Латын графикасына көшу- заман талабы

С.Д. Аққу ,Журналистика мамандығының

2 курс студенті, Туран университеті

Алматы қ . Қазақстан Республикасы 

Латын графикасына көшу- заман талабы

Аңдатпа: Мақалада қазақ қоғамындағы өзекті тақырыпқа айналып отырған кириллицадан жаңа латын әліпбиіне көшу мәселесіне жан-жақты талдау жасалынған. Жаңа әліпбиге көшудің қазақтың төл болмысын қалпына келтірудің маңызды құралы әрі заман талабы екендігі қарастырылады. Латын графикасының арқасында жастарымыздың жаһандық коммуникациялық қауымдастыққа қосылу мүмкіндігі артуда. Сондықтан елімізге келген  шетелдіктердің тілдік кедергісін жеңілдетуге тиімді екені әрі әдетте туристер өздерін ыңғайлы сезінетін жерге бара алатындығы белгілі. Біз латынға көшу арқылы дамыған елдердің қатарына қосыламыз және қазақ тілінің өзіне тән стилистикасы қалпына келтіріліп, артық кірме сөздерден біржолата арылуымыз жайлы мақалада сөз болады.

Кілт сөздер: латын әліпбиі, кириллица, мәдениет, жаһандық кеңістік, грамматика, стилистика, лексика

 

Аннотация: В статье дается комплексный анализ перехода с кириллицы на новую латиницу, которая становится актуальной проблемой в казахстанском обществе. Считается, что переход на новый алфавит является важным инструментом восстановления казахской идентичности и требованием современности. Благодаря латинской графике возможности нашей молодежи присоединиться к глобальному коммуникативному сообществу растут. Поэтому известно, что он эффективно облегчает языковой барьер иностранцев, посещающих нашу страну, и туристы обычно могут отправиться в то место, где им комфортно. Мы пополним ряды развитых стран через переход на латиницу, а в статье пойдет речь о восстановлении стилистики казахского языка и устранении лишних слов.

Ключевые слова: латиница, кириллица, культура, глобальное пространство, грамматика, стилистика, лексика.

 

Annotation: The article provides a comprehensive analysis of the transition from Cyrillic to a new Latin alphabet, which is becoming an urgent problem in Kazakhstani society. It is believed that the transition to a new alphabet is an important tool for the restoration of the Kazakh identity and the requirement of modernity. Thanks to the Latin script, the opportunities for our youth to join the global communication community are growing. Therefore, it is known to effectively alleviate the language barrier of foreigners visiting our country, and tourists can usually go to the place where they are comfortable. We will join the ranks of developed countries through the transition to the Latin alphabet, and the article will discuss the restoration of the style of the Kazakh language and the elimination of unnecessary words.

Key words: Latin, Cyrillic, culture, global space, grammar, stylistics, vocabulary.

 

Осыдан бес жылдан бұрын сол кездегі ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жазуын кириллицадан латын әліпбиіне көшіру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сол сәттен бастап тақырып төңірегінде көптеген пікірлер қозғалып,жұрт назарына ие болды. Бірден әліпби комиссиясы құрылып, республика бойынша жаңа әліпбиге көшу жұмыстары басталды. Содан бері елімізде көше, дүкен, дәріхана, әсіресе, мемлекеттік мекеме атауларын қазақ тілінде латын әліпбиімен жазу тәжірибесі кең етек алды. Мұны қазіргі қолданыстағы әліпбиге немесе орыс тіліне деген қарсы көзқарас деп қабылдамай, қерісінше халықтың өз қалауымен таңдап алмаған өткеннің өктем саясатынан арылудағы ізгі іс деп түсінуіміз қажет.

Осы уақыт аралығында халыққа әліпбидің төрт түрі назарға ұсынылған болатын.Қоғамдық сын фонында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев латын графикасына көшу кезінде орын алған олқылықтарды жоюды тапсырды.Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Ұлттық әліпби комиссиясы латын қарпіндегі әліпбидің жетілдірілген жаңа нұсқасын таныстырды.Соңғы әліпби 31 әріптен тұрады, жасалуында ресми мәліметтер бойынша 3000 эксперт қатысқан. Еліміздің осылайынша кириллицадан латынға көшуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да үлкен маңызға ие. Бұл қадам қазақ тілінің жастар арасында кеңінен таралуына маңызды фактор болмақ.

Ел мәдениетінің негізі тіл екені белгілі. Яғни,біздің мәдениет те жазу мен тілге негізделген. Бәрімізге белгілі, қазақ тілі де, қазақ жазуы да кеңестік дәуірде табиғатына, қажеттілігіне сай қолданылған жоқ. Сондықтан тілдің  құрылымына да табиғи емес өзгерістер енгізілді.Тарихқа көз жүгіртер болсақ, 1920 жылдардың соңы мен 1940 жылдардың басында қазақ тілі латын әліпбиінің негізіндегі әліпбиді қолданған. Бірақ 1940 жылдардың басында латындандыруды доғарып, кері процесс басталды — кириллицаға қайта оралу. Әрине,елдегі жаңа әліпбиге көшудің өзіндік себептері бар және стратегиялық тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, реформаны жүзеге асыру үлкен қиындықтарға толы. 1920-1940 жылдары Кеңес Одағында орын алған араб  жазуынан латынға, латыннан кириллицаға көшу тәжірибесі көрсеткендей, мұндай қайта құрулардан мәдениет ең көп зардап шекті. Мұндай ауысулар өз еркімен немесе еріксіз үлкен мәдени-тарихи әдебиеттердің, бұрынғы жазу жүйесінде жинақталған мәліметтердің күнделікті айналымнан «кетуіне» әкелді.

1940 жылы 41 әріптен тұратын кирилл әліпбиі енгізілді. Орыс тілінің Ю, Я, Ф, Ь, Щ, Ч, Ц  әріптері, ал 1957 жылдың өзінде Ы әрпі енгізілді.Оның ықпалымен қазақ тілінің емле ережелеріне өз шегінен шығып кеткен жазу нормалары енгізілді [1, 8 б.].  Бұл нормаларды сақтау міндетті болып табылды және олар сауаттылықтың критерийі болғандықтан, қазақ тілінің төл сипаты бұзыла бастады. Осыған орай, мұндай тілдік себеп қазіргі қазақ жазуын латын тіліне көшіру қажеттілігіне айналды.Екінші жағынан, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Ресей империясы, Кеңес Одағы кезіңіндегідей аймақтық емес, жаһандық кеңістіктің тең құқылы мүшесі атанды.Бұл Қазақстан Республикасы жаһандық саяси, мәдени және экономикалық процестерге қосылуы керек дегенді білдіреді. Бүгінде мұндай кеңістікте латын әліпбиінің үлесі айтарлықтай үлкен. Сондықтан қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру тілдің, оның ішінде мәдениеттің жаһандық үдерістерге енуіне мүмкіндік береді. Одан бөлек, әлеуметтік қажеттілік бар.Қазіргі жастар шет тілдерін, әсіресе, енді ғана қарқын алып келе жатқан ағылшын тілін жетік меңгерген.Сонымен бірге, қазіргідей білім мен мәдениет, технолиягияның дамыған дәуірінде латын әліпбиі әлемде басым жазу жүйесіне айналды. Ең дамыған 20 елдің 18-інде қолданыста латын әліпбиі бар. Техника және ғылым жаңалықтарының біршама бөлігі латын әліпбиіне негізделген тілдерде жасалған. Кім не десе де, бұл әліпбидің таралу географиясы біршама кең.

Жоғарыда айтқанымыздай, жаңа әліпбиге көшудегі маңызды мақсат – қазақ тілінің лексикалық, стилистикалық, грамматикалық жағынан  өзіндік сипатын қалпына келтіріп, жаңғырту. Егемендік алғаннан соң әр халық өз мәдени болмысын қалыптастыруға аянбай күш салады. Осы себепті Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты посткеңестік мемлекеттер латын әліпбиіне көшіп, тілдерінің дамуына мәдени-лингвистикалық алғышарттар жасады. Өзге елден Қазақстанға келген ғалым-саяхатшылар қазақ тілінің басқа түркі тілдерінің арасындағы бай тіл екендігі жайында айтып өткен. Дәл осындай тілдің табиғи болмысын сақтап қалу үшін үлкен реформа қажет. Міне, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген қазақ тілін реформалау мәселесі жаңа әліпбиге көшуден бастау алады. Бұдан ұлттық терминологиялық қор қалыптасып, қазақ тілінің алдында бай мүмкіндіктер ашылады. Тіл арқылы төл мәдениетіміз бен ұлттық болмыс қалыптасады. Екіншіден, жалпы кез келген әлемде кеңінен танылған мәдени және ғылыми процестерді қабылдау – ілгерілеуге жасалған үлкен қадам. Әр ұлт, әр мемлекет, әр адам заман ағымына сай бақуатты өмір сүргісі келеді. Жаһандық үдерістер осы бақуатты өмірдің басты шарттарының бірі бәсекеге қабілеттілік екенін көрсетеді. Әлемдегі жазудың бәсекеге қабілетті түрі, яғни әліпби латын әліпбиі екенін 20 ғасыр тарихы дәлелдеді. 21 ғасырда бұл процесс тіпті күшейе түсті.Яғни, жаһандық интеграциядан кейін қазақ қоғамы жеңеді. Үшіншіден, қазірдің өзінде кирилл әліпбиін қолданып, математика, химия, физика, биология, география, техника, технология пәндерінің таңбалары мен формулалары латын әліпбиінде. Мысалы, химиядағы периодтық жүйе, физикадағы бірліктер жүйесі, математика мен геометриядағы формулалар латын әріптері арқылы жазылады. Демек, бұл әліпби біздің білім беру жүйесіне әлдеқашан енген. Күнделікті өмірге келсек, күнделікті өмірде қолданатын тауарларымыздың атаулары, әр уақытта, сағат сайын қолданатын интернет жүйелері осы әліпбиде емес пе?! Ендеше, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі өміріміздің барлық саласына еніп үлгерген құбылысты ресми түрде қабылдауға жасалған қадам болмақ. Төртіншіден, болашаққа деген қамқорлық. Қазір жастар қарапайым хабарламаларды латын әліпбиімен жазады. Қай қоғамда болмасын үлкен реформалар ең алдымен жастардың мұң-мұқтажы мен мүддесі үшін болып жатыр. Демек, жаңа әліпбиге көшу – ең алдымен жастарымыздың болашағы. Бесіншіден, қазір әлемдегі 19 миллион қазақтың 4 миллионнан астамы шетелде тұрады. Олар тұрғылықты жеріне қарай әртүрлі алфавиттерді пайдаланады. Мысалы, Қытай қазақтары араб, қытай жазуын, Өзбекстан, Түркіменстан, Түркия, Еуропа, Америка қазақтары – латын әліпбиін, Ресей қазақтары – кириллица әліпбиін қолданады. Яғни, бүгінгі күнге дейін қазақтар бір-бірін түсінетін, өзара ақпарат алмасатын ортақ әліпби жасалмаған.Латын әліпбиі әлем қазақтарын біріктіретін жазу үлгісі ғана емес, ұлттық болмысты қалыптастырудың қуатты құралына айналады.

Әрине, латынға көшу барысында халық пікірінің екіге бөлінетіні анық. Бірақ, бәрібір де уақыт өте латынға көшеріміз белгілі. Өйткені, бұл – уақыт талабы.Мақсатқа жету жолында біршама мәселелер туындайтыны да мәлім.Мәселен, ұрпақтар арасындағы алшақтық та республика халқының жастары латын әліпбиін тез әрі сәтті игеріп алатын болса, ал аға буын күнделікті қолайсыздықтарды бастан кешіріп, кириллицада қалып қоюы да мәселеге айналуы мүмкін. Бұл жағдайда Қазақстан билігінің басты міндеті – жүйелі әрі тиянықты жұмыс жүргізу. Тек қаржылық ресурстар мен мінсіз еңбекқорлықты ғана емес, сауатты басқаруды талап ететін жұмыс болып табылады.

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшудің геосаяси себептері туралы қауесеттерді және кирилл әліпбиінен бас тартуға қарсы жандар да бар. Осы тұста профессор Қадыр Жүсіп артқа жалтақтамай, ештеңеден қорықпау керек деп есептейді [5.].  Оның пікірінше, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі – саяси мәселе емес, уақыт талабы: «Ақпараттық технология заманында заман ағымына ілесу керек. Бұл ретте кириллица өмірімізден мүлде жойылып кетеді деп қорқудың қажеті жоқ. Біріншіден, Қазақстанда ресми тіл болып табылатын орыс тілі бар. Екіншіден, барлық кітаптар мен энциклопедиялардың ескі нұсқалары қалады. Олардың барлығы уақыт өте келе латын тіліне аударылады, бірақ ескі нұсқалары сақталады. Біз қазір балабақшадан, бірінші сыныптан бастап латын тілін енгізуіміз керек. Тілді қазірдің өзінде адамдар өз бетімен меңгеруі үшін сынақ газеттері мен журналдарын басып шығару керек. Бұл өте оңай. Дағдылар өте тез келеді,тек тырысу керек». Яғни, латын әліпбиіне көшу тек қазақ тіліне қатысты болғандықтан, Қазақстандағы орыс тілінің жағдайына әсер етпейтіндігі айдан анық. Латынға көшу орыс тілін, кириллицаны қолданыстан алып тастау дегенді білдірмейді. Қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру туралы шешім тек практикалық тұрғыдан қабылданған. Бұл біртіндеп жүретін процесс. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілімен қатар Конституцияда бекітілген Қазақстандағы мемлекеттік тіл мәртебесіне ие орыс тілі де осы мәртебені толық сақтайды. Қазақстанда орыс тілі барлық деңгейде қазақ тілімен тең қолданылады бермек. Демек, орыстілді қазақстандықтар да, орыстар да Қазақстанда қазақ тілінің кириллицадан латынға көшуіне алаңдап, уайымдаудың қажеті жоқ.

Мемлекеттік тілдің жаңа әліпбиі жас ұлтты біріктіретін қуатты құрал болуы керек. Тілдік жікке бөлінуден аулақ болуымыз керек.Реформаның экономикалық тиімділігі туралы айтатын болсақ, латын графикасы біз үшін дамыған экономика мен азаматтық қоғамды құрудың алғышарттарын  бастап береді.Латын жазуы – дамыған демократиялық мемлекет болу жолындағы біздің егемен өркениеттік таңдауымыз.

Қорытындылай келе, латынға көшу қазақ халқының жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне,алға қарай жылжып,дамуымызға оң әсерін тигізері сөзсіз. Біз латынға көшу арқылы дамыған мемлекеттер қатарына еніп, тіліміздің өзіне тән стилистикасын қалпына келтіріп,өзге кірме сөздерден арылуға қадам жасаймыз.Әрине латын графикасына көшудің жақсы жақтары да, кемшіл тұстары да бар. Бірақ бір ғана нәрсе анық – латын графикасының қажеттілігі ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Керісінше, латын графикасының арқасында жастарымыздың жаһандық коммуникациялық қауымдастыққа қосылу мүмкіндігі артады. Барлығы дерлік латын әліпбиімен таныс, сондықтан елімізге келген  шетелдіктердің тілдік кедергісін жеңілдетуге тиімді, өйткені әдетте туристер өздерін ыңғайлы сезінетін жерге барады. Бұл біздің экономикамыздың әртүрлі сегменттерінің даму перспективаларын арттырады: туризмді дамытудан бастап, ақпараттық технологиялар саласындағы перспективаларға және әлемдік аренада еліміздің брендін ілгерілетуге дейін.

Көршілеріміз – әзірбайжандар, түркімендер, өзбектер латын әліпбиіне көшіп үлгерді. Қазақстан халқы да  уақытты босқа өткізген жоқ, осы жылдар ішінде егеменді мемлекетіміз нығайып, әлеуметтік және нарықтық реформалар нәтижесінде еліміздің қоғамдық-саяси имиджінің тұрақты және қарқынды қалыптасуының кезеңін өткізді.Ендігі кезек Қазақстанға да келіп, жаңа әліпби дайындағанда біз жоғарыда аталған мемлекеттердің тәжірибесін пайдаланып, оларда орын алған кемшіліктерді ескеріп, латын әрпінің негізінде қазақ әліпбиі жасалуы керек. Егер де біз кириллица әрпінде қала берсек, бүкіл түркі әлемінен алшақтап кетер едік. Елдің кириллицадан латын әліпбиіне көшуінің әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ саяси тұрғыдан да маңызы зор. Бұл қадам болашақ жас тұрғындар арасында қазақ тілін кеңінен қолдану үшін маңызды фактор болады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат – Нұр-Сұлтан: «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ, 2019
  2. Сейтбекова А. «Жаңа ұлттық әліпби:қазақ жазуын жаңғырту» – Алматы 2017
  3. 3. Құрман Н. Латын графикасына негізделген қазақ жазуы және оны оқыту әдістемесінің мәселелері/ Құрман Н. // Білім ғылыми-педагогикалық журнал. -2019. -№2.- б.48-57.
  4. Лaтын әлiпбиiне көшу – болaшaққa бaғыт-бaғдaр/ « Бiлiм aйнaсы» гaзетi bilimainasy.kz
  5. Қайрымденова А.Е. Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі /Қайрымденова А.Е. //Қазақ тілі және әдебиеті: әдістеме. –2019. -№ 3-4.- б.70-71.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *