Ана

ҚҰДАЙБЕРГЕН ДІНМҰХАММЕД

Ана. Қаншама асыл сөздерді,қамқорлықты,мейірімді бір сөздің ішіне сыйдыра білген. Көптеген ақын, ғұламалар да бұл сөзді тебіренбей жеткізу мүмкін еместігін айқындайды. Недегенмен ананың балаға деген махаббаты мен ыстық сезімін кітап етіп шығарса да жеткіліксіз болар. Себебі, ана баласының қолы ауырса, оның жүрегі ауыратын жалғыз адам.
Ана тек бала кезінде қарап,есейген кезде ұядан ұшырып жіберетін құс емес. Сен есейген күннің өзінде анаң саған алаңдауын қойған емес. Біраз күндері сені қатты сағынғандықтан көз жасын сығып та алды. Сағынса қасына алып, жақын жерге оқуға не жұмысқа тұрғызуына болар еді ғой. Бірақ ол саған сенді,үміт артты. Міне,көрдің бе? Сен мойыныңа Үлкен жауапкершілік алдың. Ал оны мінсіз атқару-ананың саған деген сеніміне байланысты.
Біз кейде сәтсіздіктер болып,көңіл-күйіміз түскенде атақты спикерлер мен мотиваторларды тыңдаймыз. Себебі бізді жігерлендіретін нәрсе іздей бастаймыз. Неге сол мотивацияны-туған анамыздан алмасқа? Ол маған сеніп отыр ғой,ізденейін, жұмыс жасайын,тырбанайын деп ұмтылмасқа? Біз мотивацияны алыстан іздегенмен,жанымызда біздің тіпті Президент болып кетуімізге себепкер адам жүргенін байқамаймыз. Демек,бұл дегеніміз біз «мотивация» сөзін дұрыс түсінбейміз. Көңіліңіз жабырқау кезде анаңызға хабарласып,онымен сөйлесіп сыр ақтарып көріңізші. Ол сіздің жан-жараңызды түсінетін бірден-бір жан!
Бәлкім,сіз менің осы айтқанымнан кейін анаңызға хабарласып,сырласып,мұңыңызды шаққан боларсыз. Сіз білесіз бе, сіз осылай жасай алсаңыз, өте бақытты жансыз дегім келеді! Себебі, осы әрекеттерді жасай алатын сіздің анаңыз бар!…
Байқадыңыз ба,сіз бір сәтке денеңіз түршігіп,анаңыздың Бар екеніне шүкір еттіңіз. Себебі, қаншама балалардың ана мейірімін көрмей, сіз секілді «Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін» деп,анасын құшағына қыса алмайтынын бір сәтке елестеттіңіз. Айтуын айтатын шығар, бірақ жауап жоқ…
Аналарыңызды бағалаңыздар! (Қазір барып құшақтап алыңызшы,қуанып қалсын!)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *