Еңбекқорлық пен еріншектік

 

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп: Ақтөбе  облысы, Хромтау қаласы,  №6  Хромтау  гимназиясы

Мерзім:  __________

Мұғалiм:   Максимова  Гулнур  Тлеулиевна           Сынып:  4               Оқушылар саны:_____

Тақырып: Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, табандылық

 

Мақсаты: оқушыларға адам өміріндегі еңбекқорлық пен еріншектіктің маңызын түсіндіру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу

 

Міндеттері:

·         оқушылардың адам бойындағы еңбекқорлық қасиеттері жайлы түсініктерін кеңейту;

·         оқушылардың жауапкершілік, табандылық қасиеттерін дамыту;

·         оқушыларды қамқорлыққа, табандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

(Кітаптар, дәптерлер, қалам, А-4,түрлі-түсті стикерлер, фломастерлер)

https://imektep.kz/kz

https://imektep.kz/kz/adebiettik-oku

https://imektep.kz/kz/ibiray-altynsarin

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесін еске түсіріп, тәртіпке шақырып, сабаққа   қажетті  құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәті:

Тыныс алу жаттығуы

Мұғалім: сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…

Д е м а л, ш ы ғ а р…   (жаймен 3-4 рет)

 

 

 

 

 

Баяу әуен қойылады

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

Кітаптағы 101-102 бет В.А.Сухомлинскийдің  «Еңбексүйгіш пен Еріншек» ертегісін  мазмұндау.

Сұрақтары:

1.      Еңбексүйгіш пен еріншектің әрекеттерінде қандай айырмашылық бар?

2.      «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.      Жауапкершілік, еңбекқорлық, табандылық қасиеттері қандай құндылықтан көрініс табады?

4.      Өздерің күнделікті өмірлеріңде қандай жауапты іс атқарып жүрсіңдер?

 

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылаймын

 

Дәйексөз.

«Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті»

Халық даналығы

Дәйексөзді  әуелі ұл балалар, сосын қыз балалар қайталап

айтады. Соңында барлығы хормен айтады.  Дәптерге жазып алады.

—  Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, түйіндеу

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді. Ал адам бойындағы ең бір жағымсыз қылық – еріншектік, ондай адамның іске мойны жар бермейді. Осыған байланысты Абай атамыз 38  қарасөзінде «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші — еріншектік, үшінші – залымдық», – деген екен.

 

Әңгімелеу.   https://imektep.kz/kz/ibiray-altynsarin

Ы.Алтынсарин:  «Әке мен бала»
Бір адам баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп баласына айтады:
— Анау тағаны, балам, ала жүр, — деді.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып не қылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол ұш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір – бірлеп алып жеп, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала тым – ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма – жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені оншақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп тұрып айтады:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң – көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен де құр боласың, — деді.

  Сұрақтар :

1. Әкесі баласына не себепті ескі тағаны алуын өтінді?

2. Бала неге тағаны көтере қоймады?

3. Еріншектікті  жеңу  үшін  адамның  бойында  қандай   қасиеттер болу керек?

4. Бұл қасиеттер қандай құндылықты ашады?

5. Күнделікті өмірде өздерің қандай іс-әрекет  атқарып жүрсіңдер  Әңгімелеп беріңдер?

 

Балалардың жауаптарына сүйене  отырып қорытындылай

мын

Шығармашылық іс — әрекет, топтық жұмыс.

Оқушыларды топқа бөлемін, уақыт беремін, баяу музыка қойылады, әр топ сынып алдында қорғайды.

1-топ: Еңбек туралы мақал-мәтелдер жазу.

2-топ: Еңбекқор адамға тән қасиеттерді топтастыру

Балалардың жауаптарына сүйене отырып қорытындылай

мын

Топпен ән айту.

Ата – ананы  тыңдаймыз           

     Әні мен сөзі:  Бота  Бейсеуова                    

1. Әрқашан  да  тыңдаймыз

Әке  менен  ананы

Еңбек етіп  шыңдаймыз

Білім  менен  сананы

Қайырмасы:

Біз тәртіпті  баламыз

Айтқан тілді  аламыз

Аман болсын

Әке мен анамыз

2. Мейірім  мен шапағат,

Анашымнан  тарайды.

Әділдік  пен  парасат

Әкешімнен  тарайды.

Қайырмасы:

Біз тәртіпті  баламыз

Айтқан тілді  аламыз

Аман болсын

Әке мен анамыз

3.  Ата – ананың  айтқанын

Жадымызда  сақтаймыз

Жарқыратып  әр таңын

Сенімдерін  ақтаймыз

         Қайырмасы:

Біз тәртіпті  баламыз

Айтқан тілді  аламыз

Аман болсын

Әке мен анамыз

 

 

Барлығы қосылып, ән шырқайды.

Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы  105-107 бет Р.Әбілқадырованың «Әдемі әже» мәтінін мазмұндау. Дәптермен жұмыс 21- бет.

Оқушылар өз күнделіктеріне жазып алады.
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар  бүгінгі  әсерлі  сабақ үшін рахмет.  Сау болыңыз!

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *