтай жүрегі!

 

Авторы Қадыр Мырза Әлі – «Ана»            

Султана  Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

 

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

 

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

 

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашан да үміт күтеді.

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.

 

Илья  К маме тихо подойду,Маму крепко обниму,                                                        С праздником ее поздравлю, И спасибо ей скажу!                                              За ее тепло и ласку, За ее ночную сказку,                                                                      С 8 Марта мамочка, Ты же моя лапочка!

 

Авторы  Жұмекен Нәжімеденов – «Ана»

Нурай  Бесікте – Ана, бесікте – бөбек:

Бірі тербеледі, бірі тербетеді.

Бал-бөбек былдыр, өсіп те келеді,

Анаға жалғыз, сол жетеді.

 

 

Ана, Ана, қайран, ана!

Тербейді Ана әлемдегі күлкіні,

Нұр себеді аналардың кірпігі

өліге де ояуға,

Ана дайын біреу үшін жылауға,

біреу үшін аяуға.

 

 

Тербейді Ана қуанышты, бақытты,

тербейді Ана – тебіренеді жаны шын.

Тербейді Ана уақытты;

Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.

 

 

Тербейді Ана бөбегін,

Сол арқылы тербетеді өз елін,

Құмын, тауын, өзенін.

Тербейді Ана көлеңкені, шуақты –

Планетаның алақаны сияқты…

 

Жүргізуші Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай, — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне _ « Аяулы Анашым» әнімен балаларымызды  сахна төріне шақырамың.

Жүргізуші ;

Ал балалар сендер біраз өнерлеріңді көрсеттіңдер, Қызыл телпекте біраз еңбектенді, бірақ гүл шоқтары табылар емес.

Қызыл телпек:
-Енді қайтсек екен? Онда мен құр тұрмай қоян досымнан гүл сұрап келейін.

Қызыл телпек шығып кетеді.

Осы кезде есік қағылып, ішке Қызыл телпектің әжесі кіреді.

Әже:     -Амансыңдар ма, балаларым! Сендер менің немерем Қызыл телпекті көрмедіңдер ме?

Балалар: Сәлеметсіз бе?

Жүргізуші ;

-Сәлеметсіз бе,  әже! Сіздің немереңіз  Қызыл Телпек біздің балалармен бірге жүр. Ол сіздің мерекеңізге арнап гүл шоқтарын іздеймін деп адасып, біздің балаларға жолықты.

Әже:

-Е-е-е, енді түсінікті болды. Сырттан бақылап, естіп тұрдым. Жақсы балалар екенсіңдер,менің немеремді сендердің орталарыңда көргеніме қуаныштымын. Ал мені қандай өнерлеріңмен қуантасыңдар, балалар?

 

Жүргізуші ;

Әже біздің балалар өте өнерлі.

Біздің балалар аналарға арнаған көптеген әндерін айтып, өлеңдерін оқиды. Енді ортамызда отырған әжелерімізге және сізге арнап әже туралы ән шумақтарын айтып берсін.

 

Рабия Әлпештеген, аялаған,

Ардағым деп, апатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мерекенмен құттықтаймын.

Көкірегіңді жастанып ап,

Талдырушы ем қолыңды мен,

Деген сөзің «қалқам, шырақ»,

Кетер емес көңілімнен.

«Көңіл хошым, көз нұрым» деп,

Қолым қақпай еркелеттің.

«Жаман болсаң сен – сорым» деп,

Жақсылыққа тағы үйреттің.

Тәттің болса таңдайыма

Тосушы едін, өзің татпай.

Қиындықтың қандайына

Төзуші едің, кірпік қақпай

Кір шалдырмай кекілімді,

Жуушы едің, тарап күнде.

«Құлыным» деп сүйіп мені,

Басушы едің жүрегіне.

 

 

Б Айсултан Әжем менің ақ әжем,
Ешкімде жоқ әжем.
Ертегі айтып береді,
Маған да сол керегі.

Дария Әжемді жақсы көремін,
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.

Мариям Тәттілерін сақтайды,
Мариямыма берем деп.
Мен тілеймін әрқашан,
Әжем аман болсын деп.

 

Аяна :    Тосып тәтті дәмдерін,

Ол бар жерде бал жедім.

Мен ұйықтарда айтады

Ертегісін,әндерін.

Біздің үйде осындай

Әжетайым бар менің

 

Мустафа  Ана біздің күніміз
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

 

Жүргізуші Қайырымды, қасиетті. Ең ардақты ақ әжем.

Әрбір сөзі өсиетті. Баға жетпес ақ әжем.

Келесі әніміз  сіздерге арналады.

 

Әже Ой, балалар сендерге көп-көп рахмет!

Қызыл Телпек: Әжетайым , сізді мен гүл шоқтарымен қуантқым келген бірақ мына балалармен  іздеп, әлі таппадық.Қоянда да гүл жоқ екен.

Осы кезде әдемі әуен  естіліп, ішке Көктем келеді.

Көктем:

Сәлем, сәлем балақайлар,

Әзиз әже назды апайлар.

Мен шуақты ала келдім,

Қуаныңдар алақайлап,

Жерге кілем жаба келдім,

Құстар әнін ала келдім.

Жан бітіріп табиғатқа

Әсем әнді сала келдім.

Әп-әдемі шоқ  гүлдерді,

Даладан мен жинай келдім.

 

 

 

Жүргізуші:- Жасыл көктем, сен көктем.

Гүлді гүлмен өрнекпен.

Ел бақытты, мейірлі,

Балалары әндеткен.

Төрлет көктем жоғары.

Ару көктем, қошкелдің, төргешық

 

Қызыл Телпек:

-Ой, балалар қараңдаршы қандай керемет гүлдер! Ал мен болсам осындай гүлдерді іздеген болатынмын.-деп мұңайып қалады.

Жүргізуші ;

Сен мұңайма, Қызыл Телпек, бұл көктем гүлдері. Ал көктем гүлдерін ең алғаш көктем береді, олай  болса біздер сол әдемі гүлдерді көктемнен сұрайық. Көктем сен біздің балаларға және Қызыл Телпекке әдемі гүл шоқтарын бересің бе?

Көктем:

-Әрине беремін. Қызыл Телпек мына гүлдерден сенде ала ғой.

(Қызыл телпек те қуанып, гүлді алады. Әжесіне сыйлайды.)

Қызыл телпек:

Ой балалар мен қуанып тұрмын. Осы гүл шоқтарын мен ұзақ іздедім. Сол гүлдерді бізге Көктем ала  келді.  Ендеше бәріміз  Көктемге алғысымыз ретінде ән айтып берейік.

Ән: «Көктем келді»

Жүргізуші:

Ару көктем,  Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз.

 

Інжу Балалар — ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Қос білекті сыбанып,

Жүгірейік қуанып.

 

Даяна Қыр басына шығайық,

Көктем тілін ұғайық.

Қызғалдақты терейік,

Теріп үйге келейік.

 

Раяна Көбелектей киінген,

Гүлді көріп сүйінген,

Алақайлап жүгірген,

Қып – қызыл бет – бүлдірген,

 

 

Амир Қарындасқа қаршадай,

Жас балапан аршадай,

Гүлдің шоғын берейік,

Қуанғанын көрейік.

 

Айша Қолына алып күлімдеп,

Көктем сыйы бұл гүл деп,

Гүлдендірсін үй ішін,

Жұтсын жұпар иісін.

 

Көктем:

-Ал, балалар, сендер өз әжелеріңді, аналарыңды қуанттыңдар. Менің енді басқа да баратын жерлерім бар, сендер сияқты басқа балаларға да көмектесейін.

Әже: Ал балалар мен немеремді таптым, сендерге көп-көп рахмет біздерде жүрейік. Мерекеге арнап бәліштер пісірейін мен енді немере қызымды қуантайын.

Көктем, Қызыл ТелпекӘже қоштасып шығып кетеді.

 

Жүргізуші

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерлерін жолдайтын _-«Балапан» тобында  баласы бар деп. Ананың ғұмырынан музыкалық  көрініс.

 

Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Асыл аналар! Мінекей сіздердің  әлпештеп аялап отырған балапандарыңыз болашақта осындай беделді азаматтар болатынына біз сенеміз. Әлемнің бастауы мен таусылмайтын қазынасы өздеріңіз. Мәпелеп отырған балапандарымыз  әрдайым аман болып тек қуанта берсің     Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға …

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *