« Журналистика-қоғамның айнасы»

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігінің

Тұран университеті

Мақала

Тақырыбы:« Журналистика-қоғамның айнасы»

Орындаған: Мұратқызы Аружан

Топ: Журналистика-3

“Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика. Қоғам бейнесі деп атауымның себебі бар, журналист билік пен халық арасындағы байланысты ұстап тұрушы қастерлі маман иесі. Оның атқаратын ісі жалпы қоғам ортасында өте маңызды. Жалпы, сарапшылар журналистика қырық алты мамандықтың басында тұр деген пікірді айтады. Бұл дегеніміз журналистика саласының сапасынның деңгейінің жақсы екенін білдіреді. Ежелгі Мысырда папирус парағына ақпарат жазылған. Ал көне Римде хабарландырулар тақтайшаларға ілінетін. Осылайша журналистиканың шежіресі басталды. Қаншама уақыт өтседе, осы сала өз құдіреттілігін сақтап қалған. Бұл басқалардан артық дегенді білдірмейді. Жалпы сол билік пен халық арасындағы байланысты қалыптастырушы бір аса құрметті маман иелері болып келеді. Олардың білдірер жеке ойлары болмағанымен, ақпараттың нағыз ақиқат екенін, ақпаратты қаншама еңбектердің жатқандарын біз біле бермейміз. Сахнаның арғы жағымен біз жиі көретін көрініс, екі түрлі. Істеген жұмыстары үлкен құрметке лайық болып келеді. Қоғамдағы мәселелерді жеткізіп қана қоймай ,сол қоғамға әсері тиеді. Журналист өз ісіне адал,сөзі ақиқат болуы тиіс. Себебі журналистің сөзінен көп нәрсе шешімін таппақ. Журналист мамандығы осы қоршаған ортадағы барлық мәселенің жеткізушісі.Сонымен қатар, тағы бір қосып кететін мағынасы терең ой бар. Ол – ұлттық құндылық болып табылады. Біздер сөз майданының айналасында жүргеннен кейін, патриот болғанымыз абзал. Өз туған жеріміздің қадір-қасиетін сезініп, оны терең ұғынған жөн. Қазіргі таңда біздерге ең қажеттісі тәжірибе мен ұлттық тәрбиенің мағынасын түсіну маңызды болып тұр. Ең бастысы, журналистерге керегі ішкі рухтың мықтылығы. Мықты адам болсын, журналист, өзге саланың майталманы болсын, рухы, ерік-жігері мықты болса, биікті бағындырады.Менің ойымша, журналистерден түрлі кәсіп иесі шығады. Біздердің табан тіремейтін жерлеріміз, баспайтын белесіміз жоқ. Қайда жиын, қайда жиналыс сол аймақтардан елге ақпарат береміз. Бір жағынан, журналист адам бейтарап болғаны шарт деп ойлаймын. Өйткені, ешкімнің ығына жығылып, қолшоқпар болуға болмайды. Бұл – этикаға жат нәрсе. Сондықтан қарапайым халықты сапалы ақпаратпен қамту – тікелей борышымыз болып саналады.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *