ХХІ — ғасыр ұстазы!

Орынбай Мәкен Орынбайқызы

ХХІ ғасыр – білім және сапа ғасыры.

Тәуелсіздіктің туын жоғары ұстап, өркениеттің шарықтау шегіне жетудің басты шарты оқу – білімнің сапасын арттыру екендігінде шек жоқ.

Өмірдегі ең үлкенн  биіктерімнің бірі  шәкірт жүрегінен жол табу, ізгілік нұрын шашып, адамгершілік пен адамдықтың дәнін егу.

«Ұстаздық — ұлы іс»деп кемеңгер жазушымыз М.Әуезов айтқандай бұған лайық болу үлкен аброй, басты борышым деп санаймын. Мұғалім мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен.Бойыңа қуат, жүрегіңе жылулық жігерін беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек болып төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.

Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздың ұлағатты адал болуы абройлы іс. Қазіргі күнгі ауылдағы білім мен мәдениет ошағы мектеп. Жас ұрпаққа білім берудің негізі ауыл мектептерінде қаланады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы». 2018 жылғы 10 қаңтар күнгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»тақырыбында  өрбіді.  Елбасы – өз сөзінде «Білім берудің жаңа сапасы». Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін де ерекше басымдылықпен атап айтты.

Егеменді еліміздің парасатты азаматын қалыптастыруда ауыл мектебінің қосар үлесі мол, Ауыл мектептерінде білім сапасын жоғары деңгейде көтеру үшін мұғалімнің әр сабаққа жан –инее жұмыс алға басу үшін мұғалімнің ой өрісі, күнделікті даярлығына жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануына, жаңашылдықпен дамыта жүргізілуіне байланысты өзім ауыл мектептеріндегі химия – география пәндерінің мұғалімімін. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, бағып – қақпасақ, көкірегін ашып тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді. Сондықтан шәкірт жүрегінен жол тауып, жан дүниесіне барлық айналадағы ізгілікті, алғырлық пен әдептілікті үйретушімін деп есептеймін.

Жаңа технологияның әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, «Әр сабағым – жаңалық!» деген қағидамен жұмыс жасаймын.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның – бүгінгі мектеп қабырғаларында білім алушы оқушыларымыз. Бүгінгі жас ұрпақтың алдында әлемдік стандартқа негізделген білім алу жауапкершілігі тұр. Ал, ұстаздарымыз оқу мен тәрбиені қатар меңгеруге лайықты болуға тиіс.

Ұстаздық ету – уақыт ұту емес,  өзіңнің уақытыңды аямау, бірақ оған өкінбеу керек.

Біз үшін жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абройлы іс, ардақты жұмыс жоқ.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *