Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Журналистердің арқалағаны алтын,жегені жантақ.Қызығы мен қиындығы мол салаға көлденең көк аттылар келе алмайды.Олардың қаруы факт және экран.Олардың міндеті шынайы ақпарат жеткізу.Осы мақсатта олар кейде оқиға орын алған жерге полицейлер мен өрт сөндірушілерден де бұрын барады.Осындай қиыншылықтарды еңсеретін салада еркіндік бар ма? Менің жауабым журналистерге елімізде еркіндік жоқ.

Тіпті 8 ай бұрын Түркістан облысында журналисті өлтірмек болған шенеунік табылды.Соның салдарынан журналистің баласы ауыр жарақат алды.Ол адам өмірін 5 млн-ға бағалаған.Бұл оқиға елімізде журналистерге еркіндік жоқтығын айқын бейнелеп тұр.

Енді еркіндікті жалпы алып қарасақ сөз бостандығы ғой.Былтыр еліміз әлемдік сөз бостандығы рейтингі бойынша 180 елдің ішінен 155 ші орынға келіп тұрақтады.Ал алдыңғы орындарға Нарвегия, Финляндия, Швеция жайғасқан.Бұл елдерде сөз бостандығы бар.Емін еркін,өз ойыңды айта,әрі жаза аласың.

Жалпы әлемнің 132 елінде журналистің жұмысы қиын екен.Ол тізімде бізде бармыз.

Қазіргі таңда елімізде журналист өз ойын айтудан қалды.«Мынау былай деді»,«Анау былай деді».Қысқасы жалаң «деді,айтты» дегенмен ғана шектелеміз. Неге? Енді тағы «деді»деуге тура келеді.Себебі Қазыбек Иса Бұл әдейі қалыптасқан саясат деді. Толығырақ…
«Қазіргі журналистер әсіресе мемлекеттік БАҚ құралдары кез келген нәрсені сұрайды да өзінің пікірін білдірмейді.Бізде сондай саясат қалыптасты,әдейі қалыптастырды.Журналистсің ба өзіңнің пікіріңді білдірме.Осы журналистіңде өзінің тұлға екенін ұмыттыру үшін берді» деп интервьюде осылай жауап берген екен ҚР парламент мәжілісінің депутаты.

Тағы еркіндіктің жоқтығына Мақсат Толықбайдың мына сөздері дәлел бола алады.« Біз бүкіл журналистер тұншықтыру саясатының құрбанымыз!» Мен бұл ой мен толық келісемін. Еркіндік жоқ деп санаймын және мен олай санамасамда солай екені белгілі.

Авторы:Алмаганбетова.А.
Жетекшісі:Әлміш.Ж.Т.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *