интернет тәуелділіктің қалыптасуы

Алматы қаласындағы «Тұран» университетінің студенті

Қоспанова Әсия Амандыққызы

 

21 ғасыр интернет пен жаңа технологиялар заманы. Алайда, интернет әлеміне деген басым қызығушылық адам психологиясына өз әсерін тигізбей қоймайды. Әлеуметтік желіде әсіресе жасөспірімдер тәуелділікке бейім. Онлайн ойындар мен онлайн ән тыңдау және тағы басқа  мүмкіндіктер қарастырылғанына байланысты көптін көзін баурайды.

Әлеуметтік желі тәуелдігі уақыт өте пайда болады. Бір қарағанда жай дүние болып көрінетін бұл әлемнен көз алу қиынға соғады. Осыған дәлел  Tik-Tok желісі. Қазіргі таңда Tik-Tok желісін 150 елден 1 миллиард адам қолданады. Адамның ойлау қабілеті жеңіл сіңірілетін заттарға биім, ал қысқа бірнеше секундтық видеолар адам назарын босатпайды. Пайдаланушылардың уақытты бақыламауы мидын зақымдалуына әкеледі. Қысқа видеоларды көру немесе жолдау арқылы шынайы өмірден ауытқиды.

Тәуелділіктің қалыптасуы  мида нашақорлық аймақтарын қолданғанмен тең көрініс береді. Дәлірек айтқанда, эмоцияларға, назар аударуға жауапты ақ заттар зардап шегеді. Адам өзін қолға алмаған жағдайда шын өмірде өзін жоғалту немесе алға қойған  мақсаттарының орындалмауына алып келеді. Бұл проблеманы шешуде әлеуметтік тәуелділіктің негізінде қандай проблемалар жатқанын, адам неліктен «виртуалды әлемге қашатынын» толықтай талдау жасау керек. Әсер ететін факторлар қатарында отбасындағы, ата-анасымен және бақытсыз махаббат, өзіне деген сенімсіздік, жұмыстағы немесе мектептегі қиындықтар болуы мүмкін.

Қытай елі интернетке тәуелділікті психологиялық ауру ретінде мойындаған әлемдегі бірінші мемлекет болды. Олар өз елінде  бірінші болып интернетке тәуелділер үшін емдеу лагерлерін құрды. Мұнда емдеу курсы кем дегенде алты айға созылады.Ауыр физикалық жұмыстан, психологиялық терапиядан, дәрі-дәрмектен, тіпті бағынбағаны үшін жазадан тұрды. Мекемелер 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған. Терапияның бұл әдісі компьютерде көп уақыт өткізетін балалардың денсаулығы мен физикалық дайындығының нашарлығымен түсіндіріледі. Ата-аналар балаларын қайта тәрбиелеу лагерлеріне жіберуді Қытай жерінде қолдап отыр.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *