Зұлмат: Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу
ХХ ғасыр басында үш рет ашаршылық пен қуғын-сүргіннен қазақ халқы 70-80% жоғалтты. «Адамшылықтан айырыла жаздадық». Нәубет жылдарынан қанды, шерлі естеліктер болды
Кеңес Одағының ресми деректеріне сенгеннің өзінде, 1930 жылдың жазынан 1933 жылдың жазына дейін 3 млн 379 500 қазақ ашаршылықтың құрбаны болған. Мұның бір миллионнан астамы көрші елдерге босып кеткендердің қатарына жатады. Бұған 1921-22 жылдардағы аштық құрбандарын қосыңыз. Онда 1,7 млн адам шейіт болды. 1937-38 жылдары 110 мыңнан аса адам қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың 25 мыңнан астамы атылып кете барды.
1917-1919, 1920-1922 жылдары да ашаршылық пен қуғын-сүргін болғанын еске алсақ, тұтас Кеңестік билік қазақтың қырылуын тоқтатуға ешқандай амал жасамағанын және қырылуға әкелетін саяси-экономикалық күрес ұйымдастырғанын көруге болады.
Халқының бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкенін байқаймыз. Оларды 1919-1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адамды алып кеткен), 1931-1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) және 1946 жылдары болған аштық деп қарастыруға болады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15-20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған.