Қағаз ақша
Педагогтың аты — жөні | Шпекбаева Раушан Кажымукановна | |
Күні: | ||
Сынып:3-А | Қатысушылар саны | Қатыспағандар саны |
Сабақтың тақырыбы: | Қағаз ақша. | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 3.1.3.6. 1000,2000,5000, теңгелік ақшаларды ажырту және түрліше төлем жасау. | |
Сабақтың мақсаты: | Барлығы:Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындайды.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы
7 мин
Сабақтың ортасы
27 мин
Сабақтың соңы 6 мин
|
Ұ.(М.К) Жылулық шеңбері.
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Балалар сабақты бастамас бұрын, бір-бірімізге сәттілік тілейік . Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Оқушыларды суреттер арқылы 3 топқа бөлу.
Топқа бірігу. Өзен атаулары арқылы топқа біріктіру. «Есіл», «Жайық», «Ертіс» топтары. Картамен жұмыс. Есіл-Астана қаласы осы өзеннің бойында орналасқан. Ертіс-Қазақстандағы ең ірі өзен. Жайық –Батыс Қазақстандағы ұзын өзен
Өткенді қайталау. Ұжымдық жұмыс . «Сандармен сырласайық» 111 санын екі есе артыр 468 санын 4 есе кеміт 100 санын 135 санына аттыр Көбейту мен бөлудің компонеттерін ата. Дескриптор: Тапсырманы орындайды Теңдігін айтады. ҚБ: «Графикалық бағалау» Жаңа сабақ Таныстыру. «Ұлттық валюта»
-Қағаз ақшалардың қайсылары саған таныс? -Мынау неше теңгелік қағаз ақша? -Таныс емес ақша бар ма? №1. Жеке жұмыс. «Балық аулау» әдісі. Әр топтан екі оқушыдан шақырып, қармақпен балық аулатамын. Қармаққа ілінген ақшаның неше теңгелік екенін атайды.
Қармаққа ілінген қағаз ақшаларды таниды, неше теңгелік екендігін айтады. Дескриптор: 1.Қармаққа ілінген қағаз ақшаны таниды. 2. Қағаз ақшаның неше теңгелік екенін атайды. ҚБ. «Қор жинау» әдісі бойынша 200 теңгелік қағаз ақшамен бағалау.
№2. Топтық жұмыс. «Сәйкестендіру» әдісі. І топ орындайды. Критерий: 2000 теңгелік, 5000 теңгелік қағаз ақшаларды ұсақтайды. Дескриптор: 1. 2000 теңгелік қағаз ақшаны ұсақтайды. 2. 5000 теңгелік қағаз ақшаны ұсақтайды. 3. Тағы қалай ұсақтауға болатынын көрсетеді. ҚБ. «Қор жинау» әдісі бойынша 500 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау. №3. Топтық жұмыс.«Топтастыру» әдісі. ІІ, ІІІ топтар орындайды.
Критерий: Көрсетілген соманы әр түрлі тәсілмен жинайды. ІІ топқа дескрипторлар: 1. 9000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды. 2. 700 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды. ІІІ тоқа дескрипторлар: 1. 6000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды. 2. 1000 теңгені әр түрлі тәсілмен жинайды. ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 500 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.
№4. Ұжымдық жұмыс. «Бәйге» ойыны.Есептің сұрағына жауап беру үшін саған мәліметтердің қайсысы қажет болғанын анықтап, оны шығар. Есіл өзенінде теплоходпен серуендеуге 9 турист келді. Олар ересек адамдарға арналған 1000 теңгелік 3 билет және балаларға арналған 500 теңгелік 6 билет сатып алды. Олар билетке барлығы неше теңге төледі?
1000*3+500*6=3000+3000=6000(тг) Критерий: Есеп мазмұнын түсініп, маңызды мәліметтерді тауып, есепті шығарады. Дескрипторлар: 1. Есеп мазмұнын түсінеді. 2. Маңызды мәліметтерді таба біледі. 3. Есептің жауабын дұрыс табады. ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 1000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.
Сергіту сәті. «Дүкенде» ойыны. Топтар өздері жинаған қағаз ақшаларына дүкеннен қажетті заттарын сатып алады. №5. Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, топтас». Әр топқа бір өрнек беремін.
Критерий: Өрнектер мен суреттерді қолданып, есептер құрастырады. Дескрипторлар: 1. Өрнектегі сандарға сәйкес заттардың бағаларын суреттен табады. 2. Өрнектер мен суреттер арқылы есептер құрастырады. ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 2000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау. №7. Жұптық жұмыс. «Социограмма» әдісі. Критерий: Амалдардың орындалу ретін анықтап, өрнектердің мәнін тауып, нәтижелерін өсу ретімен жазады. Дескрипторлар: 1. Амалдардың орындалу ретін анықтайды. 2. Өрнектің мәнін табады. 3. Шыққан нәтижені кему ретімен жазады. ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша 5000 теңгелік қағаз ақшалармен бағалау.
Үйге тапсырма: №7. Теңдеулерді шешу. Бағалау: ҚБ. « Қор жинау» әдісі бойынша топ басшылары топта жинаған қағаз ақшаларын есептеп, оған кімдер үлес қосқанын айтады. Өзара бағалау. «Бағдаршам» әдісі. Топтар бірін-бірі бағалайды.
Қызыл түс – түсінген жоқпын; Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар; Жасылтүс – барлығы түсінікті.
Кері байланыс:«Ламинаттағы белгі» әдісі бойынша ламинатталған ақ қағазға бүгінгі сабақ түсінікті болған болса, «+», түсінбеген жері болса, «-« белгісін жазып, көрсетеді. |
Оқушылар жылулық шеңберінде тұрып өлең жолдарын қайталайды.
Суреттер арқылы 3-топқа бөлінеді.
Оқушылар өткен тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар берілген суретті сөйлетіп тақырыбын ашады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп өзара бір-бірімен байланыстырады.
Топтар арасында бағалау жүргізіледі.
Сабаққа кері байланыс көрсетіледі. |
Оқушыларды қол шапалақтау арқылы бағалау.
Графикалық бағалау
Мадақтау
Мадақтау
|
Суреттер
Графикалық бағалау
15 қараша — Ұлттық валюта күні — YouTube
АКТ
АКТ
АКТ
|