Қазақ Газеті

Қазақ Газеті

Қазақ газеті-Алаштың ұлттық мінбері.Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым.XVIIII-XIX ғасырларда қазақ халқының экономикалық,саяси дағдылары құлдырады,оған себеп Ресей мемлекетінің қазақ даласына үстемдік жүргізуі.Қазақ халқы Ресей бодандығынан құтылу үшін көптеген көтерілістер болды.Бірақ ол көтерілістердің бәрң нәтижесіз шығып,керсінше қазақ халқының одан ары құлдырауына септігін тигізді.Сол орайда біздің Алаш зиялыларымыз күш пен емес,ақыл-ой мен өз бодандығымызды алуға жөн көрді.Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған „Қазақ“газетін өмірге әкелді.Қазақ газеті 1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартты.Газет „Каримов Хусаиновтар баспасынан шықты.Қазақ газетінің не себепті бұлай аталғанына мән беретін болсақ, біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген.Қазақ газеті сол замандағы ұлт зиялылары Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов,Әлейхан Бөкейхановтардың ортақ жемісі.
Газетті жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газет керек нәрсе екендігін көрсетеді. 1907 жылғы санаққа қарасақ, Ресей империясында сол жылы екі мың бір жүз жетпіс үш есімді газет һәм журнал шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы орыс тілінде, сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде басылыпты. Сол сегіз жүз алпыс жетінің ішінде біздің татар қарындастарымыздың отыз шамалы газеті-журналдары болды. Бізде біреуі де болмады.5 жыл уақыт өте келе Қазақ газеті ілгере баса жөнелді онын артынан «Айқап»журналы шықты.Бірақ қазақ зиялылары бұнымен тоқтамады оған дәлел «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары еді.

Басылымның таралымы қазақ мекендеген барлық аймаққа жетіп жатты. Тіпті Ресей, Қытай қазақтары да тапсырыс беріп, алдыртып оқыған. Бұған төмендегі мәлімет айқын дәлел болады.
«Қазақ» газетасын 10 облысқа қараған киіз туырлықты қазақ байдың баласынан 1913 жылдың ішінде алдырып тұрғандардың есебі мынау: 1) Торғай облысы – 694, 2) Семей – 612, 3) Ақмола – 584, 4) Сырдария – 327, 5) Орал – 301, 6) Жетісу – 157, 7) Ішкі оралдық – 136, 8) Ферғана – 30, 9) Самарқан – 8, 10) Закасапий – 5.
Өзге жерлерден:
Оренбург шаһары – 37, 2) Уфа – 14, 3) Қазан – 13, 4) Қытай қазағы – 10, 5) Петербург, 6) Түркия – 5, 7) Мәскеу – 3, 8) Томск – 3, 9) һәм басқа шаһарлар –57. Бәрі – 3007 [3, 82-б.].Кейіннен осы газетті оқыған Қытай қазақтары газеттің тарихы терең болуын ойлап баспахана ашуға 600сом ақша жинап берген болатын. «Азамат» серіктігі – қайырымдылық шараларын ұйымдастырумен айналысқан мәдени ұйым. А. Байтұрсынұлы пен М. Дулатұлының ұйымдастыруымен 1913 жылы желтоқсан айында Орынборда құрылған. Негізгі мақсаты – мүшелік жарна (әр адамнан – 100 сом) есебінен «Қазақ» газетінің үзіліссіз шығып тұруына жәрдемдесу. Сондай-ақ, қазақ қоғамындағы оқу-ағарту жұмыстарын өрістетіп, зәру оқу құралдары мен әдебиеттерді баспадан шығару, мектеп-медреселердегі мұқтаж шәкірттерге қаржылай көмек беру т.б. қайырымдылық шараларын ұйымдастыру ісімен айналысты. Оған Ә. Бөкейхан, Х. Досмұхамедұлы, М. Тынышбайұлы, Шәкерім қажы Құдайбердіұлы, Н. Құлжанұлы және т.с.с. қазақ зиялылары мүше болған [4, 15-16-бб.]. «Азамат» серіктігінен басқа «Қазақ» газетіне ел ішіндегі беделді азаматтар қолдау көрсетіп отырды. ХХ ғасырдың әр салада білім алып келген зиялы қазақ азаматтарының басын біріктірген негізгі ұйытқы «Қазақ» газеті болғандықтан, аталмыш басылым бетінде ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени мәселелер жарияланып тұрды.
Мысалы, қазақ зиялылары үшін ең ұтымды іс – «Алаш» партиясын құрғандығы екені дау тудырмайды. Себебі, саяси ахуал ушығып тұрған кезеңде қазақтың мүддесін қорғайтын бір партия шынымен-ақ керек болатын. Бұл жайында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №256 санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты қысқаша мәлімдемесінде тоқталып, «Алаш» партиясын құруға бел байлағанын ашық айтты. Қазақ» газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден басқа, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды. Сын сағатта туып, Алаш автономиясының үніне айналған «Қазақ» газеті халық алдындағы өз мисссиясын орындады. Біріншіден, сол кездегі қазақ халқының ұлттық мұң-мүддесінің, теңдік пен бостандыққа ұмтылған күресінің, тарихы мен мәдениетінің, күнделікті тұрмыс-тіршілігінің айнасы болды. Екіншіден, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының шамшырағына айналған, еуропалық үлгідегі ұлттық–демократиялық мемлекеттік құрылымның үлгісін көрсеткен Алашорда үкіметінің саяси үнқағазына айналды. Үшіншіден, қазақ тіліндегі кәсіби газет стилін қалыптастырып кетті.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *