Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері

Жартыбай Нұргүл Оразәліқызы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
1.Шешендік сөздің мазмұндылығы,сөз дәлдігі, тіл мерекелігі жөніндегі білім
беру
2.Шешендік сөздегі термині.
3.Қазіргі шешендердің сөйлеу өнерін үйрету, бос сөз сөйлеуден аулақтату,
тауып сөйлеуге төселдіру, тіл тазалығын сақтауды насихаттау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: іздендіру, топтастыру.
Көрнекілігі: суреттер, кестелер,нақыл сөздер.
Пәнаралық сабақтар: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Қызығушылығын ояту.
Ой қозғау.
Ой толғау.
Ой түрткі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Үй тапсырмасын қайталау.
1.Шешенге қандай талаптар қойылады?
2.Шешендіктің отаны қай елдер болып табылады?
3.Шешендік сөздің сапаларына не жатады?
Тілдің тазалығы.
Ой жүйелігі.
Сөз сапалары Сөздің мазмұндылығы.
Сөз қысқалығы.
Сөз түсініктілігі.
Сөз әуезділігі.
Сөз байлығы.
Сөз анықтылығы
Сөз дұрыстығы.
Сөз дәлдігі.
Ал,қазір «Көкпар» ойынын ойнайық, бұл ойынды қай топ ең жылдам, ең тапқыр
сол топ жеңеді.
1.Кеше деген сөздің екінші буынын алыңдар.
2.Пішен деген сөздің жұрнағын алыңдар.
3.Мүмкіндік деген сөздің жұрнағын алыңдар.
Қандай сөз шықты, кім айтады?
Жауабы: «Ше-шен-дік»
Жаңа сабақ:
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің күрделі де көркем бір саласы
болып табылады. Қазақтың дәстүрлі шешендік сөздерін, шешендік толғау,
шешендік арнау, шешендік дау деп шартты түрде үшке бөлуге болады. Шынайы
шешендік қиялдан тумайды, өмірлік оқиғалардан, табиғи құбылыстаррдан
туады, көп жылдық тәжіриба мен сан рет қайталау арқылы сыннан өтіп халық
мойындаған қағидаға, даусыз ақиқатқа айналады. Оның үстіне әр дәуірдің әр
түрлі сөз шеберлерінің талғамынан, толғауынан өтіп шешендік сөз «тілге жеңіл,
тиетін сүйкімді үн мен ырғаққа ие болады.
Шешендік сөздер үш түрлі болады: кеңесу, билік және салтанатты сөз. Ал,
құрылысы жағынан кіріспе, баяндау және қорытынды болып бөлімнен тұрады.
«Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ бекер айтпаған. Қоғам тарихына көзсалсақ,
қай халықтың болмасын күрделі қоғамдық, мемлекеттік қайраткерлері,
қолбасылары, ғалымдары ойға шебер,тілге шешен болғанын байқаймыз.
Қазақ халқында белгілі бір мәселені талқылау кезінде шешен адамдардың
тапқыр ойымен,шебер тілімен ауызша айтқан мазмұнды,көркем пікірін
шешендік сөз дейміз.
Би: — дау жанжалға билік айтушы
Шешен: — сөзге шебер,тілге жүйрік адам.
Шешендік сөздер көркем әдебиеттің жанрлары, ертегі, батылар жырлары,
мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар,қара өлең, термелер т.б ойынды
өрістетіп,тапқырлыққа баулып, үлгі насихат арқылы тыңдаушының таным
дүниесін кеңейтіп, биік адамгершілік қасиеттерге үндеп қана қоймайды,олар
сонымен қатар, қазақ даласында әлеуметтік қызмет атқару ерекшелігімен де
дараланады.Сондықтан да дана халқымыз шешендікті терең меңгерген адамды
киелі санап, жүйесін тауып сөйлеген сөзге тоқтаған.Шешендік сөз парасатты
ойға,ұшқыр шешімге, тапқыр логикаға құрылады.Шешендіктің басты қасиеті –
тапқырлық,шапшаңдық.
Жалпы сөз тапқырлығында шешендердің алатын орны ерекше.
Шешендік өнердің қайнар көзі.
Төл әдебиетіміз ХV ғасырдан басталады.Ендеше ақын* жыраулардың,толғау,
термелері, айтыстары т.б осы шешендік сөздердің алғашқы баспалдақтары.
Сондай-ақ , аты аңызға айналған. Асан, Жиренше, Абыз, Қарашаш, Әнет баба,
Жетек би, Төле би, Қазыбек, Әйтеке т.б билер мен шешендер туралы
әңгімелер,насихат өлеңдер де шешендік өнердің алғашқы табалдырығы
екендігінде шүбә жоқ.
Ой толғаныс:
Оқушыларды рольге бөліп ойнату.
1-оқушы: жігіт ролінде
Ассалаумалейкүм биаға!
2-оқушы: бидің рөлінде
Уағалейкүмассалам! Жол болсын жігітім!
1-оқушы: жігіт Биаға, сізге сәлем беруге, өзімізді сынатуға келдік.
2- оқушы: шешен Олай болса, менен мына сұрақтарыма жауап беіңдер.
-Тәттіде не тәттәі?
-Қаттыда не қатты?
-Жұмсақта не жұмсақ?
1- оқушы жігіт :
-Тәттіде бал тәтті
-Қаттыда тас қатты.
-Жұмсақта мамық жұмсақ
2-оқушы шешен:
Ай, балам –ай, таппадың? Ал, енді кім жауап береді?
3-оқушы жігіт:
Тәттіде ананың сүті тәтті
Қаттыда атаның жүрегі қатты
Жұмсақта аланың алақаны жұмсақ.
2-оқушы шешен
Өзің бір болайын – деп тұрған бала екенсің!
Жарайсың балам,мұратыңа жет,қатарыңның алды бол.
Міне, балалар, үш жүзге аты мәлім. Төле би талай сыннан сүрінбей өтіп бата
алған, халқына қалаулы жан болған екен.
Ой түрткі ауыл ақсақалы.
Ру басы
Шешен отағасы
Биағасы
Ел билеу ісінің тұтқасы
Шешендік сөздің мәнін қалай түсінеміз:
Тарихи әдеби мұра
Дауға дау татулыққа тамыр
Пәктікке пәрмен тазалыққа нәр
дәстүрге дәрмен
бет бұру кезеңі:
Бес жолдан тұратын қорытындылау тақпағы.
1.Зат есім. Шешен
2. Сын есім. Шешендік сөз—
3.Етістік. Айтысады. Тартысады. Шешіледі.
4.Сезіну. Шешендік сөз – ұлттық өнер.
5.Синоним. Шешендік сөз – өнер падишасы
Үйге тапсырма: « шешендік сөз –өнер падишасы» тақырыбында шығарма
жазып келу.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *