Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

 

Журналист- халық пен билікті байланыстырушы алтын көпір болып табылады. Жалпы қоғамда Журналист төртінші билік деп те айтып жатады. Неге? Өйткені Журналист халықтың мәселесін билікке жеткізеді. Ал биліктің заңын халыққа жеткізеді.Сонымен қоғамдық пікір қалыптастырушы болып саналады. Журналист мамандарына қойылатын талаптар да өте жоғары.Журналист – өз ісіне адал бола отырып, халықтың жағдайын бірінші орынға қойып, тек шынайы әрі дәлелденген ақпаратты таратуы шарт.Журналист жарияланған әрбір материалына басымен жауап бере алатындай болуы керек. Сонымен қатар журналист еш уақытта қателеспеуі қажет. Өйткені журналист қателессе, ол бір адамның емес мыңдаған , миллиондаған адамға сол қателіктің зияны тиуі мүмкін. Халық нағыз Журналист жазған материалға сеніммен қарайтынын ұмытпау керек!

Журналист әрдайым ақпаратты шынайы әрі нақты етіп халыққа жеткізеді. Өтіріктің балын ішкенше, шындықтың уын ішіп мәселенің шешімін табамын деп, халықтың жан айқайын жеткіземін деп отқа да суға да түсуге дайын Журналисттердің өмірлеріне біршама қауіп төнеді.Журналистика саласының қалыптаса бастаған кезінен саяси тақырыпта жазатын медиа қызметкерлеріне қауіп көп болған. Бұл қазір де бар. Одан бөлек, бүгінгі қоғамда тыныш емес аймақтардан ақпарат тарататын соғыс журналистеріне де қауіп басым. Сондай-ақ діни және расистік мәселелерді  жазатын тілшілерге де экстремистік топтар тарапынан төнетін жиі байқаймыз-, дейді Ethical Journalism Network ұйымының президенті Айдан Уайт.

Журналист өз жеке мүддесі үшін жұмыс істемей, халық пен ел жағдайы үшін жұмыс істейтіндіктен оны заң орындары да үкімет те қолдауға , қорғауға міндетті. Журналист – белгілі бір оқиғаны жазу үшін сөз еркіндігін, тіл байлығын қолданатындықтан сөз бостандығының болуы өте маңызды. Журналисттер халықтың жағдайы үшін аянбай еңбек етіп жатқандықтан еркіндіктің осы салада кеңінен болғандығы жөн деп санаймын!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *