Журналистің қызметі қаншалықты еркін

Тақырыбы:Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Қазіргі  таңда    журналистер өз еңбегі жолында ең алдымен — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпаратты жинау, өңдеу оны халыққа тарату қызметін атқарады. Қазіргі әлем ақпараттық технологиядардың жоғары деңгейде дамыған уақыты десек қателеспегеніміз. Осындай уақытта шығарылатын ақпараттың шын немесе өтірігінің ара-жігін ажырату журналисттер үшін қиынға түсетіні сөзсіз. Шығарылған ақпараттың шындығы мен оның дәйекті болуы журналистердің мойнында. Журналист қандай салада жұмыс істесе де, ол қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып саналады. Бірақ халыққа ақпарат таратуда журналистің қызметі қаншалықты еркін болмақ?

Бүгінгі таңда журналистердің сөз бостандығы басты проблемалардың бірі болып табылады. Оларды шешу бүгінгі күннің міндеті. «Елімізде сөз бостандығы бар»,-деп жарияға жар салғанмен, көп жағдайда бұл сөздер мойындалмайды. Не дегенменде журналистер өз ойларын ашық түрде көрсетіп, жариялай алмайды. Олар әрдайым нейтралды позицияны сақтай отырып, тек дәлелденген ақпаратты ғана ел алдына шығара алады. Себебі, журналист қате пікір немесе ақпарат жарияласа, ол тек оның қателесуі ғана емес, барша оқып отырған халықтың теріс пікір қалыптастыруына себеп болады. Сол үшін де журналист өзінің әр айтатын ақпаратын дәлелдеп, сенімді болған жағдайда ғана ел алдына шығара алады. Журналист өзінің айтқан әр сөзі үшін үлкен жауапкершілік арқалайды. Кей жағдайда саяси биліктің «қолшоқпарына» айналып жататын журналистер бар. Олар халық арасында теріс ақпарат таратып жіберуі мүмкін. Дегенмен де, өз істеріне адал, халық үшін қызмет ететін журналистеріміз жетерлік. Олар әділ шешім іздеп, шындықты елге жеткізу үшін, көп жағдайда біраз қиыншылықтар көріп жатады. Тіпті өмірлеріне қауіп төнетін жағдайларда аз емес.Сөз бостандығы бойынша елдер арасында Қазақстан жыл санап төмендеп келе жатқаны да өтірік емес. Себебі, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген өзертулер белсенді халық пен азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндіктерін шектеп отырғаны анық. Журналистің қызметі негізінен өте еркін болып табылады-әлемдік деңгейде. Журналистер өзге мамандық иелерінің кіруіне тиым салынған жерлерге, оңайлықпен кіре алуы әбден мүмкін (мысалы, қылмыс орын алған жер, билік өкілдерімен кездесу, өрт болған жер т. б. ) . Әлемдік журналистика қазіргі кезеңде жақсы дамыған, олар өздері қалаған хабарды жария ете алады, әрі ол хабар өзге адамдарға теріс жағдай алып келетін болсада, шыңдықты ешбір сүзгіден өткізбей еркін жария етеді.

Алайда, бұндай еркіндік барлық мемлекеттерде орнап тұрған жоқ. Осындай сөз еркіндігі орнамаған елдер қатарында өкінішке қарай Қазақстанда бар. Біздің журналистер белгілі бір хабарды жариялар алдын сүзгіден өткізіп, белгілі бір адамдардың келісімімен ғана жарыққа шығара алады ол хабарды. Бұл әрине өкінішті, осы жағдай біздің журналистерге басшылықтың әрі лауазымы жоғары  тұлғалардың ықпалы бар екендігін дәлелдейді. Алайда, бұл жағдайдың ең қызығы журналистердің сөз еркіндігі жайлы заң бар. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі 451 Заңы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ережесінің 2-ші бабы, 1 бөлімінде: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады» делінген. Өкінішке қарай, бұл заңның іс жүзінде ешбір ықпалы жоқ екендігі адамның жанын ауыртады. Қазіргі таңда, журналистердің қызметінде еркіндік жоқ болғанымен, болашақта жастардың, яғни біздің ықпалымызбен бұл еркіндіктің орнайтындығына сенемін.

Қорытындылай келе, журналистер қызметі еркін деп айта алмаймыз. Себебі, көп жағдайда журналистерде өз ойын еркін білдіруге мүмкіндік болмайды. Олар тек дәлелденген ақпаратты таратушы ретінде қызмет атқарады. Қазіргі таңда журналистердің сөз бостандығы мәселесі улкен проблема ретінде қарастырылып жатыр және жақын арада өз шешімін табады деген сенімдемін. Журналистиканың еркіндігі — оның басты құндылығы болып табылады.

Руслан Ақжүніс

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *