Қазақтың ұлттық ойындары

 

 

Мектептің атауы:

 

«Б.Майлин атындағы орта мектеп- бақша»КММ-сі  
Мұғалімнің  аты жөні: Болекбаев  Серикжан  Турсынбекович

 

 
СЫНЫП:  6-сынып Қатыспағандар:  
Сабақтың тақырыбы Қазақтың ұлттық ойындары  
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары Шағын диапазонда спорттық – спецификалық қозғалыс әрекеттерінде дәлдік, бақылау және маневр жасау үшін қозғалыс дағдыларын білу және түсіну.  
 

Сабақ  мақсаты

 
Ұлттық ойын түрлерімен таныстыру және оның түрлеріне арналған жаттығулар.
Лақтыру,икемділік , жылдамдық  дағдыларын дамыту
 
Оқушылардың көзінің ұшқырлығы және нысананы дәлдеу.

Нысананы көздеу.

 
Ұлттық ойын түрлерін ажырата білуге үйрету.  
   
Бағалау критериі Қол-аяқты сызық денгейде тұрса

Қол-аяқтың дұрыс қимыл жасаса

Көру қабілетін жақсарту мақсатында  допты әр түрлі қашықтыққа лақтырса

Жаттығулармен бірге қолдана аласа

Өздерінің және өзгелердің орындаған жаттығуларын бағалайды, дамыту үшін ақыл кеңес берсе

 
Сабақтың тілдік мақсаты

 

 

 
Негізгі сөздер мен фразалар:  
Бұның ішінде :

·      Ептілік,  жүгіру, тоқтау

·      Демалу.

·      Нысана

·      сызықты баспау

·      жалауша

·

   
 
 
 Құндылықтар  Сабақ  барысында бір-біріне деген құрмет көрсетуі және ынтымақтастық артады.
Пәнаралық байланыс Сабақ барысында қозғалыс кезінде кететін күш — қуат физика пәнімен,дұрыс тыныс алу және қалыпқа келу биология пәнімен байланысты.
Алдыңғы білім  Дене жаттығулары
Жоспар
Жоспарланған уақыт 40 минут Дереккөздер
0 -7минут

 

 

 

 

 

 

 

 

8-15

минут

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату.Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу үшін

әМиға шабуыл »сұрақтары қойылады:

1.      Бүгінгі сабақ қандай тақырыпта өрбиді деп ойлайсыздар?

2.      Ұлттық ойынның  қандай  түрлерін білесіңдер

3.      Спорттық ойын түрлерін атап беріңіз.

4.Спорттың адам денсаулығына тигізер пайдасы барма.

Оқушылардың жауабы тыңдалып сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.

Сергіту сәті.«Кім жылдам» ойыны. Мақсаты: Балаларды шапшаң дербес қимыл әрекетке үйрету, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Ойын мазмұны:  Ойынға қатысушылардың барлығы екі топқа бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы отыру тиіс. Ортаға кішкене доп орналастырылады, ысқырықтың даусы шығарылғанда қатыушылар жылдам алу керек. (4-минут).

Жалпы дамыту жаттығулары:

1. Бір орында: Оңға,солға,кері бұрылу.

2.Жүру:Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру.Жартылай отырып, толық отырып  жүру.

3.Жүгіру: Еркін жүгіру, тізені көтеріп жүгіру,аяқты артқа сермеп жүгіру. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау. Бір орында жалпы дене шынықтыру жаттығуларын орындау.

Ысқырық, секундомер

 

 

 

Ортасы

16-36

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.Сабақтың тақырыбын түсіндіру,Қазақтың  ұлттық ойындары.

Мұғалім : Ұлттық ойын түрінің  бір түрі-  Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады.

Топтық жұмыс. Оқушыларды «Молекулалар»  әдісі бойынша 2 топқа бөлеміз. Екі топ өзара  екі  ұлттық ойын түрін көрсетеді.

1-топқа.  «Аударыспақ» ойыны

2-топқа.тапсырылады. «Жаяу тартыс» ойыны.

Оқушылар топтық жұмыста белсенділік танытқан топтар бір-бірін  «Басбармақ» әдісімен бағалайды.

Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.

 

Ойын кезеңін бағалау

 

1.Топтардың белсенділігін бақылау.

2.Оқушылардың белсенділігі.

3.Қимыл-қозғалыс қимылдарының орындалуын бақылау.

 

 

 

 

Буклет «Ұлттық ойындар»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім түсіндіріп айтып өтеді.

 

 

 

Соңы

37- 40

 

 

Рефлексия. Не білдің?

Нені үйрендің?

Нені білгің келеді? сұрақтарына жауап  береді.

Не білдің?

Нені үйрендің?

Нені білгің келеді?

 

«Еркін микрофон»

әдісі (арқылы оқушылар өз ойларын айтады.)

 

7. Уйге тапсырма беру.
 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *