Ашық сабақ жоспары
Пән: Математика | ЖШС «Мың бала» мектебі | |
Күні: 23.11.2021 ж
Сынып: 1 «А» |
Мұғалімнің аты-жөні: Адилбекова А.Т
Қатысқандар: 20 Қатыспағандар: 0 |
|
Сабақтың тақырыбы: | 10-ға дейінгі сандарды қосу және азайту | |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары ( оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.4. біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану;
1.1.2.3. қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану. |
|
Сабақ мақсаттары | 10-ға дейінгі сандардың құрамын қайталайсың,қосып-азайтасың. | |
Бағалау критерийлері | 1.10-ға дейінгі сандарды қосып азайта алады.
2. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданады |
|
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұптық жұмыс арқылы 10-ға дейінгі сандарды есептеп шығаруда өзара жауапкершілік,сыйластық,өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | |
Бастапқы білім | 1-10 ға дейінгі сандарды біледі. |
Сабақ барысы
Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
Психологиялық дайындық 3 мин |
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Психологиялық дайындық
Топқа біріктіру: І топ — «Қосу» ІІ топ — «Азайту» Қима қағаздар арқылы топқа бөліну
|
Өсеміз біз күліп ойнап,
Он саусақтың саласындай Өсеміз біз күліп ойнап Бір адамның баласындай
|
||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту
7 мин |
Ынталандыру
Суреттерді пайдалана отырып жаңа сабақтың мазмұнын ашу. Тақтадағы жемістердің суреті бойынша ауызша есептер құрастырады. Осылайша 10 санын есептеп сабақтың тақырыбын шығарып аламыз. Сандар қатары, натурал сандар: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 Тура санау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9 Кері санау: 10,9,8,7,6,5,4,3,2,1 10 санынын құрамын жазу
|
Оқушылар суреттерге байланысты құрылған есептерден 10 санын есептеп шығарады.
Тақтаға бір оқушы шығып,10 санының құрамын жазып шығарады. |
Суреттер,кеспе қағаз | |||||||||||||||||||||||||
Мағынаны тану
5 мин |
Өзектендіру.
Оқулықтағы №1 тапсырмамен жұмыс жасау. Кесте қалай құрылғанын түсіндір. Бұл 10-ға дейінгі сандарды қосу кестесі. Жасыл түспен қосылғыштары бірдей қосындылар берілген (2+2, 3+3, 4+4, 5+5). Сары түспен келесі санға өту белгіленген (1+1, 2+1, 3+1, 4+1, 5+1, 6+1, 7+1, т.c.c). Қызғылтсары түспен қосудың ауыстырымдылық заңы белгіленген (1+5, 1+6, 1+7, т.с.с) +2 – көгілдір түс +3 – күлгін түс +4- қызғылт түс Осы белгілер арқылы берілген кестені есте сақтауға болады.
|
Кесте қалай құрылғанын түсіндіріп береді. Мысалдаржазылған бір түсті карточкаларды таңдайды. 1+2=3 3+2=5 4+2=6 5+2=7 6+2=8 7+2=9 8+2=10 |
|
Оқулық, дәптер | ||||||||||||||||||||||||
3 мин | Топтық жұмыс
Топтық жұмыс оқушылардың топпен тапсырманы бірігіп орындауына көмектеседі. Мұғалім осы мақсатта топтарға 6,7,8,9 сандарының құрамын жазып шығуды ұсынады.
|
Оқушылар өз топтарына берілген тапсырманы бірігіп орындайды
Тапсырмадағы бос орындарға тиісті сандарды қойып орындайды. |
Шапалақтау әдісі арқылы бағалау | Кеспе қағаз | ||||||||||||||||||||||||
2 мин | Сергіту сәті | Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ Беске бесті қосқанда Болады екен он саусақ |
||||||||||||||||||||||||||
5 мин | Жұптық жұмыс
Оқулықтағы № 2 тапсырманы жұппен орындауды ұсынамын. Оқушылар бірінші топ бірінші үйшікті,екінші топ екінші үйшікті алып бір-біріне мысалдар жасырады. Бірінші үйшікте қосындының мәні 10-ға тең,ал екінші үйшікте 9-ға тең болады. Оқушылар 10 және 9 сандарын үш қосылғыштың қосындысы түрінде жазуды үйренеді.
|
Сұрақтарға жауап береді.Мәселелік жағдаятты түсінеді.
5+2+3=10 4+2+4=10 3+3+4=10
5+1+3=9 4+4+1=9 3+3+3=9 |
Смайлик арқылы бағалау | Оқулық,дәптер | ||||||||||||||||||||||||
5 мин | Өзіндік жұмыс.
Өзіндік жұмыс оқушылардың түсінбей қалған тұстарын анықтауға көмектеседі. Мұғалім осы мақсатта №3 тапсырманы орындауды ұсынады. 1-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын есіңе түсір.Мысалдарды жазып, оларды есепте. Кесте бойынша тексер. Дәптерде жазу үлгісі берілгендіктен, торкөз дәптерге жазып орындауды ұсынады. |
Тапсырманы дәптеріне өзбетімен орындайды.
3-2=1 9-2=7 8-5=3 8-7=1 7-1=6 2-2=0 9-3=6 7-3=4 6-5=1 5-1=4 Кесте бойынша тексеру жасайды. 1+2=3 7+2=9 3+5=8 1+7=8 |
«Жұлдызша» арқылы бағалау | Оқулық, дәптер.
|
||||||||||||||||||||||||
3 мин |
«Кім шапшаң?» Дәптердегі №2 тапсырманы орындауды ұсынады. |
Оқушылар тапсырманы уақытқа орындайды. | Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды. | Баспа негіздегі жұмыс дәптері | ||||||||||||||||||||||||
1 мин |
Оқулықтағы зерттеушілік тұрғыдағы №5тапсырманы үй жұмысына беремін. Бос орындарға тиісті сандар мен таңбаларды қою керек.Егер нәтиже кіші сан болса, онда таңба «-» қойылады. Енді азайтуға кері амал қосу амалымен тексеру жүргізеді.
|
.Оқушылар бос орындарға тиісті сандарды қойып тапсырманы орындайды.
7-3=4 2+4=6 8+2=10 10-2=8 9-3=6 10-7=3 |
Оқулық, дәптер.
|
|||||||||||||||||||||||||
Қорытындылау кезеңі
4 мин |
Оқушыларға жұмбақ есептер қою арқылы 10-ға дейінгі сандарды қосып азайтуға ауызша есептер беремін. | Оқушылар бүгінгі өткен тақырып бойынша берілген тапсырмаларға жауап береді. | ||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия
2 мин |
«Бағдаршам» әдісі
Қызыл түс- сабақта көп нәрсені түсінбедім, сабақтағы мәліметтер саған керек емес, сабақта белсенді бола алмадым,жауап берген жоқпын. Сары түс- сабақ қызықты болды, белсенді болдым орнымнан тұрып жауап бердім,бәрнеше тапсырманы өзім орындадым, сабақта мен өзімді жақсы сезінемін. Жасыл түс- сабақта белсенді болдым, сабақта көп пайдалы мәліметтер алдым, көп жұмыс жасадым,бәрі түсінікті болды. |
Сабақ аяқталған соң балалар бағдаршамның түсіне сәйкес сары,қызыл,жасыл түсті қағаздарын көрсетеді. | Бағдаршам әдісі арқылы бағалау |