Журналисттің мамандығы қаншалықты еркін?

Журналистика каншалықты еркін?

Журналистика саласы каншама жауапкершілікті,шынайылық пен ынтаны талап етеді.Бұл саланы еркін деп айта алмаймын.Себебі түсірілім кезінде өз ойыңызды,жеке пікіріңізді жеткізе алмайсыз.Оның үстіне Қазақстанда тіл бостандығы бар деген сөзге сену қиын.Сіз тек әртүрлі ақпарат құралдарынан алынған дереккөздерін,сол қалпында халыққа жеткізетін,екі ортадағы байланыс құрушы адамсыз.Шамадан тыс билік жайлы сөз айту сіздің басыңызға дәу алып келуі мүмкін.Және жеке адамның шегарасына өтіп сөз айту,ол жайында жаман пікір жеткізу, сіздің ең үлкен қателігіңіз болып табылады.Еркінен тыс ешкандай акпаратты айта алмайсыз,және де экран алдында өзіңізді барынша ашу мен ызадан,сізді налындырған жағымсыз жаңалыққа жеке пікір айтып,ашу үстінде аңдамай сөйлер кою,сізді тіпті жұмысыңыздан айыруы мумкін
Ал бұл еркіндікке жатады деп ойлайсыз ба?Мен ешкашан, журналистика факультетін еркін мамаңдық деп санай алмаймын
Бірақ журналист болу,қызық пен қиыншылықты көрсетеді.Барынша төзе біліп, шынайы жан тәніңіз бен беріліп жұмыс жасау тамаша.Алдағы уақытта, мүмкін елде тіл бостандығы болып калар
Мен сол кезде ғана,ел мен билікті алтын діңгегі болған журналистика саласын,еркін деп санай алатын шығармын

Қазіргі таңда журналистер өз еңбегі жолында ең алдымен — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпаратты жинау, өңдеу оны халыққа тарату қызметін атқарады. Қазіргі әлем ақпараттық технологиядардың жоғары деңгейде дамыған уақыты десек қателеспегеніміз. Осындай уақытта шығарылатын ақпараттың шын немесе өтірігінің ара-жігін ажырату журналисттер үшін қиынға түсетіні сөзсіз. Шығарылған ақпараттың шындығы мен оның дәйекті болуы журналистердің мойнында. Журналист қандай салада жұмыс істесе де, ол қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып саналады. Бірақ халыққа ақпарат таратуда журналистің қызметі қаншалықты еркін болмақ?

Бүгінгі таңда журналистердің сөз бостандығы басты проблемалардың бірі болып табылады. Оларды шешу бүгінгі күннің міндеті. «Елімізде сөз бостандығы бар»,-деп жарияға жар салғанмен, көп жағдайда бұл сөздер мойындалмайды. Не дегенменде журналистер өз ойларын ашық түрде көрсетіп, жариялай алмайды. Олар әрдайым нейтралды позицияны сақтай отырып, тек дәлелденген ақпаратты ғана ел алдына шығара алады. Себебі, журналист қате пікір немесе ақпарат жарияласа, ол тек оның қателесуі ғана емес, барша оқып отырған халықтың теріс пікір қалыптастыруына себеп болады. Сол үшін де журналист өзінің әр айтатын ақпаратын дәлелдеп, сенімді болған жағдайда ғана ел алдына шығара алады. Журналист өзінің айтқан әр сөзі үшін үлкен жауапкершілік арқалайды. Кей жағдайда саяси биліктің «қолшоқпарына» айналып жататын журналистер бар. Олар халық арасында теріс ақпарат таратып жіберуі мүмкін. Дегенмен де, өз істеріне адал, халық үшін қызмет ететін журналистеріміз жетерлік. Олар әділ шешім іздеп, шындықты елге жеткізу үшін, көп жағдайда біраз қиыншылықтар көріп жатады. Тіпті өмірлеріне қауіп төнетін жағдайларда аз емес.Сөз бостандығы бойынша елдер арасында Қазақстан жыл санап төмендеп келе жатқаны да өтірік емес. Себебі, елдегі бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген өзертулер белсенді халық пен азаматтардың өз ойларын білдіру мүмкіндіктерін шектеп отырғаны анық. Журналистің қызметі негізінен өте еркін болып табылады-әлемдік деңгейде. Журналистер өзге мамандық иелерінің кіруіне тиым салынған жерлерге, оңайлықпен кіре алуы әбден мүмкін (мысалы, қылмыс орын алған жер, билік өкілдерімен кездесу, өрт болған жер т. б. ) . Әлемдік журналистика қазіргі кезеңде жақсы дамыған, олар өздері қалаған хабарды жария ете алады, әрі ол хабар өзге адамдарға теріс жағдай алып келетін болсада, шыңдықты ешбір сүзгіден өткізбей еркін жария етеді.

 

 

Орындаған:Абуова Ақбопе
Тексерген:Әлміш.Ж.Т

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *