Қазақстан улттық телеарнасы

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Қазақстан телеарнасы қазіргі таңда бәрімізге танымал ,әрі халықтың көңілінен орын алған телеарна. 1958 жылы іргесін көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарататын еді. Содан бері телеарнаның техникалық үрдісі жыл сайын ұлғайып, яғни дамып ,1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасындағы төртінші, деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленген болатын. Бәріне мәлім телеарнаның логотипі қалай өзгергені сіздерге қызық болар. Сондықтан логотиптің тарихына бір көз жүгіртіп қайтсақ.Негізінен телеарна алғаш 1990 жылы таңбаланды. Арнаға сол кезде киіз үй пішіндес, ортасында 1 саны бар логотип басылған еді. Сөйтіп, арна «Қазақстан-1» деп атала бастады. Ал, 2002 жылы салт атты адамның бейнесі бейнеленіп , төменгі жағында «Қазақстан» атауы петроглиф жазуымен берілді.
2002-2006 жылдары арна атауы Күлтегін ескерткішіндегі құнды мұраға ұқсап таңбаланды. 2006 жылы қошқар мүйіз оюлы көк-сары түсті дөңгелек логотип жасалды. Ал, 2011 жылы «Қазақстан» таза қазақ тіліндегі жалғыз арнаға айналды.
Ал, 2014 жылы телевизия логотипі түбегейлі өзгерген еді, логотип тәуелсіздікпен үндес болды.
2017 жылы медиақұрылымның атауы латын әрпімен жазыла бастады. Сөйтіп «Qazaqstan» телеарнасы 5 рет логотип түрін ауыстырған болатын. Қазіргі таңда логотип ,латын әріптермен жазылып тұр. 1990-2017 жыл аралығында өзгерген логотиптің үлкен ұқсастығы бар еді. Ол біздің тәуелсіздікті білдіретін барлық логотипте қолданылған көк түс болатын. Көк түс ашық аспан , сонымен қатар тәуелсіз тыныш өмір дегенді білдіреді. Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп.

 

 

 

Орындаған:Абуова Ақбопе

Тексерген:Әлміш.Ж.т

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *