06130100-«Бағдарламалық қамтамассыз ету» «Web бағдарламалау» пәнінің ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ЕУРАЗИЯ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

«БЕКІТЕМІН»

Директордың оқу жұмысы

жөніндегі орынбасары

__________ Инкарбаева Г.М.

«_____»______________ 2021 ж.

 

 

 

 

 

06130100-«Бағдарламалық қамтамассыз ету»

«Web бағдарламалау»

пәнінің

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

 

Кредит саны —  3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ 2021

 

«Web бағдарламалау» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31 қазан 2018 жылғы №604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

 

Құрастырушы (лар):  ______________ Ерғали Д.А.

(қолы)

 

 

 

 

 

«Web бағдарламалау» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасы «Экономика және ақпараттық жүйелер»  пәндер бірлестігі отырысында талқыланды   №___ хаттама, «___»________ 2021 жыл.

 

ПБ төрайымы   ______________   Досжанова Б.Р..

(қолы)

 

 

 

 

 

 

«Web бағдарламалау» пәннің оқу жұмыс бағдарламасы Еуразия аграрлық колледжінің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және мақұлданды №___ хаттама, «___» ___________ 2021 жыл.

 

Әдіскер  ______________ Мамбетов М.Б.

(қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми-әдістемелік бөлімде тіркелді № ____    «____» ________ 2021 ж.

 

Білім алушыға арналған пәннің оқу жұмыс бағдарламасы (Syllabus)

«Информатика» пәні бойынша

2021-2022 оқу жылына арналған

Негізгі мәліметтер
Білім беру бағдарламасы (шифр, аты) 06130100-«Бағдарламалық қамтамассыз ету»

4S06130105-«Ақпараттық жүйелер технигі»

Курс, семестр 1-курс, 1-семестр
Пән статусы КМ
Кредит саны 2
Сабақ өтетін аудитория № 434каб., 3 оқу  ғимараты
Дәріскер Ерғали Дәулет Асқарұлы

8-700-557-57-91

mc.daulet.20.4@mail.ru

Практикалық сабақтарды жүргізетін оқытушы Ерғали Дәулет Асқарұлы

№3 оқу ғимараты, №343каб.

8-700-557-57-91

Электронды байланыс mc.daulet.20.4@mail.ru

Пререквизиттер және постреквизиттер
Пререквизиттер: Жоғарғы математика, Ақпараттық жүйелер
Постреквизиттер: Андройд студио
Қажетті құралдар, жабдықтар анықтамалық-нұсқаулық кестелер, мультимедиялық проектор, дидактикалық материалдар, компьютерлік сынып.
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты–Интернет желісінде жұмыс істеумен байланысты білім мен жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру: динамикалық парақтарды құру және клиент толтырған пішінді өңдеу.

 

Міндеттері:

— Интернет технологиясы туралы негізгі түсініктер қалыптастыру;

— Гипермәтінді белгілеу тілі (HTML)., HTML тілінің тэгтарымен таныстыру;

— Java Script сценарий тілі, Java Script тілінің синтаксисімен таныстыру;

— Динамикалық Web-парақтарды құруға үйрету;

— Web сайт және оны құру технологияларымен таныстыру;

— Web -сайттардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру;

— Жеке Web –сайтты,web-анимациялардықұруға үйрету.

Жұмыс уақытының бөлінуі

 

Семестр Кредиттер саны Аудиториялық сабақтар Аудиториядан тыс жұмыс Курстық жоба Өндірістік оқыту/ кәсіптік практика Жалпы сағат саны Бақылау түрі
дәріс зертханалық-практикалық Барлық сағат саны СОӨЖ СӨЖ        
1 3 36 18 36 18       72 Сынақ

 

Пәнді оқығаннан кейін білім алушы:

 

— білуі тиіс

-кез-келген ақпарат принциптері мен ақпараттың сипатын;

-ақпаратты түрлендіру процессімен, кестелер, диаграммалар және мәліметтер қорымен жұмыс істеу;

-интернет технологиялардың негізгі ұғымдарын;

-web дизайнның негізгі қағидаларының, web-сайт моделін жүйе ретінде жобалаудың негізгі кезеңдері мен міндерттерін;

-HTML –құжаттарды гипермәтіндік белгілеу тілінің негізгі конструкциясын;

-операциялық жүйенің негізгі типтерін,фунциональдық мүмкіндіктерін;

-графикалық бейнені құруға арналған әдістері қолдануды;

-интернеттің негізгі клиенттерін — электорндық почта, браузерді қосуды.

 

 — дағдысы болу керек

-алынған ақпаратты қолдану;

-электронды кестелер және мәліметтер базасымен жұмыс істеу, графиктер тұрғызу;

-өзінің жеке ақпараттық кеңістігін тиімді ұйымдастыруға арналған ақпараттық оъбектілердің жеке топтамаларын қалыптастыруды;

-операциялық жүйелерді орнату, параметрлерін бекітіп, операциялық жүйелердің түрлерін айыруға дағдыланады;

-объектілер мен үдерістердің қарапайым модельдердін 3D бейне түрінде құруды;

-жеке өмір ақпаратына және басқа адамдардың ақпараттық нәтижелеріне құрметпен қарау.

 

-құзыретті болу керек

— Интернет желісінде жұмыс істей алу;

— Web-парақтарды құру технологияларын меңгеру;

— Динамикалық Web-парақтарды құра алу;

— Өзінің жеке Web-сайтын құра білу;

— Macromedia Flashбағдарламасында анимацияларды құра біл

— Заманауи клиенттік бағдарламалауды пайдаланып, интернет-қосымшаларды жобалау есептерін шешуге қабілетті;

— Интернет желісінде ақпаратты қорғау және ұсынуды ұйымдастыру үшін веб технологиялар құруға қабілетті;

— Бүкіләлемдік ақпараттық кеңістікте жұмыс істеуге қабілетті.

Курс саясаты

 

Сабақтан кешікпеу және қалмау, оқытушы ұсынған сабақтың мазмұнын мұқият тыңдау және сабаққа белсене араласу, аудиторияда ұялы телефонды өшіріп қойып жұмыс істеу, қалған сабақтарды қосымша орындау, кітапханада және үйде өз бетінше дайындалу.

Ең жоғарғы балл білім алушыға тапсырманы толық  және уақтылы орындағаны үшін беріледі. Тапсырманы уақытында білім алушыға өткізбеген жағдайда балл азаяды. Аралық бақылауларды, СӨЖ-ді (семестрлік жұмыстар) тапсырмаған білім алушы сынаққа жіберілмейді. Сынаққа кіруге рұқсат алу үшін білім алушы ағымдағы және межелік бақылау нәтижесінде 50% — дан жоғары балл алуы керек.

Сынақ білім алушы ең жоғарғы балл 100% алады. Жоғары балл алу үшін сынақ тапсырмаларында барлық сұраққа толық жауап беруі керек. Толық жауап болмаған жағдайда пайыз мөлшері азаяды. Білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге және дәстүрлі жүйедегі бағаларға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша (оң бағалар «А»-дан «D»-ға дейін азаю арқылы және «қанағаттанарлықсыз» — «FX», «F») балдармен бағаланады (әріптік жүйемен бағалау кестесі құжаттың соңында келтірілген).

«FХ» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей-ақ қорытынды бақылауды қайта тапсыру мүмкіндігіне ие.

«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, білім алушы осы оқу пәніне қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлері орындайды және қорытынды бақылауды қайта тапсырады.

Сынақ тапсырмалары Тест турінде болады (100 сұрақ, 4 нұсқа, 5 вариант).

Әр сұрақ 100 баллмен бағаланып, орта баллы шығарылады.

Бағалау саясаты және аттестаттау Критериалды бағалау: дескриптер бойынша оқытудың нәтижелеріне қатысты бағалау (аралық бақылау мен емтиханда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).

Суммативті бағалау: аудиториядағылардың жұмыстарының белсенділігі мен қатысуын бағалау, СӨЖ (жолба / кейс / бағдарлама / …)

Қорытынды бағаның есептеу формуласы.

Пән бойынша қорытынды баға =(АБ1+АБ2)/2∙0,6+0,4ҚБ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың   бөліну  сағаты

Тақырыптар Академиялық сағат саны Барлығы
Дәріс Тәжірибелік  сабақ СОӨЖ СӨЖ  
1 Интернет дамуының тарихы. Базалық желі топологиясы. 2 1 1   4
2 Компьютерлік желілердің классификациясы. Интернет топологиясы. 2 1 1   4
3 Интернеттегі хаттамалар. IP – адрестер мен URL – адрестер. Маршруттау. Домендік есімдер. 2 1 1   4
4 Клиент сервер технологиясы. Интернетке қосылудың түрлері мен әдістері. 2 2 1   5
5 Web – сайттардың ақпараттық деңгейін бақылауға арналған құралдар. Интернет қосымшаларды бағдарламалау. 2 1 1   4
6 Статистикалық және динамикалық Web[1]беттерді дайындау технологиялары. 2 1 1   4
7 Hypertext Markup

Language (HTML). ұғымы. HTML құжаттарын құру.

2 2 2   6
8 Тегтер. HTML құжатының құрылымы. HTML-де мәтінмен жұмыс. Арнайы символдар. Графика. Суреттерді сақтау. 2 1 1   4
9 HTML-де тізімдермен жұмыс. HTML-кестелерді құру. Гиперсілтемелер құру. Пішімдерді құру. Фреймдар. 2 1 1   4
10  Javascript негізі. 3 1 2   6
11 Web – қосымшаларды әзірлеу тәсілдері. Бағдарламалық тәсілдер. Шаблондар негізіндегі тәсілдер. Объектілі құралдар негізіндегі әдістер. 3 1 1   5
12  ASP.NetForms технологиясы көмегімен Web –қосымшаларды әзірлеу. Веб сервистерді құру. 3 1 1   5
13 Web қосымшаларды жобалау. Веб қосымшаларды әзірлеуді ұйымдастыру. 3 1 1   5
14 Веб қосымшаларды құрудың заманауи методологиялары. 2 1 1   4
15 Web-жобалау 2 1 1   4
16 Web-дизайн. Macromedia Flash бағдарламасы 2 1 1   4
Барлық  сағат 36 18 18   72

Курстың тақырыптық жоспары

Дәріс – 24 сағат

Дәріс

Дәрісте қаралатын тақырыптар және ондағы сұрақтар Сағат саны Қолданылатын көрнекі-иллюстрациялық және басқа материалдар Тақырыпты қосымша өздігінен меңгеруіне қажетті әдебиет көздері
1. Интернет дамуының тарихы. Базалық желі топологиясы. 2 Бүкіләлемдік желі немесе WorldWideWeb (WWW). – ол Интернет. Интернет дегеніміз – дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын дүниежүзілік желі. Топталған желісі. Интернет ағылшын тілінен аударғанда – компьютерлік серверлердің бүкіләлемдікИнтернеттің артықшылығы. Интернеттің даму тарихы. Қазнет. Интернет технологиялар негіздері. Негізгі әдебиеттердің тізімі

1-4

Қосымша әдебиеттердің тізімі

5-15

2. Компьютерлік желілердің классификациясы. Интернет топологиясы. 2 Желі (Network) – ресурстарды бірегей қолдану мен ақпараттармен алмасу үшін қандай да бір тәсілдермен біріккен компьютерлер немесе басқа да ШҚМУ Е Ү 027-19-03 Пән бағдарламасы(Syllabus) құрылғылардың тобын айтамыз. Ресурстар – желідегі қолданылатын бағдарламалар, берілген файлдары, принтерлер мен басқа да қосымша құрылғылар. Компьютерлік желілердің классификациясы: байланысатын түйіндер арасындағы қашықтыққа қарай 3 класқа бөлінеді. Жергілікті (локальные, LAN), аймақтық (региональные, MAN), аймақтық[1]таратылған (глобальные, WAN). Шина. Сақина. Жұлдызша.
3. Интернеттегі хаттамалар. IP – адрестер мен URL – адрестер. Маршруттау. Домендік есімдер. 2 Әртүрлі құрылғылар мен бағдарламалар арасында мәлімет алмасу қалай және қандай түрде атқарылатыны жайлы ережелер жиыны хаттама деп аталады. Түрлі – түрлі компьютерлер мен операциялық жүйелер үшін әр түрлі авторлар жазған бағдарламалардың өзара сәйкесті түрде дұрыс жұмыс істеуін осы хаттамалар жүзеге асырады. Хаттамалар мынадай топтарға жіктеледі: базалық хаттамалар (TCP мен IP) Интернет компьютерлері арасында кез келген типтегі электрондық хабарламаларды физикалық түрде тасымалдауға жауап береді. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланыста жұмыс істейтін болғандықтан, оларды көбінесе бірге жазылатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/Internet Protocol – тасымалдауды басқару хаттамасы/желіаралық хаттама) терминімен белгілейді.
4. Клиент сервер технологиясы. Интернетке қосылудың түрлері мен әдістері. 2 Хаттама – желідегі компьютерлер байланысын реттейтін ережелер мен процедуралар жиыны. Бірнеше хаттамалар жиынын хаттамалар ағымы деп атаймыз. Қазіргі кезде ең көп тараған ағым – TCP/IP. Желілік деңгейде TCP/IP ағымына кіретін хаттамалар: ARP, RARP, ICMP, IGMP, IP. Физикалық деңгейде: Ethernet, Token Ring, Wi-Fi, Bluetooth. Транспорттық деңгейде: TCP, UDP. Қолданбалы деңгейде: HTTP, FTP, SMTP, POP3, DNS6 RIP, OSPF. Сонымен қатар IPS/SPX, NWLink, NetBEUI хаттамалар ағымы бар.
5. Web – сайттардың ақпараттық деңгейін бақылауға арналған құралдар. Интернет қосымшаларды бағдарламалау. 2 Web қосымша: клиент-серверлік қосымша, мұнда браузер клиенттің рөлін атқарады, ал уеб-сервер сервердің рөлін атқарады — . Логика веб-қосымшаның логикасы сервером мен клиенттің арасында үйлестірілген, мәліметтерді сақтау серверде, ал ақпарат алмасу компьютерлік жүйеде іске асырылады. веб-қосымшалар 1990 жылдардың аяғында және 2000-жылдары үлкен танымалдыққа ие болды. Интернет- қосымшаларға арналған инструменталдық орта мен әзірлеу құралдары. HTML генератор. Magic HTML Studio 2.0, Macromedia Dremeaver.Веб сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңнен тұрады: жоспарлау; Элементтерді жасақтау; бағдарламалау, тестілеу, жариялау, жарнамалау, бақылау.
6. Статистикалық және динамикалық Web[1]беттерді дайындау технологиялары. 2 Статистикалық беттер веб сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ көшірмесі болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді. Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес, белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. CGI технологиясы.
7. Hypertext Markup

Language (HTML). ұғымы. HTML құжаттарын құру.

2 Интернетке түрлі қызметтердің жиынтығы әсер етеді.Солардың бірі ең көп тараған қызметтер қатарына Web енеді. Web – тораптардағы құжаттардың негізгі форматы HTML болып табылады. Ағылшын тілінен аударғанда гипермәтінді белгілеу тілі ШҚМУ Е Ү 027-19-03 Пән бағдарламасы(Syllabus) деп аударылады. Гипермәтін – бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. HTML тілінің негіздері. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар тэг орналасқан құрылымнан тұрады. Тег – ол браузерге тег ішінде ораналсқан мәтіндегі бейнелеуді көрсететін басқарушы символ.
8. Тегтер. HTML құжатының құрылымы. HTML-де мәтінмен жұмыс. Арнайы символдар. Графика. Суреттерді сақтау. 2 Тег – ол браузерге тег ішінде ораналсқан мәтіндегі бейнелеуді көрсететін басқарушы символ. Тегтер: құрылымдық, абзацты форматтау, символдар, гипермәтінді анықтау, графиканы қою, тізім құру және сол сияқтылар болады. HEAD тегінің элементтері. Кез келген HTML құжат үшін негізгі бөлімнен тұрады: html, haed, boby.
9. HTML-де тізімдермен жұмыс. HTML-кестелерді құру. Гиперсілтемелер құру. Пішімдерді құру. Фреймдар. 2 HTML нөмірленген (маркерлеген) және нөмірленген тізімдер, анықтау тізімдерінен тұрады. Сондай ақ кірістірілген тізімдерді де пайдалануға болады. HTML тілінде бағаналар мен жолдармен кестелер құрылады. Ұяшық кез келген HTML элементтерінен тұрады: тізім, гиперсілтемелер, графиктер.Мәтіннің бөлігі немесе бір сөз, атау, графикалық бейне және оның бөлігі осы құжаттың ішіндегі басқа мәтінге немесе Интернеттегі басқа құжатқа сілтеме бере алады. Бұл гипермәтіндік байланыс, гипермәтіндік сілтеме немесе қарапайым гипербайланыс деп аталады. Фреймдер – бұл браузер терезесінде бір мезетте бірнешефайлдарды ұсыну үшін құрылатын аймақтар.
10.  Javascript негізі. 3 Java Script web-құжаттарды өңдеудің ең негізгі тілдерінің бірі. Барлық танымал браузерлерде қолданылады. Ол web-құжаттарға интерактивтілік пен динамиканың элементтерін кіргізу үшін қажет. Java Script тілі Netscape Communication компаниясы шығарған сценарийлер тілі болып табылады. Әдетте программаның тілін компьютерге ұғынықты қылу үшін транслятор керек. Компилятор программаның кодын машиналық тілге ауыстырады. Сонымен қатар, оған программисттің қолданған стандартты процедураларын қосады. Нәтижесінде жұмыс коды деп аталатын жұмыс істеп тұрған программа пайда болады. Мұндай файлдың кеңейткіштері: .exe, .com..
11. Web – қосымшаларды әзірлеу тәсілдері. Бағдарламалық тәсілдер. Шаблондар негізіндегі тәсілдер. Объектілі құралдар негізіндегі әдістер. 3 Web-қосымшалары арқылы HTML және XML құжаттарының басқаруындағы стандартты www-браузерімен жұмыс істейтін негізгі пайдаланушы интерфейсінің бағдарламасын түсінуге болады. Қолданушы интерфейсінің сапасын жақсарту үшін көбіне JavaScript қолданылады, алайда бұл интерфейс әмбебаптылығын бірнеше төмендетеді. Ескере кететіні интерфейсті java немесе Flash-апплеттерінде құруға болады, алайда бұндай қосымшаларды web-қосымшалары деп атау қиындық тудырады, өйткені, сервермен байланысу үшін java немесе Flash өздерінің хаттамаларын қолдана алады, яғни HTTP хаттамасы WWW үшін стандартты емес байланыс қолданылады. Web-қосымшаларын құру кезінде Пішінін (сыртқы түрін,стилін), Мазмұнын және Деректерді өңдеу логикасын бөлуге тырысады. Web-сайттарды құрудың заманауи технологиялары бұл идеалға жеткілікті түрде жетуге мүмкіндік береді.
12.  ASP.NetForms технологиясы көмегімен Web –қосымшаларды әзірлеу. Веб сервистерді құру. 3 ASP.Net бұл web-қосымшаларды және web-сервистерді әзірлеу технологиясының жиынтығы.NET Framework инфрақұрылымының бір бөлігі болып ШҚМУ Е Ү 027-19-03 Пән бағдарламасы(Syllabus) табылады. ASP.Net келесі технологияларды қамтиды: ASP.Net Web Forms-басқарудың серверлік элементтерін қолданатын web формалардың көмегімен web-қосымшаларды құру технологиясы; ASP.Net Web Service – құру технологиясы web-сервистердің (ASMX веб-қосымшалардан немесе Windows қосымшаларынан шақырылуы мүмкін; ASP.Net MVC – технологиясы web-қосымшаларын құру пайдалана отырып, үлгіні Model-View[1]Controller.
13. Web қосымшаларды жобалау. Веб қосымшаларды әзірлеуді ұйымдастыру. 3 Web технологиялар қарапайым web-қосымшаларды да, күрделі ақпараттық web-жүйелерді да әзірлеуге мүмкіндік береді. Мұндай қосымшаларды табысты әзірлеу үшін бағдарламалық жасақтаманы (БҚ) әзірлеудің жалпы процесін түсіну қажет: негізгі іс-әрекеттер орындалуы тиіс әзірлеу бойынша; осы әрекеттер ретінде өзара байланысты; оларды орындаудың қандай тәртібі; осы процеске қандай мамандар қатысуы тиіс. Нақты web-қосымшаларды әзірлеу ұжымдық жұмыс нәтижесінде ғана мүмкін болады. Қосымша мөлшеріне байланысты оны құруға қатысатын мамандарды әзірлеу әсер етуі мүмкін әртүрлі тәуекелдерге ұшырайтын күрделі іс соңғы нәтиженің жетістігі.

 

14. Веб қосымшаларды құрудың заманауи методологиялары. 2 Web-қосымшаларды жобалау мен әзірлеудің ең танымал қазіргі заманғы әдіснамалары болып табылады: Webml-өңдеу әдісі және тілі Web Modeling Language; WSDM-web қосымшаларды әзірлеудің алғашқы әдістерінің бірі WebSite Design Method. WebML методологиясы модель негізінде web-қосымшаларды әзірлеу тәсілі болып табылады. WebML-нің негізгі үлесі қосымшалардың өмірлік циклінің барлық жұмыс түрлерін қолдау үшін әзірлеушілер командаларымен қолдана алатын мәліметтерді белсенді қолданатын web-қосымшаларды құру үшін ұғымдар, белгілеулер және әдістемелер жиынтығын өңдеуден тұрады, талдаудан бастап өрістету мен дамытуға дейін.
15. Web-жобалау 2  
16. Web-дизайн. Macromedia Flash бағдарламасы 2 Интернетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол веб дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Macromedia Flash – Macromedia компаниясы өңдеген веб сайттар мен презентацияларға құруға бағытталған интерактивті анимацияны құратын интегралданған орта.сурет-сызба салу өнерінде, анимациялардың әр түрлерін құруда, интерактивті анимация үшін басқару элементтерін жасауда, жұмыс кезінде Action Script сценарийлер тілін кең пайдалануда, фильмдерді, роликтерді құрастыруда, веб парақтар мен презентацияларды құруда пайдаланады.

Тәжірибелік  сабақ –12 сағат

Тәж. сабақ

 

Тәжірибелік  сабақ  тақырыптары

 

 

Сағат саны

Сабақты өткізуде қолданылатын әдістер мен формалар* Тақырыпқа байланысты әдебиеттер  мен әдістемелік ұсыныстар
Интернет дамуының тарихы. Базалық желі топологиясы. 1 Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту. Әдебиеттерді зерттеп, дәрісте қарастырылмаған тақырыптар бойынша глоссарий құру. Практикалық сабақтарда алған білімдерін бекіту Негізгі әдебиеттердің тізімі

1-4

Қосымша әдебиеттердің тізімі

5-15

Компьютерлік желілердің классификациясы. Интернет топологиясы. 1 Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту. Әдебиеттерді зерттеп, дәрісте қарастырылмаған тақырыптар бойынша реферат жазу. Практикалық сабақтарда алған білімдерін бекіту
Интернеттегі хаттамалар. IP – адрестер мен URL – адрестер. Маршруттау. Домендік есімдер. 1 Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту. Әдебиеттерді зерттеп, дәрісте қарастырылмаған тақырыптар бойынша реферат жазу. Практикалық сабақтарда алған білімдерін бекіту
Клиент сервер технологиясы. Интернетке қосылудың түрлері мен әдістері. 2 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.
Web – сайттардың ақпараттық деңгейін бақылауға арналған құралдар. Интернет қосымшаларды бағдарламалау. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.
Статистикалық және динамикалық Web[1]беттерді дайындау технологиялары. 1 Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту. әдебиеттерді зерттеп, реферат жазу.
Hypertext Markup

Language (HTML). ұғымы. HTML құжаттарын құру.

2 Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту. әдебиеттерді зерттеп, реферат жазу
Тегтер. HTML құжатының құрылымы. HTML-де мәтінмен жұмыс. Арнайы символдар. Графика. Суреттерді сақтау. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау. Негізгі әдебиеттердің тізімі

1-4

Қосымша әдебиеттердің тізімі

5-15

HTML-де тізімдермен жұмыс. HTML-кестелерді құру. Гиперсілтемелер құру. Пішімдерді құру. Фреймдар. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.
 Javascript негізі. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.
Web – қосымшаларды әзірлеу тәсілдері. Бағдарламалық тәсілдер. Шаблондар негізіндегі тәсілдер. Объектілі құралдар негізіндегі әдістер. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді

шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.

 ASP.NetForms технологиясы көмегімен Web –қосымшаларды әзірлеу. Веб сервистерді құру. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.
Web қосымшаларды жобалау. Веб қосымшаларды әзірлеуді ұйымдастыру. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.  
Веб қосымшаларды құрудың заманауи методологиялары. 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.  
Web-жобалау 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.  
Web-дизайн. Macromedia Flash бағдарламасы 1 Бағдарламаны құрудың тәжірибелік машықтарын бекіту. Есептерді шығарып, есеп беруді дайындау және қорғау.  

 

СОӨЖ тапсырмалары — 12 сағат

 

СОӨЖ тақырыптары

 

 

Сағат саны

Ұсынылған әдебиеттер және басқа әдеби көздер
Интернет дамуының тарихы. Базалық желі топологиясы. 1 Негізгі әдебиеттердің тізімі

1-4

Қосымша әдебиеттердің тізімі

5-15

Компьютерлік желілердің классификациясы. Интернет топологиясы. 1
Интернеттегі хаттамалар. IP – адрестер мен URL – адрестер. Маршруттау. Домендік есімдер. 1
Клиент сервер технологиясы. Интернетке қосылудың түрлері мен әдістері. 1
Web – сайттардың ақпараттық деңгейін бақылауға арналған құралдар. Интернет қосымшаларды бағдарламалау. 1
Статистикалық және динамикалық Web[1]беттерді дайындау технологиялары. 1
Hypertext Markup

Language (HTML). ұғымы. HTML құжаттарын құру.

2
Тегтер. HTML құжатының құрылымы. HTML-де мәтінмен жұмыс. Арнайы символдар. Графика. Суреттерді сақтау. 1
HTML-де тізімдермен жұмыс. HTML-кестелерді құру. Гиперсілтемелер құру. Пішімдерді құру. Фреймдар. 1
 Javascript негізі. 2
Web – қосымшаларды әзірлеу тәсілдері. Бағдарламалық тәсілдер. Шаблондар негізіндегі тәсілдер. Объектілі құралдар негізіндегі әдістер. 1
 ASP.NetForms технологиясы көмегімен Web –қосымшаларды әзірлеу. Веб сервистерді құру. 1
Web қосымшаларды жобалау. Веб қосымшаларды әзірлеуді ұйымдастыру. 1
Веб қосымшаларды құрудың заманауи методологиялары. 1
Web-жобалау 1
Web-дизайн. Macromedia Flash бағдарламасы 1

 

 

 

СӨЖ тапсырмалары — …. сағат

апта

Өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар (тақырыптар)

 

Сағат саны Ұсынылған әдебиеттер және басқа әдеби көздер Есеп беру формасы**
1 2 3 4 5
1-7 1 Аппараттық қамтамасыз ету. Мобильдік құрылғылар сипаттамасы

2 SQL деректер қорынәзірлеу

3 Интернет

     
8-15 1 3D – модельдеу

2 WWW

3 Есептеу жүйелері

 

     

 

 

 

Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсырудың графигі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           
Жұмыс түрлері Позициялар Бағалар
Балл Пайыз %
Аудиториялық сабақтар, соның ішінде:  
Дәріс Конспектілеуі, белсенділігі 100 100  
Зертханалық сабақ Орындауы, сапасы, белсенділігі 100 100  
Тәжірибелік сабақ Белсенділігі, үй тапсырмасын орындауы 100 100  
Межелік бақылау  
1) Бақылау жұмысы

2) Бақылау жұмысы

7 апта

15 апта

100

100

100

100

 
СӨЖ  
  График  (апта) Позициялар Бағалар
СӨЖ түрлері Тапсырманы беру Жұмысты қабылдау Орындауы және мерзімінде тапсыруы Балл Пайыз %
1.

 

2.

1 аптада

 

8 аптада

7  аптада

 

15 аптада

100

 

100

100

 

100

Ағымдық  бақылау – АБ1 (ағымдағы (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 7 апта 100 100
Ағымдық  бақылау – АБ2 (ағымдағы  (аудиториялық) жұмыс, межелік бақылау, СӨЖ) – 15 апта 100 100
Қорытынды бақылау (ҚБ)

Сынақ

 2– семестр, сынақ жазбаша

Әр тест сұрақтар саны – 5

(4 нұсқа, 25 сұрақ)

100 100
Барлығы   100

 

Білім алушы әрбір пәннен алған қорытынды бағасы келесі формуламен анықталады:

 

Мұнда,  ҚБ – пәннің қорытынды бағасы;

АБ1 және  АБ2 – 1 және 2 ағымдық бақылау;

Е – емтихан бағасы (100 балдық шкаламен).

Білім алушыға сынақ кітапшасына және транскриптісіне «EduPage» бағдарламасына енгізілгеннен кейінгі қорытынды баға әріптік және сандық баламамен қойылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім алушының білім жетістігін әріптік жүйемен бағалау

 

Әріптік бағалау Сандық баламасы Пәнді меңгерудің пайыздық мөлшері% Дәстүрлі жүйедегі баға
А 4,0 95-100 Өте жақсы
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89  

Жақсы

В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74
С 2,0 65-69 Қанағаттанарлық
С- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
0,5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24

 

СӨОЖ орындау үшін әдістемелік нұсқау

 

Реферат – тақырып бойынша тапсырманы А4 форматқа жалпы беті 10-12 болатын көлемде, рефраттың мазмұнында кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі болуы қажет. Толық талпқа сай жазылған реферат топ ішінде талқылауға салынып, оқытушымен бағаланады.

Баяндама – тақырыпты 5-7 минутқа сыйдырып қысқаша баяндама ретінде жазып, оны аудитория алында қорғау керек.

Ауызша жауап – берілген үй тапсырмасы конспекті ретінде жазылып, ол оқытушымен білім алушы арасында пікір ретінде талқыланады.

Ситуациялық есептер шығару – тақырып бойынша берілген есептер топқа бөлініп шығарылады және ол осы топпен қорғалады.

Есептер шығару — әрбір білім алушы өзіне берілген есептерді шығарып, оқыту алдында қорғайды.

Конспект – оқытушы үйге семинар ретінде берген тапсырмаларды білім алушылар жазып, оны оқытушыға тексертеді.

Жазбаша жұмыс – бірнеше тақырып бойынша сұрақтар беріліп, оған білім алушылар жазбаша жауап береді.

Бақылау жұмысы – аралық бақылау алдында өткен тақырыптарды пысықтау үшін жазбаша бақылау жұмысы болады, оған теориялық материалдар және есептер шығару жатады.

            Презентация — тақырыптар бойынша әрбір білім алушыға немесе білім алушы тобына тапсырма біріледі және олар жасаған жобаларын топ алдында қорғайды.

 

Сөздік (Глоссарий).

Alt – аймақтың балама аймағы. Сілтемеге еске салушы мәтін ретінде қолданылады.

CGI программалары — жалпы шлюздік интерфейс

CSS (Cascading Style Sheets – Каскадтық стильді кестелер) – HTML,XHTML жəне т.б. белгілеу тілдерінде жазылған веб-беттердің сыртқыкөрінісін суреттейтін, əрлейтін тіл болып есептеледі.

GML – жалпы белгілеу тілі

HTML – гипермәтінді белгілеу тілі

Name – сурет картасының идентификаторы. Идентификатор сондай құжаттар арасында бірыңғай болады.

SGML – стандартты жалпы белгілеу тілі

Shape – басылатын аймақтың формасы.

Web–парақ – жеке құрылған құжат.

Web-сайт – белгілі бір тақырыпқа арналған Web-парақтардың жиынтығы.

Web-сервер – Интернетке тұрақты қосылған, тораптар орналасқан, белгілі сұраныстар бойынша Web-парақтарды тауып бере алатын компьютер.

World Wide Web – бүкіл дүниежүзілік өрмек.

WYSIWYG — (ағылшын тілінде What You See Is What You Get, «нені көрсең, соны аласың») – қолданбалы бағдарламалар мен веб-интерфейстер сипаты болып саналады, онда контент өңдеу кезінде құжат веб-бет немесе тұсаукесер ретінде соңғы шыққан контент көрінісіне өте ұқсас болып келеді.

Атрибут — ашу тэгтеріне қолданылатын сипаттамалар, түрлендірулер

Әмбебап кодтау (ағылшынша «generic coding») деп аталады. Форматталған мəтінге қатысты барлық қажет жерде өзіндік белгілеу тілдері.

Белгілеу (ағылшынша «markup») термині ағылшын тіліндегі (marking up) сөз тіркесінен туған, «белгілеу, белгілеп қою» дегенді білдіреді.

Белгілеу тілі – бағдарламалау тілдер қатарына емес, компьютерлік тіл қатарына кіреді. Белгілеу тілі – символдар мен жүйеліліктер жиынтығы, ол қарапайым мәтіннен синтаксисі жағынан өзгешелеу болып келеді. Белгілеу тілінде жазылған мәтіндік құжат тек қана мәтіннен емес, сондай-ақ тізім, ерекшеленген сөздер немесе тақырыптардан құралады.

Блокнот (ағылшынша Notepad) – кез келген Microsoft Windows операциялық жүйесінде орналасқан қарапайым мәтіндік редактор.

Браузерлер майданы – браузерлер нарқын басқару үшін болатын браузерлер арасындағы күрес.

Веб-браузер дегеніміз – интернеттегі ақпарат көздерін көру үшін оларды өңдеуге, бір беттен екіншісіне ауыстыруға арналған бағдарлама.

Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін.

Гипермәтін — сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- видеоларды тарату мен хабарласу жиынтығы. Гипермәтіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде», «жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі «super» cөзінің мағынасына сәйкес келеді.

Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған шағын компьютерлік желелерді бір – бірімен байланыстырып тұрған орасан зор компьютерлік желі.

Навигация – ауысулар

Сурет карта (англ. image map, кейде cенсорлы карта немесе графикалық карта) – HTML белгілеу тілінің графикалық объектісі, ол суретпен байланысты және суретті басу арқылы белгілі бір URL-ға сілтеме жасалатын арнайы аймақты білдіреді.

Сілтеме (hyperlink) – локалды дискте немесе компьютер желісіндеорналасқан құжат ішіндегі басқа бір элементке (мəтін, тақырып, сурет жəне т.б.), басқа объектіге сілтеме беретін гипермəтінді құжаттың бір бөлігі.

Тэг — HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары

Тэг (tag) дегеніміз — HTML тіліндегі командалар.

Хаттама (протокол)- бірыңғай стандарт, ережелер.

Элемент — бұл тегтердің жұбы және олардың арасында орналасқан символдық мәліметтер (мәтін немесе код)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі әдебиеттердің тізімі

  1. Интернет технологиясы:оқулық. ҚР Білімжәнеғылымминистрлігібекіткен / Г. Е. Мырзабекова [және т. б.]. — Алматы :Дәуір, 2011. — 192 бет.
  2. Оқу құралы. Кабдрахманова З.Г «Интернет технологиялар және Интернетте бағдарламалау» 2012. – 60 бет.
  3. Ниязова, РозамгульСериковна. Webтехнологиялардыоқытуәдістемелері:техникалықмамандықстуденттерінеарналғаноқуқ ұралы / Р. С. Ниязова, А. Ә. Шәріпбай, А. С. Омарбекова. — Алматы :Эверо, 2017. — 220 бет.
  4. Нурпеисова, Т. Б. Ақпараттық-коммуникациялықтехнологиялар: [оқуқұралы] / Т. Б. Нурпеисова, И. Н. Кайдаш ; ҚР Білімжәнеғылымминистирлігі. — Алматы :Бастау, 2018. — 536 бет.

Қосымша әдебиеттердің тізімі

  1. Ақпараттықкоммуникациялықтехнологиялар:оқуқұралы / Б.А.Урмашев, Ф.Р.Гусманова, Г.Г.Газиз [жәнет.б.]. — Алматы:Қазақуниверситетi, 2017. — 390 бет.Л.П.Тунева., Асылбеков
  2. У. Б.WEB — технологиялар : [оқуқұралы] ҚР Білімжәнеғылымминистрлігі / У. Б. Асылбеков, А. А. Исмаилова. — Алматы:Бастау.2019. — 324 бет.
  3. А.Ф. Тузовский. Проектирование и разработка Web приложений. Москва, Юрайт 2017-217 стр.
  4. Web дизайн в примерах и задачах. Д.А. Евсеев и др. Москва, 2016г-263 стр.

 

  1. Web технологиялар. Білім алушыларға арналған пәннің ОӘК, Абай атындағы ҚазҰУ, Құрастырушылар: К.А. Искакаова, Л.А. Жанбаева, Қ.А. Беделов, Алматы 2012 ж.,77 бет.
  2. Веб бағдарламалау. Оқу құралы. М.Е. Мансұрова, М.Ж. Болысханова, 2016 ж., 175 бет
  3. Әдістемелік нұсқаулар, «Web-технологиялар» Кадырова А.С, Шошақ М 2011ж.
  4. Дронов В.А. HTML 5, CSS и Web 2.0 Разработка современных Web-сайтов – БХВ-Петербург, 2011
  5. Гаевский А.Ю., Романовский В.А. Создание Web-страниц и Web-сайтов. – Москва.: Технолоджи-3000, 2008г. -464с.
  6. Web-технологиялар. Оқулық. Б. Бөрібаев, Г.А. Мадьярова, Алматы, 2011ж.-359 бет.
  7. Веб бағдарламалау. Оқу құралы. М.Е. Мансұрова, М.Ж. Болысханова, Алматы, Қазақ Университеті, 2016 ж.-175 бет.

 

Әдістемелік нұскаулар

1.http://bilimdiler.kz/ Білімділер сайты

2.http://45minut.kz/

  1. http://infust.kz Информатиктердіңеркінбірлестігі
  2. http://ustaz.kz/ Ашықсабақтар сайты
  3. https://bilimnur.wordpress.com/

6.https://bilimgylym.wordpress.com

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *