Жатақханаға зар болған студенттер

Сырттан келетін барлық студенттің ортақ бір мәселесі – жатақхана.

Жаңа оқу жылы басталар уақытта студенттер  жан-жақтағы ауыл аймақтардан жастар қаласы-  Алматыға арман қуып ағылып келедім.

Оларға тұратын орын табу аса қиындық туғызуда.Тіпті оқу жылының басында :: тұратын жерлері жоқ студенттер вокзалда, саябақта түнеп жүр деген жаға ұстатарлық жағдайларды естідік.  Негізі блгілі бір оқу орнының  жатақханасына әр түрлі квоталарымен көп балалы отбасылардан шыққан студенттер, ақылы оқитындар, грантта оқитындар ,мүгедектер,  өзге мемлекеттен келген студенттер  және ең маңыздысы басқа аймақтардан,алыстан ат терлетіп келген,  үлкен қалада мүлде  туған туысы,жақыны жоқ студенттерге берілуі тиус. Алайда кейбір оқу орындарының жатақханасы аядай тар әрі кіп кішкентай , 200 ақ орын ал оған 700 адам кезекте  тұр екен.

Жатақханада ине шаншар орын жоқ екендігіне көз жеткізген студенттер тәуекелге бел буып  айына 300 000 пәтер жалдап тұруда. Ол студент үшін өте қымбат. Бірақ бұл тұрғаны , ал қаншама пәтер жалға берушілер студенттерге пәтерін бергісі келмейді .Өйткені оларда тұрақты жұмысы жоқ дегендей. Тіпті бұл арзан баға болып қалды. Ресейдегі мобилизация әсерінен Қазақстанға орыс азаматтары ағылып келе жатқандығынан, жалға пәтер берушілер студенттерді қуып, пәтер бағасын 2 есе көтеріп сол ресейліктерге беріп пайда көрмекші болып жүр. Бұл мүлде дұрыс емес.

Студенттер білім аламын деп үлкен қалаға ат терлетіп, ата- ана үмітін арқалап келгесін олар оқуын алаңсыз оқиды ма әлде сол пәтер ақысын төлеу үшін 24/7  жұмыс жасауы қажет пе?! Одан бөлек студенттің жүріп тұратын , ішіп жейтініне қаражат керек екені анық.

Біле білсеңіздер, студенттік жатақхана – бұл ең маңызды әлеуметтік нысан екенін ескеретін уақыт жетті. Мысалы, биыл салынуы тиіс 10 мың орындық жатақхананың 6 ай ішінде тек 1320 орынға арналған алтауының құрылысы аяқталған. Бұл жалпы құрылыстың 13-ақ пайызы. Оған қоса, 3,5 мың орынға арналған 9 жатақхананың құрылысы, яки биыл салынуы тиіс нысандардың 35 проценті бойынша құрылыс жұмыстарының аяқталуы екіталай.

Менің ұсынысым бар. Мысалы бізде қалада бос тұрған қаншама үлкен ғимараттар бар. Соларды босатып, студенттерге жататын жағдай жасап берсек. Немесе үлкен салынып жатқан көпқабатты үйлердің жоғарғы қабаттарын студенттер жайына айналдарсақ қайтеді?! Бұл бірақ менің жай ғана ұсынысым еді.

 

Туысының үйінде қысылып жатқан студенттер қаншама.Бөлек шығып кетейін десе басқа танысы жоқ, жатақхана орын жоқ, пәтер удай қымбат.  Олар сонымен қатар қала шетінде тұрса тіпті мәселе. Өйткені жол мәселесі бар. Үйінен қалаға дейін кептеліспен 2 сағатта әрең дегенде жетіп барады. Сөйтіп шаршап ұйықтап қалады. Осындай жолды еңсеріп келсе  сабақ дайындаудың өзі бір төбе болыр қалар.

Жоғарыда көтерілген мәселелерге байланысты, Үкімет тарапынан жатақхана салу бойынша сұрақтарды жүйелі түрде, әрі нақты шешуді ұсынамыз. «Еліміздің болашағы – жастар», – деп оларға ауызбен емес, жүйелі мәселелерін шешу арқылы іспен қолдау көрсетейік. Адам үшін ең бірінші маңызды дүние- ол адамның тұратын тұрғылықты жері болып табылады.Егер осы жатақхана мәселесі бір шешімін тапса, студенттер үшін үлкен көмек болар еді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *