Міржақып Дулатовтың (Жастарға) өлеңі мен (Біздің мақсатымыз) мақаласының өміршендік мәні,

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Журналистика Факультетінің 1-курс студенті-Ынтықбаев Рақым Рахманберліұлы

Міржақып Дулатовтың (Жастарға) өлеңі мен (Біздің мақсатымыз) мақаласының өміршендік мәні,

Найзаменен түртсе де,
Жатырмын, қазақ, оянбай.
Мұнша қалың ұйқыны
Бердің бізге, ой, Алла-ай!-деп басталатын,Міржақып Дулатовтың Жастарға атты өлең шумағы,XX-ғасырдағы қазақ жастарына,жігер мен рух бергені бәрімізге аян.Бұл өлең тек жастардың ғана емес,күллі қазақ қоғамының адамдарының көзін ашып,қазақ елінің әлеуметтік және де ұлттық санамызды оятатын, публисттік шығарма деп те атауға болады.
Міржақып Дулатов бәріміз білетіндей- — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі. Ол күллі қазақ еліне,қоғамына өзінің ақындық,көсемсөз шеберлігімен және өзінің халқына,жан-ашырлық қасиетімен көзге түсті.
1905-1905 жылдар аралығында шығып отырған (Серке) газетінде,1907 жылы 6 маусында газеттің 2-ші нөмерінде шыққан*Біздің мақсатымыз*-атты Міржақып Дулатовтың мақаласы жарияланды.Мақаланың басында «Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді халық…Оның ешқандай провасы жоқтығы ыза мен кек туғызады…». Бұл мақаланың алғашқы сөйлемі. Бастауыда өте ауыр естіледі.Бірақ одан әрі оқи берсек,қазақ халқының әлеуметік жағдайы және тұрмыс жайы өте қиын екенің байқаймыз.Мақаланың басты мақсаты,қой бастаған серкедей болып,надандықпен жарықсыз түнекте жатқан қазақ халқын жарық алдына шығаруды мақсат еткен.Мақалада Міржақып Дулатов патша үкіметінің ұлт аймақтарындағы отаршылдық саясатын сынап, бұратана халықтарға көрсетіп отырған қиянатын, зорлық-зомбылығын әшкереледі. Билік төрінде отырған бастық сымақтардың біздің еліміздің дініне, атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрпымызға, тіпті неке мәселесіне де араласа бастап, діни кітаптарды тұтқынға ала бастағандығын да Міржақып Дулатов мақаласында тілге тиек етіп, атап көрсетеді.Осы мақалады, зиялы шындық на пен ақиқатты,нақтылай баспасөз *Серке* газетіне ашық жеткізгеніне айқын көз жеткізе аламыз.Сонымен қатар, мақалада Міржақып Дулатовтың ержүрек,батыл тұлға екенін білуге болады.
Міржақып Дулатовтың (Жастарға) өлеңі мен (Біздің мақсатымыз) мақаласының өміршендік мәні,ол өзінің халқының дәстүріне,дініне,мәдениетіне,болашағына атсалысуы,яғни біз ақынның,екі публистикалық шығармасындада ұлттық идеологияның түпкі мәні неде екенің,байқауымызға болады.
(Біздің мақсатымыз) мақаласынан кейін,1907 жылы *Серке*-газетінің жабылуына себеп болды.

Түйін:Біздің мақсатымыз мақаласының өміршендік мәні-ол өз елімізге,өз ұлтымызға қызмет ету.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *