Мерекелі, берекелі-Алтын күз

№34 «Балбұлақ» бөбекжайы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мерекелі, берекелі-Алтын күз

(«Балауса» ортаңғы тобының мерекеге ұйымдастырған ертеңгілігі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескалиева Аида Маликовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал-2022жылы

Мақсаты :  Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру.

Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Жүргізуші:  Армысыздар бүлдіршіндер және қадірлі қонақтар! «Балауса» ортанғы  тобының «Мерекелі, берекелі Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.

(балалар кіреді қолдарында жапырақтар)

Жүргізуші:Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» — Бұл не?

Балалар: Күз мезгілі

Жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар балалар, қазір бізде жылдың күз мезгілі. Күз мезгілінде қандай ерекшеліктері болады? Күз мезгілінде неше ай бар?Қандай?

Балалар: Жауап береді.

Жүргізуші:  Бәрекелді балалар.

Ән:  «Жапырақтар»

1.Орманда біз келеміз

Жапырақты тереміз

Қызыл жапырақ

Сары жапырақ

Түрлі түсті жапырақ

Жасыл сары міне міне

Саудырайды түседі

2,Жапырақты жоғары

Оңға солға бұлғаймыз

3.Жайқаламыз билейміз

Жарқыраған күндейміз

Айналамыз бәріміз

Иілеміз кәне біз

Тақпақтар:

Аяла:  Алақай! Алақай!

Шаттанды балақай!

Күз түсті, дән пісті

Айтамыз алғысты.

Айдина: Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Дінмұхаммед: Жапырақ ұшты,

Суық та түсті.

Сонда да бізге

Қызық көп күзде.

Хабиба: Алтын,сары, қызыл,көк

Алуан –алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырып

Абдурахим: Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді

Жүргізуші Балалар бір дауыс естіледі кім келе жатыр екен?

(Күз ханшайымы)кіреді.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!Күз ханшайымы.Қош келдіңіз.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме !Мен Күз Ханшайымымын.Балалар мен құр қол келген жоқпын осы күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністерді алып келдім.Жемістер мен көкөністерді үнемі  жесеңіздер денсаулықтарын мықты болады.Қанекей дәруменді жемістер мен көкөністерді атайықшы.Мынау не?

Балалар: Алма,банан,қызанақ,қияр,алмұрт

Күз ханшайымы:Балалар бұл жемістер мен көкөністердің барлығы пайдалы  мен сендерге бір сыйлығым бар сендер осы жемістердің қандай пайдасы бар екенін өздерінен сұрап білсеңдер болады?Ендеше мен мына сиқырлы таяғыммен сиқыр жасайын барлығымыз көзімізді жұмайық.    (дауыс жаңбыр, жапырақтың) (жемістер мен көкөністер кіреді)

Балалар мынау банағы  менің себетімдегі жемістер мен көкөністер тіріліп қонаққа келіп қалыпты.

Алма:

Апорт дейтін алмамын,

Тіл үйірген бал-дәмім.

Қандай жеміс болса да,

Артық менің салмағым.

Банан:

Бананның С,В,В,В,РР дәрумендері көп.

Тістің түбін бекітеді.

Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

Қияр:

Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!

Қызанақ:

Піскен кезде қызанақ;
Көз тартар қызыл түсімен.
Бар ма адам сүйсінбей
Томат шырынын ішпеген?

Күз ханшайымы: Айтыспаңыздар сіздер барлықтарыңыз бізге қажетсіңіздер.Барлықтарыңызды балалар сүйіп жейді.Оданда сіздер бізбен бірге мерекелік кешті тойлаңыздар.Балалар қанекей жемістер мен көкөністерге арнап ұлдарымыз би билеп береміз дейді.

Би: «Саңырауқұлақтар»ұлдар

Алма және банан: жарайсыңдар балалар өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші:Балалар Күз ханшайымы жемістер мен көкөністер жайында  сендерге ойын  ойлап тұрмын дейді ойнайсыңдарма ?

Балалар: иә

Ойын: « Көкөністер мен жемістерді  жинау

Би: «Қолшатыр» қыздар

Ән: « Кап кап »

1.Кап-кап, тук-тук-тук

Тереземді кім қақты?

Таңертең жаңбыр жауып

Балаларды оятты.

2.Кап –кап, дон-дон-дон

Тамшылар тамып жатыр.

Егер шықсан далаға

Қолшатырды ұмытпа

Жүргізуші:Балалар Күз ханшайымы жемістер мен көкөністермен қош айтысайық.Сау болыңыздар!

Кейіпкерлер:Балалар тамаша бәрі бізге ұнады өнерлерін үстей берсін.Енді біздер айтыспаймыз солайма жемістер көкөністер? барлығымызда пайдалымыз.Біздер қоштаспаймыз келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,  бүгінгі «Мерекелі,берекелі Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқтай отырып күз берекелі, астықты болсын демекпіз.Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *