Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жүргізілетін жұмыстарда жаңылтпаштардың рөлі.

«М.Мәметова атындағы орта мектебі,

мдшо мен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

                                                         педагог-логопеді  Сейсембаева Айман  Жайлаубековна

 

Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалармен жүргізілетін

жұмыстарда жаңылтпаштардың рөлі.

Баласының көркем сөйлеуін, шешен болуын қаламайтын ата-ана бар ма екен? Ғалымдардың пікірінше, бір жасқа толған нәрестенің тілдік қорында 7-10 сөз ғана болады. Екі жасқа толғанда сөз қоры 100-ден 200-ге дейін артады. Үш жаста бала 1,5-2 мыңнан аса сөз меңгереді. Төрт жасында 2-3 мың сөзді іркілмей сөйлеуі қажет. Бес жасқа аяқ басқанда, бала тілі ширап, қысқа ертегілерді, әңгімелерді баяндай алатын болуы керек. Сәби осы жаста анық  сөйлей алмаса бұл оның сөйлеу қабілетінің кенжелеп қалғандығынан хабар береді.

Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л» дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп жатыр. Ол бала тілінің жетілуіне, оралымды әрі анық сөйлеуіне, үндестік заңын сауатты меңгеруге және шешен сөйлеуге баулиды. Ғалымдар дұрыс сөйлеу мәнері баланың тұлға болып қалыптасуына зор ықпал етеді дейді. Құлаққа жағымды, тартымды сөйлейтін бала құрбы-құрдастарымен еркін пікір алмасады. Өз ойын ашық жеткізеді. Керісінше, тілінде мүкісі  бар бала тартыншақ болады.

Ресей ғалымы Ирина Козлянинова «Произношение и дикция» деген кітабында күн сайын балаға 10-12 жаңылтпаш оқытып отыруға кеңес береді. Жаңылтпаш үйреткенде  қысқасынан бастаған жөн.

Логопедтер бала тіліндегі мүкісті емдегенде негізінен жаңылтпашты пайдаланады. Балалар бақшасында тіл ширату, көркем сөз оқу, тақпақ айтуға балдырғандарды жаттықтыру үшін арнайы уақыт бөлініп, эстетикалық тәрбие жұмыстары жүргізіледі, мүмкіндігінше жаңылтпаштарды әнге қосып айтуға да болады. Балалар бақшасында ұйымдастырылған жаңылтпаш айтысудың мәні зор. Ол үшін, тәрбиеші күні бұрын жоспар жасап, керекті жаңылтпаштарды топтай білу керек. Әрине, тілі өте мүкіс, көбінесе логопедиялық дәріс алып жүрген баланы ондайда ұятқа қалдырып, сағын сындырудан сақ болған дұрыс. Өйткені жаңылтпаш айтудың психологиялық әсері де ерекше. Әсіресе, жаңылтпаш жаттығулар арқылы «р» дыбысына тілі келіп, сөзді мүдірмей айтуға баланың қуанышы қойнына сыймай, өмірдің өткелінен өткендей әсер алады.

Ғалымдар шет тілін меңгеру үшін де жаңылтпаштың пайдасы өте зор дейді. Жаңылтпаш айтумен көбірек шұғылданған балалар шет тілін тез игереді. Қазір де көптеген тіл үйрету орталықтарында бұл тәжірибені жиі қолданады. Нейропсихологтар жаңылтпашпен жаттыққанда, мидың белсенділігі артып,  санаға түскен ақпараттар өңделіп, жадыға жылдам бекиді дейді.
Жаңылтпаштың табиғаты қиын болғандықтан, бала оны өз еркімен оқығысы келмейді. Сондықтан ата-аналар балдырғанмен бірге жаттықса, оңай болады. Сөйлемді ақырын оқып, әр әріпті анық айтқан жөн.

* * *

Шуақтаған ботамды,
Шуға апарып шуладым.
Шудалаған шудасын,
Суға салдым,
Судан алдым,
Суға малдым.

***
Ай, ай, Айдарбай,
Иір мүйіз сиырды
Үйіңе айдай бар!
Қорытынды: 

Жаңылтпаш – ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Ол адамдардың бір нәрселердің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жаңылтпаш мақал – мәтел сияқты тақпақтап, ұйқастырып айтылады. Жаңылтпаш өте ертеден келе жатқанмен, әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған.болатын заттар: аспан әлемі, жыл мезгілдері, қоршаған табиғат, тұрмыстық заттар,мал, жан – жануарлар, адам оның дене мүшелері, еңбек құралдары,т.б. Жаңылтпаш әр түрлі заттар мен құбылыстар, білім өнер ұғымдары. Жұмбақтар соған байланысты тақырыбы жағынан да сан алуан. Өздерің де кез келген нәрсені ұйқасын келтіріп құрастыруларыңа болады.

Жаңылтпаш екі түрлі қызмет атқарады. Біріншіден ойын – сауққа жиналған жұртты күлдіру.Екіншіден баланың тілін ұстартып, жаңылтпаштың әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрету. Жаңылтпаштың сөздері жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстардан құралады. Мұнда қайталаулар жиілеп кездеседі. Мысалы :

Қара бүркіт томағасын түсірді,

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

Оны мен томағаламай, кім томағалайды.

Абай Құнанбаев он тоғызыншы қара сөзінде: «Жас кезінен жақсы сөз естіп өскен бала кейін есті адам болады» дейді. Сондықтан баланы жас кезінен бастап тәрбиелік маңызы жоғары халық ойларының кәусар бұлақтарымен сусындату қажет. Себебі, халықтың даналық ойлары халық педагогикасының шамшырағы болған. Ал халық даналығы тәрбиелік мәні зор жаңылтпаштардан көрініс табады. Қорыта айтқанда жаңылтпаштарды жаттап, жаттыға айту арқылы баланың ана тіліне деген құштарлығы артып, ойлау қабілеті шыңдалады. Сондай-ақ баланың аңғарымпаздығы, алғырлығы ұштала түседі. Бұлар, бір жағынан баланың ойлауын жетілдірсе, екінші жағынан сөздік қорын да молайта түседі. Жаңылтпаштар өз ұлтын, өз мұрасын білуге үйретеді. Жаңылтпаштар баланың дүниетанымын, тілін дамытып, кішкене кезден бастап мақсатты іс-әрекетке үйретеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *