Бала тілін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдалану жолдары

Бала  тілін  дамытуда қазақ  халық ертегілерін пайдалану жолдары

 

 

 

БАБАЖАНОВА МАРАЛ

БАСТАУЫШ  СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шолаққорған -2022 жыл

 

Жоспары

 

 

І. Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім

а) Мектепалды даярлық оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастыруда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері.

ә) Мектепалды даярлық топтарында көркем әдебиет пәні сабақтарында қазақ халық ертегілерін пайдалану.

б) Қазақ халық ертегілері арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбиесін  қалыптастыру жолдары.

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.
Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі»

К.Д.Ушинский

 

Халықтық педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттың құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыруы тиіс.

Осы тұрғыдан келгенде мен шығармашылық жұмысымынң тақырыбын “Бала тілін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдалану жолдары”- деп анықтап алдым.

Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі — өнегесінен нәр алары анық.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.

Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол  ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан. Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.

Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі – бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.

Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін  орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.

 

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.

Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.

  1. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
  2. Бұрынғылардың сана – саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе”- деп айтқан болатын.

Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.

Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді.

Мектепалды тобының оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.

Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.

Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті  өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы  адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. “Айлалы тазша” әңгімесінде тазша бала  айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың  сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде  қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді  қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.

Бала балғын тал, ересек адам – бағбан. Бұл — әр халықты ғасырдан ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан, баланың ана тіліне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеп, бала жаныны небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.

Ана тілі байлығы мен осы тілде жасалған әдеби шығармалар арқылы оқушының рухани деңгейі артады. Ана тілін оқып-үйрену барысында балалардың өздерінің сөйлеу дағдылары да  ұштала түседі, олар өз ойларын ауызекі түрде бейнелеп, өзгелердің сөзін толық түсінуді үйренеді, интегративті ұштастыра меңгеріледі.

Көркем әдебиет пәнінің негізгі мақсаты – оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауызша диологтық және монологтық сөйлеуін дамытады.

Көркем әдебиет пәні бойынша балаларға берер тәрбиеміз ерекше. Бұл пәнді оқыту барысында дидактикалық міндеттерге тоқталсақ мынадый:

— жалпы оқу дағдысымен машығын қалыптастыру;

— оқушылардың айналадағы дүние (адам, табиғат, қоғам) туралы түсініктерін байыту;

— оқушылардың идеялық, мінез-құлықтық тәрбие беру;

— оқушылардың логикалық ойлауын дамыту.

Қорытынды

Қорыта келгенде, қай халық болса да өзінің  дамуында қилы- қилы

жолдардан өтеді.Сол жолдардың көрінісін ертегі арқылы қалдырады.

Ертегі – тәрбие құралы, халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.Осы  ертегіні  балаларға  жеткізу,  насихаттау  алғаш мектепте  көркем әдебиет  сабағынан  басталады.

Мектепалды даярлық оқушыларына  ертегі  оқыту  арқылы  қиялдауға  шешен  сөйлеуге,  өз  ойын  еркін  жеткізуге қайратты, істер  жасауға  жұмылдыру  және  адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру.

Қазақ   ертегілері   мейірімділікке,   адалдыққа, әділеттілікке, еңбек  сүйгіштікке, тазалыққа,  достыққа,   ерлікке,  әсемдікке, әдептілікке  үйретеді. Жамандықтан,  қулықтан,  өтіріктен,  зұлымдықтан  аулақ  болуға  тәрбиелейді.  Әрдайым  татулық, бірлік, ынтымақ   жеңетінін  көрсетеді.

Ертегі  сюжетіне  қатысты  түрлі-түсті  суреттерді  пайдалану  арқылы  әңгімелесу баланың  танымдылық  әрекетіне   қозғау  салады. Ертегі  балалардың  өзінің көркемдігіне, әсемдігімен, тартымдылығымен   баурап, олардың  қиялын  ұштап, қиындықты  жеңуге, қиналған  кезде  ақылмен  шешімді  әрекетке  баруға, зерек,  тапқыр  болуға  итермелейді. Айналадағы  әсемдікті түсіне,  қызықтай,  қабылдай  білуге  үйретеді.Жүйелі  жүргізілген  мұндай жұмыс  баланың  ана  тілінде  дұрыс,  таза  сөйлеу  дағдысын  қалыптастырады.

Әсіресе,  мектеп  жасына  дейінгі балаларға   айтқан,  көрсеткен нәрсенің  барлығы шындық, сұлу,  әсем  үйлесімді  болу  шарт. Сонда ғана  бала  балғын  талдан  биік  бәйтерекке  айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келгенде Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осыған орай мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың бірлескен жұмысқа қызығушылықтарын арттыру, дамыту болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады және пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс — тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.

 

Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, Біз ұстаздар еліміздің болашақ бақыты үшін, аянбай еңбек ету — негізгі парызымыз деп білемін. Әрбір сұрақтың оң шешімін таба білумен қатар, кез келген кедергілерден  сүрінбей өткізу, ұстаз  ұтқырлығы  болмақ. Оқушыға қарапайымнан күрделіге  оқыту білімін шыңдайтынына сенімділік орнату. Тағы бір түсінгенім, оқушыға өзіне-өзі сенімділік орнату арқылы білімді болуды үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ертегілер еліне  саяхат
Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау.
2. Баланың тілін, ой — өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы.
Әдіс — тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ — жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді.
Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер.
Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ».
Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: психожаттығу «амандасу — сәлемдесу».
Амансыз ба  алтын күн,
Амансыңба жер  ана.
Амансыз  ба  көк  аспан,
Амансыз ба  апайлар.
Амансыз ба ? балалар!
Бүгінгі  сабағымызды бастайық !

Жамандықты тастайық!
— Балалар, енді бір — біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы да бір — бірімізге «қайырлы таң» тілейік.
— Балалар, енді орнымызға жайғасып отыра қояйық.

Ғажайып сәт:

Есікті қағып,хат тасыушы келіп Тәрбиеші қорапты алып, ашып, хат алады және сиқырлы таяқша алады. Тәрбиеші хатты ашып оқиды.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Мен сендерді ертегілер еліне қонаққа шақырамын. Ертегілер еліне келу үшін менің жұмбақтарымның шешуін тапсаңдар, мен сендерді өзім күтіп аламын.

1-ші: Жұмбақтар.

Үйін жинап ертеңмен,

Миіз тауып алыпты.

Мысығы келмеген соң,

Ол өкпелеп қалыпты.Бұл қай ертегі?2-ші:

Атай өзі салғанын,

Көрді өсіп қалғанын.

Ары тартты, бері тартты,

Тарта аламады.Бұл қай ертегі?

3-ші:

Апасынан қашып кетті,

Атасынан қашып кетті.

Кездестіріп біраз аңды,

Біраз жолдан асып кетті.Бұл қай ертегі?

Саңырауқұлақ, саңырауқұлақ,
Басында қалпағы бар.
Ормандағы жәндіктерге,
Жауын жауса пана болар.
Сізге «Бауырсақ » ертегісін  саханалап  берейік
Міне балалар, бұл ертегіде түлкі бауырсақты жеп қояды, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. Түлкі қандай?
Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Әрине.
Ал енді бүгінгі «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі. Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасын  құрастырайық. -Сол ертегідегі басты кейіпкеріміз, бізге бүгін көмек сұрай келіпті. Ал біздің көмегіміз ол — қоршаған әлем, сауат ашу, математикадан жыл бойы алған білімдерімізбен көмектесу.
— Балалар, бауырсаққа көмектесуге дайынсыңдар ма?
— Сабақ барысында, балалар, мен сендерді мынадай фишкалармен ( ертегідегі бауырсаққа ұқсас сурет) марапаттап отырамын, сендер ұпай жинайсыңдар, кімде — кімнің ұпай саны жоғары болса, сол оң нәтиже көрсетпек.

 

  1. Қоршаған әлем:Қоян
    — Атасына, әжесіне қашып жолға шыққан Бауырсақтың алдынан кенет қоян шығыпты. Қоян аш екен, Бауырсақты жемекші, егер біз қоянның шартын орындасақ, ол Бауырсақты босатады.
    — Қазір жылдың қай мезгілі?
    — Көктем мезгілінің белгілері қандай?
    — жыл мезгілдерін атай қояйық. (суреттерін ілу)
    — Осы жыл мезгілдерін ретімен орналастыр.
    — Бір жылда неше ай бар?
    — Бір аптада неше күн бар?

    3. Математика.
    — Жақсы, балалар, қоянның тапсырмасын тамаша орындадыңдар, ол Бауырсақты босатты. Бауырсақ әрі қарай жүре бергенде алдынан аю кездесті. Аюдың шарты:
    — 10 көлеміндегі сандарды тура, кері бағытта санап шық
    — түлкіні    1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
    — қоянды    10 9 8 7 6 5 4 3 2 1
    —«Көршілерін ата»…… 5……., 2…… 4,….. 8……,……. 6……..
    10 кұрамы   9 құрамы
    .балалар  менің  құлпынайым  артық па ,  әлде  кірпінің  саңырау құлағы  артық па?

Екі балапан тұр,
Екі балапан отыр.
Шатаспай тез ойлансаң,
Барлығы қанша балапан?(төрт)
— Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды?(2)
— Табақта төрт өрік,
Қолымда бір өрік.
Қосқанда барлығы
Болады неше өрік?(5)
— Алма ағашта бес алма,
Қандай тәтті жесе алма.
Бесеуін де жеп қойсам,
Қалады сонда неше алма?(0)

Санамақ білесіздерме?
4. Сергіту сәті: 
  5. Сауат ашу.Қасқыр
— Жарайсыңдар, балалар, аю бізге риза болып Бауырсақты жемей босатып жіберді. Бауырсақ әрі қарай домалады, бірақ алдынан қатігез қасқыр шықты. — Қасқырдың шарты сауат ашудан білімдеріңді тексергісі келеді.
— Дыбыс пен әріпті қалай ажыратамыз?
— Дыбыстар нешеге бөлінеді?
— Дауысты дыбыс пен дауыссыз дыбысты қалай ажыратамыз?
— Қасқыр сөзін буынға бөлейік. Неше буын бар?

— — Барлығы неше дыбыс естіп тұрмыз?
— Неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс естіп тұрмыз?
— Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасайық.

Қоян неше әріп,неше  дыбыс  бар?

Түлкі:
— Балалар, қасқыр да бізге риза болып Бауырсақты босатты. Бауырсақ қуанып әрі қарай кетті. Кенет оның алдынан түлкі шықты. Түлкінің шарты:сұйық  заттарға нелер жатады?

сусымалы  заттарға нелер  жатады?

сіздер  кандай пішіндерді білесіздер?
бауырсақ  қандай  пішінге  жатады?

Ендеше  маған  бауырсақтың  суретін  салып  беріңіздер

  1. Қорыту.

— Бүгін сабақта сендер не істедіңдер?
— Оқушылардың жауаптары.
— Міне, балалар, бүгінгі  оқу  іс-әрекетіміз  аяқталды. Сендер білімдеріңнің, мейірімділіктеріңнің, достықтарыңның арқасында Бауырсақты құтқардыңдар. Бауырсаққа ақылды бол, ата — анаңнан енді қашпа дейміз.
— Енді алдарыңдағы ұпайларды санай қойыңдар. Қайсысың сабақта жоғары дәрежені көрсеттіңдер?

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *