Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қ. Н. Баймухашева

Мектептегі өткізілген коучингтердің мұғалімнің жаңа форматта дамуын, өз тәжірибелерін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі деп санаймын . Коучингке негізінен бастауыш класс мұғалімдері қатысып, өз ойларын білдірді.Коучингтің бірінші сабағы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында өтті . «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін алған себебім, қазіргі уақытта оқушы білімін жетілдіруде  бұл модулдің маңызы зор деп  ойлаймын. Өйткені осы модулді өз іс – әрекетімізде тиімді пайдалана білсек, оқушы бойында өзіне және өз біліміне деген жауапкершілігі артады, сондай –ақ өзін және өз құрбысын бағалап үйренеді.

Коучинг жоспары

Тақырып : Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Мақсаты: оқыту үшін бағалау жіне оқуды бағалау әдісі жайлы түсінік беру

Коучингтің міндеттері :

  1. Топтық жұмысты ұйымдастыружолдарымен таныстыру
  2. Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалаудың мәнін ашу
  3. Іс-тәжірибеде осы әдіс-тәсілдерді қолдануға бағыттау

Күтілетін нәтиже:

  1. Топта жұмыс жасап үйренеді
  2. ОүБ мен оқуды бағалаудың мағынасын ашып,мәнін түсінеді
  3. ОүБ мен оқуды бағалауды бағалаудың маңыздылығын түсінеді

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтастыру,баяндау, іздендіру, ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлану

Коучинг сабағының барысы:

1.Ұйымдастыру   Мұғалімдерге психологиялық ахуал тудыру

Коучингке ой қозғау үшін мұғалімдер назарына «Қыш кұмырадағы жарық» видеоролигін ұсындым . Ондағы мақсатым мұғалімдерге өз бойларындығы және оқушы бойында жасырын жатқан қабілеттерді аша білуге деген құлшынысты ояту болды.

Сондай – ақ  бала бойынғы жасырын жатқан қабілеттерді аша білу үшін не істеу керектігі жайлы пікірлесті.

Мұғалімдер оқушы қабілетін ашу үшін , баланың  жан дүниесін түсініп, өз бетімен білім алуына жағдай жасау керектігі туралы ойларын  білдірді. Осы орайда бала қабілетін жетілдіру үшін мектептердің материалдық және техникалық жағынан жабдықталуының маңыздылығын да атап өтті.

  1. Негізгі бөлім .

Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну

қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Сындарлы оқыту теориясы «Жеті модуль» бойынша жүзеге асатыны айтылды.

  1. Диалогтік оқыту
  2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
  3. Талантты және дарынды балаларды оқыту
  4. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
  5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  6. Оқытуды басқару және көшбасшылық
  7. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану

Мұғалімдерді топқа бөлу

Мұғалімдерге  А4 форматын таратып гүл салуға тапсырма беру. Салып болғаннан кейін бағалауларын сұрау.Бағалау критерийін ұсыныу және критерийге сүйене отырып қайта бағалау.

ОүБ мен оқытуды бағалау теориясымен танысып, өз ойларын постерге түсіріп, қорғау(25мин)

Мұнда мұғалімдер осы модулдің негізгі теориясымен танысты, топта талқылады және өз ойларын постерге жазып қорғады. Талқылау кезінде мұғалімдер модулдің мұғалімдер үшін маңыздылығын түсіне білді деп ойлаймын. Өйткені, мұғалімдер бағалаудың негізгі мақсаттарының тізбесін саралап, ажырата білді .

  1. Оқытудың қиындықтарын анықтау.
  2. Уәж .
  3. Болжау және сұрыптау .
  4. Стандарттарды бақылау және орындау.
  5. Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығын дәйектеу кезінде мұғалімдерге «Қара жәшік» ішіндегі жұмыс ұғымы түсініксіз болды. Мұғалімдер бұл ұғымды әскери  саладағы қара жәшікпен  байланыстырды.Пікірталастан кейін мұғалімдер өз тұжырымдарын сынып ішіндегі іс – әрекетке негіздеді . Өйткені сынып ішінде әр түрлі іс – әрекет жүзеге асады . Осы іс – әрекеттер тиімді болуы үшін мұғалімдер үшін сұрақтың тиімді қойылуы, оқушылармен  бірге критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін –өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығын аша білді. Мұғалімдер арасында      «қалыптастырушы бағалау » және « жиынтық бағалау»  туралы қызу пікірталас туындады.

Қорытынды   ОүБ мен оқытуды бағалау презентациясы  (слайд көрсету)

Кері байланыс :  топқа сауалнама беру

  1. Топтық жұмыс ұйымдастыру принципінің дәстүрлі принциптен өзгешелігі қандай ?
  2. Бүгінгі коучингтен өзіңіз үшін қандай жаңалықтар алдыңыз?
  3. Келешекте сабақ жүргізудің жаңа формасын таңдасаңыз,қандай әдіс- тәсілдерді пайдаланар едіңіз?
  4. Топтық жұмысты ұйымдастырудың оқушыларға тиімді әсері бола ма ?

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *