Серке газетінің тарихы
Серке газетінің тарихы
Көсем, Сексек атаның көшбасшы тұқымы, жайылымдағы малды бастайтын түлік мағынасында бұл басылым – Серке газеті. Ғұмыры (1905-1907 жж) санарлықтай емес, әйткенмен мақсаты мақтауға тұрарлық. Газеттің тарихы былай сыр шертеді. Санкт-Петербургта татар халқының «Урфат» деп аталған газетіне қосымша қызмет көрсеткен деседі. Бір ғана саны жарық көріп, 1907 жылдың 9 маусымында патша цензурасы белен алып өз жұмысын тоқтатқан болатын. Дәлірек айтар болсақ газеттің патша үкіметіне қарсы бір күш деп теріс таныған не кей мағлұматтарға көз жүгіртсек басылым қызметінің мәңгіге доғарылуының басты себебі бәрімізге белгілі Міржақып Дулатұлының «Жастарға» және «Біздің мақсатымыз» деген материалдарының жариялануы болып табылады делінеді. Қандай себеп түрткі болса да журналистер қауымы оқу-ағарту жолын насихаттаған онымен қоса ислам дүниесін, діни ілімді көтермелеген Серке газетін өз жаддарында ұзақ уақытқа сақтайтынына сенімдімін. Егер де, газет осы күнге дейін таралымдары шығып тұрған болса, оқырмандардың ең сүйікті әрі сұранысқа ие басылымдардың бірі болар ме еді…