Өрт қауіпсіздігі әлеміне саяхат. Ашық сабақ

Психолог:Курмангалиева Ә. Қ

 

Мақсаты:

  • Өрттің пайда болу себептері мен өрт кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту.Оттың қасиеттерімен таныстыру.
  • Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  • Өрт сөндіру қызметкерлерінің еңбегіне деген құрмет көрсетуді тәрбиелеу. Өзінің және қоршаған орта қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

ҰОҚ түрі: Саяхат сабақ

Қажетті құрал — жабдықтар: Тақташалар, суреттер, автобус, айналмалы барабан, 4 Май шам,су , құм және топырақ, Формалар, шелек т.б.

Билингв комп :от – огонь – Fire, Өр – пожар –Fire

 

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешілермен балалардың әрекеті Ресурстар
Кіріспе

 

 

 

 

 

Негізі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

 

Шаттық шеңбері:

Кіп-кішкентай болсам да,

Мен тәртіпті баламын.

Үлкендерді мен сыйлаймын,

Бәрін де жақсы көремін!

 

Хатшы келіп есікті тоқылдатады!

— Балалар бұл кім екен ? есікті ашайық.

Хатшы: Салеметсіздерме, бұл Күршім балабақшасы , Балдырған тобы ма екен?

Психолог пен балалар: Иа, біз «Балдырған тобымыз»

— Балалар бізге хат келді. Соны оқиық. Өте қызықты болып тұр.

Хат: «Салеметсіңдерме , құрметті балалар ! Мен өрт сөндіруші инспекторымын. Мен сендерді қызықты да пайдалы өрт қауіпсіздігі әлеміне шақырамын. Сендермен кездесуді асыға күтемін»

— Өте қызықты екен иа балалар! Саяхатқа барайық па? Ал сендер қалай ойлайсыңдар, өрт сөндіріуші инспекторы болуы үшін қандай адам болу керек?

Балалар: — Батыр болуы керек

— Дені сау болуы керек

— Көп жаттығу керек

— Білімді болу керек

— Көп дайындалу керек

Дұрыс айтасыңдар! Мен сендердің барлықтарыңды жас құтқарушы болатындарыңа сенемін. Енді тездетіп саяхатқа шығайық.

Автобусқа отырады.

Әндетіп. Музыкамен билейміз.

Сергіту сәтімен аялдамаға жетеміз.

1.    Аялдамамыз «Суреттер галерясы»

— Міне балалар, көп қызықты, ерекше суреттер көріп тұрмыз!

-Неліктен ерекше деп ойлайсыңдар?

— Өйткені барлығында өрт салынған.

Әр суретті қарастырайық!

Бірінші суретте нені көріп тұрмыз?

Балалар: Балалар орманға саяхатқа барып костер ( алау) жақты. Бірақ соны өшірмей кетіпті. Соның салдарынан орманда өрт шықты. Жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төнді.

Дұрыс айтасыңдар балалар. Саяхатқа шыққанда костер жаққанда абай болу керек. Міндетті түрде костер жаққан соң өшіріп кету керек.

Екінші суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар: Бала телефонмен хабарласып жатыр

— Неліктен хабарласып жатыр деп ойлайсыңдар?

Олай болса осы жерде мына ережені естеріңе сақтаңдар. Әр адам өрт шыққан жағдайда 101-ге хабарласуды естеріңе сақтаңдар!

Үшінші суретте нені көріп тұрсындар?

Балалар: Өрт болып жатыр. Өрт сөндірушілер өртті өшіріп, мысықты құтқарып жатыр.

— Мына жағдайда не істеу керек?

Өрт сөндіру бөліміне 101-ге хабарласу керек.

Келесі  төртінші суретті қарайық.

Балалар: Плитаны жағып кетті.

— Газ плитаны үлкендерсіз жағып кетуге болама?

— Келесі ережені еске сақтайық

Газ плитаны өзің қоспа ,

Үлкендерді тос!

Бесінші суретте қарайық, не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Электр тоққа қосылатын заттармен ойнап жатыр.

Дұрыс айтасыңдар электр тоққа қосылатын заттарды өздігінен қосуға болмайды.

Үлкендерді күтуіміз керек.

Ал соңғы суретте не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Сіріңкемен ойнап отыр.

-Сіріңкемен ойнаған салдарынан өрт шығып , үйдің барлық жеріне тарап кетті.

— Келесі ережені естеріңе сақтаңдар.

Сіріңке ойыншық – емес .

Сіріңкемен ойнауға болмайды.

Ал енді осы суреттерді қортындылай келе от ол қандай екен деген сұраққа жауап берейік.

Балалар от өте мейріміді де болады, қауіптіде болады.

Енді саяхатымызды жалғастырайық. Автобусымызға отырып келесі аялдамамыз «Жас білгіштер».

Дидактикалық ойын « Жанады – жанбайды»

Балалар айналмалы шеңбер арқылы кімнің алдына бағыттағыш стрела келеді сол суретті алып айтад.

1.    Үй- жанады себебі ағаштан

2.    Тау – жанбайды себебі қатты

3.    Кітап – жанады себебі қағаздан

4.    Жаңбыр – жанбайды от жанбырдан қорқады

5.    Орман – жанады ол ағаштан

6.    Аю – жанады себебі ол матадан

7.    Қар – жанбайды ол отты өшіреді

8.    Тас – жанбайды қатты

9.    Дәптер – жанады қағаздан

10.Қуыршақ – жанады пластик

Саяхатымызды жалғастырамыз. Автобуска отырады. Келесі аялдамаға жылдам жету үшін ойын ойнайық.

Ойын « Ойнауға болама, болмай ма?»

Болады десек шапалақтаймыз.

Болмайды десек қолымызды қайшылаймыз.

1.    Үтік

2.    Машина

3.    Миксер

4.    Аю

5.    Доп

6.    Плитка

7.    Шаңсорғыш

8.    Қуыршақ

9.    Электр шәйнек

10.Кубик

— Ойыншықтан басқа мен қандай заттарды атадым?

— Тоққа қосылатын заттар! Тоққа қосылатын заттармен де ойнауға болмайды.

Келесі аялдамамызғада жеттік.

Бұл аялдама «Жас зерттеушілер» деп аталады.

— Сендер барлықтарыңда өрт сөндіруші инспекторы болғыларың келеді ма? Ал, өрт сөндіруші қызметкерлер оттың қасиеттерін білу керек. Біз сендермен бұл зертханада эксперимент жүргізіп оттың қасиеттерімен танысайық. Қызықты ма балалар?

Ол үшін мен сіріңкені алып майшамдарды жағайын. Не көріп тұрсыңдар?

Балалар: От

От қандай балалар?

Ыстық, қызықтырады, жарық, жақсы – жаман,әдемі.

Қолыңызбен ұстауға бола ма? егерде ұстасақ не болады?

Балалар: Жоқ, жоқ күйіп қаламыз.

Ал отты немен сөндіруге болады деп ойлайсыңдар?

Балалар: су, құм, топырақ.

Кәне мына майшамға су тамызып көрейік.

От сөніп қалды ма?

Балалар: иә

Қандай қорытынды жасауға болады? От судан қорқады. Отты су сөндіреді.

Келесі майшамға тапырақты сеуіп көрейік? не болды?

Оттымыз сөніп қалды.

Қандай қорытынды жасауға болады?

От топырақтан қорқады, отты топырақ сөндіреді.

Келесі майшамға құмды себейік, не көріп тұрмыз?

Қандай қорытынды жасауға болады. От құмнан қорқады.

Ал соңғы майшамымызға бос шыны стақан төңкерейік. Шыны стақанда не байқадыңдар. Ал отымыз сөніп қалды,неге деп ойлайсыңдар?

Ішінде ауа болмаған соң от сөніп қалды.

Егер үйдің ішінде өрт болса, терезені ашуға бола ма?

Балалар: жоқ

-Психолог неліктен? Балалар: От одан әрі өршіп өрт ұлғаяды.

Сонымен зертханамыздағы жұмысымыз аяқталды. Автобусымызға отырып өрт сөндіруші инспекторына барайық. Ол бізді көп тосып қалды.

Автобусқа отырады.

Балалар қараңдаршы алдымызда біздің «Өрт инспекторымыз» 

Инспектор: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендер өрт инспекторы болғыларың келе ма?

Ендеше мен сендердің білімдеріңді тексергім келеді.

Сұрақ қояйын.

— Өрт шыққанда қандай номерге хабарласу керек?

Балалар: 101-ге

— Өрт сөндіруші көлігінің түсі қандай?

Балалар: Қызыл

— Неліктен қызыл?

Балалар: Қауіптілікті білдіреді, алыстан келе жатқанда басқа көліктер жол беру үшін.

— Өртті немен сөндіруге болады?

Балалар: Сумен, топырақ, құммен.

Сендер нағыз құтқарушы екенсіңдер. Сендерді өз тобыма қабылдаймын.

Балаларға киімін кигізеді.

— Ал енді балалар сендер өрт сөндіруге дайынсыңдар ма?

Балалар: Иә

Бізде аяқ асты өрт шықты. Маған өртті сөндіруге көмектесіңдер. Мына заттардың ішінен қайсы отты өшіреді сол затты алып өрттің қасына апарып қоямыз.

— Балалар сендер өте ақылды екенсіңдер. Мен сендерді өз тобыма қабылдағаныма қуаныштымын. Сендерге риза болдым. Сендерге бір ақылымды айтайын.

Өрт–тілсіз жау.

Сендерді тағы қонаққа шақырамын. Сау болыңдар балалар!

Психолог: Балалар автобусымызға отырып тобымызға қайтайық.

-Сендерге саяхат ұнады ма? Сендерге қай аялдамамыз ұнады, неліктен?

— Оттың қасиеттері қандай екен?

Балалар: -от ол «бізге доста, екінші жағынан қауіпті»

Психолог: Иа, дұрыс айтасыңдар.

— Өскенде өрт қызметкерлері  болғыларың келе ма?

Балалар: Иа

Психолог: Жарайсыңдар балалар. Ол үшін біз: ақылды, сабақты жақсы оқып, білімді болайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат конверт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка

 

Автобус

 

Суреттер ілінген тақтайшалар

 

 

 

Саяхатқа барған балалар отты өшірмей кеткен суреті.

 

 

 

 

Өрт сөндірушілерге 101 ге хабарласып жатқан сурет.

 

Өрт сөндірушілер өртті сөндіріп жатқан сурет

 

Бала плитаға  өз бетімен тамақ ысытып жатқан сурет.

 

 

Бала қолын разеткаға тығып ойнап отырған суреті

 

 

Айналасы өрт ортада екі бала сіріңке жағып отырған сурет

 

 

 

 

 

 

 

Музыка

 

 

Айналмалы шеңбер

 

Жанатын жанбайтын заттардың суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка

 

 

 

 

 

 

4 май шамдар, құм , топырақ, су стаканда, сіріңке.

 

 

 

 

 

 

Май шам. Стақанда су мен қасық

 

 

 

Май шам. Топырақ себет.

 

 

 

Май шам. Топырақ себет.

 

 

 

Шыны стақан. Май шам

 

 

 

 

 

Музыка

 

Өрт сөндіруші инспекторы киінген адам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға арналған өрт қызметкерінің киімі болады

 

Үстел үстіне су құйғыш, күрек, шелек және өрт сөндіруге келмитін заттар даптер қаламдар және т.б

 

 

 

 

 

Рефлекция

Қортындылау

Өрт сөндіруші инспекторымен қоштасады.

Балалар енді автобусымызға отырып балабақшамызға қайтамыз.

Өрт пен түтін айнала

Қарап тұрма жай ғана

Тез хабар бер 101-ге

Уақытты сен байлама.

 

Өлеңдерін айтып, сабақты қортындылаймыз.

 

 

Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Өрт сөндіруші қызметкерлерінің жұмыстарына құрмет, өрттің қандай жағдайда болатынын

Түсінеді: оттың қасиеттерін, өрт кезінде қандай әрекет жасауды.

Қолданады:ережелерді естеріңе сақтау,ойын барысында қолдану.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *