Көліктер

 

Тобы : МАД «Архар»
Білім беру саласы: Таным
Оқу пәні: Құрастыру         
Тақырыбы: «Көліктер»
ҰОҚ мақсаты: Құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін(Алдыңғы бөлігі, асты, дөңгелегі, орындығы, жүк салатын бөлігі) атай отырып, құрастырудың қарапайым жинақтау тәсілдерін қолданып, көлік(жеңіл көлік, жүк көлігі, автобус, ұшақ) құрастыра алады. Көлік түрлерін(жеңіл көлік, автобус, жүк көлігі) ажырата алады.
Дағды Құрастыру дағдылары
Күтілетін нәтиже: Құрылыс материалдарының (дөңгелегі, рөлі, орындығы сыртқы бөлігі) негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады;
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ- жауап.

Аудио тыңдату

4К, бақылау, бала үні, тапсырмалар

Ресурстар, дамытушы орта: Көліктер: машина, автобус, жүк машинасы, ұшақ.

Видео, аудио

Жоспарлау
ҰОҚ кезеңдері Оқу қызметінің барысы Уақыт
Сабақтың басталуы (бейне таспадан машиналардың гүрілдеген дауыстары естіледі)

— Балалар бұл ненің дауысы?

— Дұрыс айтасыңдар бұл машинаның дауысы.

Балалар маған машинаның түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші?

Бақылау: ашық сұрақтармен, тікелей және жаппай бақылау

Топқа бөлу:  бала санын тең үш бөлікке бөліп, сол саннан жасыл, қызыл, сары карталар жасалады, балалар сол карталарды таңдап алады.

Жасыл карта таңдаған балалар «Ұшақ» тобы

Қызыл карта «Жүк көлігі» тобы

Сары карта «Автобус» тобы болып отырады.

5-7 мин
Сабақтың негізгі бөлігі Сурет бойынша әнгімелесу:

—         Балалар бәріміз тақтаға қарап,суретте қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.

1-сурет бойынша «Жеңіл машиналар» тобы әңгімелеуге дайындалсын

Коммунативтілік, тікелей бақылау, креативтілік, ашық сұрақ

Жеңіл машиналары туралы сендер не білесіңдер?

-Балалар, суреттегі көліктердің аттарын атайықшы?

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады?

2-сурет бойынша «Жүк көлігі» тобын тыңдайық

Жүк машиналары  туралы әңгімелесу.

—         Жүк көлігін не үшіп пайдаланамыз?

—         Жүк көлігінің ерекшелігі неде?

Машиналардың қызметі туралы 2 мин видео көрсету.

Коммуникативтілік, сыни ойлау, бала үні, командалық жұмыс, мазмұны арқылы саралау.

3-сурет бойынша «Автобус» тобының пікіріне назар аударамыз

Автобус туралы не білесіңдер?

Осы көліктің тиімділігі неде?

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық,

Бір отырыпғ бір тұрып,

Билеп, билеп алайық!

Ойын: Құрастырғыштарды қолданып,

«Жүк көлігін құрастырамыз»

Өнім арқылы саралау, командада жұмыс, креативтілік, бала үні

Жүк көлігінің бөліктерін атайық (Тікелей бақылау)

1 топ «Ұшақ» 

Ұсақ құрастырғыштан жүк көлігін  құрастырады

2 топ  «Жүк машинасы»

Орташа, аз  құрастырғыштан жүк көлігін құрастырады

3 топ «Автобус»  

Жүк көлігінің дайын бөлшегін жинақтайды.

Бақылау: топтар бірін бірі бағалайды, қай топ көлік туралы көп мәлімет берді, қай топ

15-17 мин
Сабақтың қорытынды бөлімі Балалар осы көліктердің бізге тигізер пайдасы өте көп ал, оның зиянын білесіңдер ме? (Сыни ойлау, бала үні)

Қазіргі таңда, көліктен бөлініп шығатын улы газ бүкіл әлемдік мәселеге айналған. Ол ауаны улайды. Бізге және табиғатымызға ол зиянын тигізуде.

Сонымен, бүгінгі оқу қызметі сендерге қандай әсер қалдырды, алдарыңдағы смайликтерді көтеріп, өз көңіл күйлеріңмен бөлісіңдер.

(Әртүрлі көңіл күйді білдіретін смайликтер алдарына таратылады)

Ары қарай дамытушы тапсырма: (Өнім арқылы саралау, креативтілік): Табиғи емес қалдықтардан (қақпақ, бөтелке) ата-анасымен бірге қалаған көлік түрін құрастырып келу.

 

5-7 мин

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *