Қазақстан Binance крипто биржасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Binance – әлемдегі ең ірі криптовалюталық биржа. Криптовалюталық мәліметтердің әлемдік ірі агрегаторы болып табылатын CoinGecko деректерінше, Binance биржасындағы бір күндік споттық сауда ауқымы 14 млрд АҚШ долларынан асады, ал деривативтер бойынша көрсеткіш 50 млрд доллар шамасында.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдегі ең ірі Binance криптовалюта биржасының негізін қалаушы және бас директоры Чанпэн Чжаомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның тиісті құрылымдары мен Binance арасындағы цифрлық қаржыландыру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегі, блокчейн технологиялары саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ аймақтық хаб құру мәселелері талқыланды. Қазақстандағы крипто индустриясы талқыланды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Binance арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту. Меморандумға қол қою бүкіл әлем бойынша реттеушілер мен құқық қорғау органдарының өкілдерін оқытудың жаһандық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – кибер және қаржылық қылмыстарға қарсы күресте экожүйенің жергілікті және халықаралық органдармен ынтымақтастығын дамыту.

Тараптар крипто-активтер туралы ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласты. Меморандум қылмыстық крипто-активтерді Қазақстан пайдасына бұғаттау, тыйым салу және тәркілеу жөніндегі рәсімді жолға қоюға мүмкіндік береді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *