Логопед мамандығының сиқыры

«Логопед мамандығының сиқыры»

Логопед:     Құрманова Гүлназ Ерғалиқызы

 

«Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар

және көру қабілеті бұзылған балаларға

арналған арнайы балабақша

 

Ағаш өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады,

ал үлкен ағаш болғанда оны түзете  алмайсың.

 

Бұл эссе осы мамандықты сырттай қарауға, өзің үшін маңыздылығын түсінуге, басқа адамдар үшін маңызын түсінуге тырысудың себебі болып табылады. Менің жағдайым бойынша – мамандық мені таңдады деп айтсам артық болмас, мамандығыма апаратын еңбек жолым тәрбиешіліктен басталды, ал қазір дұрыс таңдау жасадым деп айта аламын.

Менің ойымша, шығармашыл логопедтің басты міндеті – баланы дұрыс, әдемі сөйлеуге үйрету, өзіне сену мүмкіндігін беру, кез келген баланың талантты және табысты екендігін түсіндіру. Нағыз логопед баланың дұрыс сөйлеуін ғана емес, сонымен қатар баланың болашағын қалыптастырады, яғни баланың ішкі «өзін», оның жеке басын дамытады және жетілдіреді. Логопед бала үшін жігерлендіргіш, ерекше «сиқыршы» болуы керек.  Логопед кез келген сөз, сөйлемді бала да әдемі, дұрыс айтқысы келетіндей етіп сөйлеуі тиіс.

Өз мамандығымды не себепті ұнатамын? Балаларға ана тіліндегі дыбыстарды анық, дұрыс дыбыстауға, айтуды үйретуге мейлінше мүмкіндік беремін. Мен күнделікті атқарған еңбегіммен балалардың болашағына үлес қосамын, әдемі және дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастырамын. Ол тек ғана мәнерлі  оқып,  сауатты жазуға үйрету ғана емес, сонымен бірге өмір бойы өз  ойын әдемі, ашық айту арқылы мамандықты таңдауға және адамдармен қарым қатынас жасауда маңызды шарт болып табылады.  Бұл балалардың бірі журналист, тележүргізуші, диктор, дипломат немесе логопед болуы мүмкін.

Әр балаға жеке көзқарас пен қарым – қатынас жасау логопед қызметінің негізі болып табылады. Әрине, балалар әр түрлі, әрқайсысы ерекше. Менің тәрбиеленушілерімнің арасында жалпы сөйлеу тілінің дамымауымен қатар есту қабілеті бұзылған кохлярлы имплант аппаратымен қамтамасыз етілген балалар, ашық ринололиялы, сенсомоторлы алалиялы және дизартриялы балалар жие кездеседі. Балалардың түрлі күрделі тіл ақауларын жеңу мақсатында көптеген заманауи әдістемелік ақпараттар жинау, оңтайлы шешімдерді іздеу және түзету жұмыстарын жүргізу мені қызметімде ынталандырады.  Логопедиялық түзете – дамыту жұмыстарымның әр түрлі кезеңдерінде балалардың денсаулығын сақтау технологияларын, тас, құм терапиясын, М.Монтесорри әдісін, ертегі терапиясын, логоритмиканы, сенсорлық интеграция әдісін, логопедиялық уқалауды, нейропсихологиялық технологияларды үнемі қолданамын. Балалардың дыбыс айтуын қалыптастырып ғана қоймай, барлық тілдік компоненттерді: лексика, тілдік грамматикалық құрылымы, байланыстырып сөйлеу мен фонематикалық қабілеттерін де түзетуі бойынша көптеген тәжірибелер жинақтадым.

Мен күн сайын өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын, оған бар уақытымды арнауға тырысамын. Мен өз жұмысымның нәтижесін, балалар мен ризашылық білдірген ата – аналардың қуанышты жүздерін көріп, логопед мамандығы – ең жақсы және қажетті мамандық екенін түсіндім. Бала бұзылған дыбысты айтуды үйренген кезде және оның «Гүлназ Ерғалиқызы, мен Р-р-р-р деп айта аламын» деген өз жетістіктеріне қуанғаны мен үшін өте қымбат. Бұл менің еңбегімнің зия кетпегені деп түсінемін.

Логопедтің жұмысындағы соңғы нәтиже – баланың таза, сауатты, дұрыс сөйлеуі. Балалардың маған сөйлеу тілінің күрделі ақауымен келіп, түзете – дамыту жұмыстарынан кейін сауатты және әдемі сөйлей бастағанын, жаңа білім, білік, қарым – қатынас дағдыларын меңгергенін көріп, өзімнің кәсіби жолымды бекер таңдамағаным үшін және өз кәсібімнің жүрегімді қуанышқа, мақтанышқа толтыратынын сезінемін. Мен өзімді осы бақшадағы балаларға қажетті екенімді сезінемін. Пайда әкелу – бұл мен үшін үлкен бақыт!

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *