М.Монтессори педагогикасының балабақшадағы тиімділігі

«Елдің ертеңі –бүгінгі жас ұрпақтың қолында ,ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында».                                                   Н.Ә.Назарбаев.

 

Егемен еліміздің тірегі –білімді ұрпақ .Баламен тіл табысып ,оның бойына білім нәрін  себетін  басты тұлға-ұстаз.Өмірдегі көп мамандықтар ішінде жан-жақты білімділікті,икемділікті ,шеберлікті,мейірімділікті қажет ететін мамандық,ол-мұғалім мамандығы.

Олай дейтінім ,мұғалім,біріншіден  адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса ,екіншіден ,үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойныныа алған маман.

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінің ең басты міндеті –еліміздің білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеру .

Бүгінгі бәсекелестік пен жоғарғы технологияның ,ғылым мен білімнің заманында оқыту үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану ,балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету-әрбір ұстаздың міндеті.

Тіпті мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі мекемелер мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты:оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының эхлементтерін пайдалана отырып,жан-жақты ,білімді,құзіретті тұлға тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі балалық шақта балаларды қоршаған ортаға қарап,ойлау қабілеттерін ,шығармашылық ойлауларын дамыту керек.Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жұмысын береді.

Сондықтан өз тәжірибемде балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін технологияларды түрлі әдіс –тәсілдерді орынды қолдана білген жөн деп ойлаймын.Бірақ педагогикалық инновациялық технологияларды балабақшада балалардың жас ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып ғана пайдалануға болады.

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту үшін сол затты қолмен ұстап ,көзбен көрген тиімді.Осыған орай мен өз тәжірибемде М.Монтессори педагогикасының  мектепке дейінгі балаларға тиімділігін айтқым келеді.Биылғы жылғы біздің «Алтын ұя»балабақшамыздағы тағы бір жетістігіміз –М.Монтессори әдістемесін енгізуіміз.Оған себеп:2017 жылдың маусым айында Астана қаласынан 256 сағат көлемінде «Монтессорси педагогикасы»мамандығы бойынша арнайы осы мекеме қаржысынан оқып,куәлік алып келгенім.Қазіргі таңда балабақшамызда сәби ,ортаңғы,ересек топтарында әр жас ерекшеліктеріне сай Монтессори педагогикасын қолдануда .

М.Монтессори педагогикасы немесе жүйесі 100 жыл бұрын М.Монтнссори ойлап тапқандықтан ,соның атымен аталып кеткен.М.Монтессори Итальяндық педагог,ғалым әрі ойшыл .Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.Бұған сәйкес дидактикалық материалдармен сабақ ұзақтығын өздері таңдай отырып ,балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған.Сонымен қатар қазіргі таңда Монтессори ілімі мен жүйесі көптеген балабақшаларда кеңінен қолданыла бастады.

Бұл Монтессори педагогикасының негізгі мақсаты  -баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамыуына қысым көрсетпеу керек ,яғни балаға бостандық беру.Бұл әдіс 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін ,шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін ,есте сақтауды ,сөйлеуді елестетуді ,қимылды дамытады.Монтессори әдісінің негізгі қағидасы-«оқы,оқы»деп күштеп емес ,ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.

Қазіргі таңда балабақшада М.Монтессоридің үш аймақ бойынша жұмыс жасап балалардың дамуына үлес қосып келеміз.

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы :

2.Сенсорика аймағы:

3.Математика аймағы:

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге ,өздігінен шешім қабылдауына ,топтада  жекеде жұмыс жасай алуына ,таңдау жасай алуына өз уақытын ұйымдастыра білуіне ,өзіне сеніммен қаруына мүмкіндіктер береді.

Бұл әдістің мақсаты-балалардың табиғи мінезін ,қабілетін ,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады.Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар ең алғашқы құралдарда бала қозғалыс жасау үстінде жүреді.Бала маторикасын мен сенсорикасын дамыту үшін материалдарды күніне 1 немесе 2 рет қайталап отыруы керек.Бірақ сабақ кезінде бала сол материалдармен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек.

Мен жоғары топта болғандықтан көбінесі ересек топ балаларына математика аймағымен көбірек жұмыс жасадым.Балаларды математика аймағының материалдарымен толық таныстырып шықтым.Шамамен екі ай көлемі уақытты алды.Балалар бұл аймақ материалдарын толық танып білді.Оқу қызметі кезінде болсын басқада ойын уақыты болсын ,балаларды кезектестіре отырып ,аймақ материалдарын әкеліп көрсетуді талап ете бастадым.Балалар материалдарды толық біліп ,орналасқан жерін анықтағаннан соң іске кірісе бастадық.Бұл материалдарды таныстыру үшін қарым-қатынас жасау үшін тәрбиешінің сөздік қоры ең басты роль атқарады.Әнгімелесу мен сөздік қоры арқылы сұрақ қою арқылы ойлау қабілетімен бірге сөздік қоры дамып,қызығушылықтары арта түседі.Міне,осыдан кейін балалар санды атауға ,материалдар арқылы санауға сан таңбасын жазуға бейімделе бастайды.Бұдан кейін балалар берілген тапсырманы қиындықсыз орындай алады.Затқа санды сәйкестендіру,амалдар орындауға қызығушылықтары одан әрі арта түседі.Бала- балабақшада сан ,санау,амалдар орындау бірлік,ондық,жүздік ,мыңдық туралы ұғымдарды Монтессори  материалдары арқылы  еш қиындықсыз  топтағы Сырым,Дарын Әділет Айзере сияқты тағы да басқа балалар ондық жүздіктер арқылы көптеген амалдарды ауызша түрдеде толық игеріп алғанына

сенімдімін.Алдағы уақытта ересек топтарға тіл аймағында  жұмыс жасау өте тимді деп ойлап балаларды дамытуға үлес қоса түсу керек деп ойлаймын.Балалар тіл аймағында затты алып,атауын атайды,ал тәрбиеші оған сәйкес бірінші әрпін таңдап береді.Бала сосын қалған әріптерді құрып,сөзді тізіп береді.Дыбыс пен шуды ажыратады,сөздік қоры байиды,сұраққа толық жауап береді.Сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйреніп сөздік қоры дамиды.

Қорыта келгенде балалар Монтессори педагогикасы арқылы өздеріне қызмет етуді ,еркін қозғалуын,материалдармен ұзақ уақыт жұмыс жасауға ,өздігінен шешім қабылдауға ,өз-өзіне деген сенімге ,өз ойын ашық айта білуге жеке жұмыс жасауға ,бір-бірін сыйлауға ,достық қарым-қатынас жасауға көп ықпалын тигізуге орасан зор көмегі бар .

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *