Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы ойын технологиясының түрі- ұсақ қол моториканың маңызы

Балабақшадағы оқыту-тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті әс-әрекет кезіңдегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру әсәне ерекше мән берілген. Ерте және мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсыналады. Сонымен қатар өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: қасық пен қарындаш ұстау, түйме тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Өмірінің бастапқы кезеңінде баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетін байқауға болады.Қасықты, қарындашты ұстау  алмайтын , түймесін түймелей алмайтын және бәтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Олар шашылған конструкторларды жинау, пазаламен жұмыс жасау,есептейтін таяқша және мозаикамен ойнау өте қиын.

Әрине, мектепке дейінгі жасында бала тілінің дамуы, өзіне-өзі қызмет көрсету және жазуға дайындық дағдысын қалыптастыруда ұсақ қол моторикасын дамыту және үйлестіру жұмыстарын жүргізудің маңызы өте зор. Ұсақ моториканы дамытудың маңыздығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ  моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Сондықтан ұсақ моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Су- Джок терапиясының авторы Паджев адамның ағзасының белсенді нүктелері  қол саусағында орналасатының дәлелдеген болатын.

Балалармен күнделікті жұмыста әр баланың жеке қабілетін ескере отырып, жалпы және арнайы моторикасын дамыту үшін ойындар мен тапсырмалар беріп отыру қажет. Ойын жаттығуларын беруде мына принциптерге сүйену қажет:

-Ойын  жаттығулары балаларға қызықты , тартымды болуы қажет, ересек пен бала  арасындағы қарым-қатынас сенімділікке құрылуы қажет.

-Саусақ жаттығулары қарапайымнан күрделігі қарай ойысады.

Қолдың саусақ қызметін анықтайтын бірыңғай ұғым әдебиетте кездеспейді. Десек те оларды жинақтасақ: қолға арналған гимнастика, саусақ ойындары  мен жаттығулары, саусақ  гимнастикасы және массаждар.Саусақ ойындары мен жаттығуларын орындату үшін де әр түрлі тәсілдер қолданамыз. Саусақ қозғалыстары әр түрлі қысқа ырғақты тақпақтармен айтылады. Ол екіге

бөлінеді:

-Отырып ойнайтын саусақ ойындары.

-Қолдың нәзік бұлшық еттерімен бірге дененің барлық мүшелері қатысып секіру, бір орында жүгіру, қол ,аяқ, бас қимылдары да бірге орындалады.  Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның о дан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса есте сақтау қабілеті мен назары, сондай-ақ , сөздік қоры да дами түседі. Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру. Ұсақ қол моторикасын дамыту және қозғалысын үйлестіру мақсатында түрлі қабылдаулар мен әдіс-тәсілдер қолдандым:

-саусақ  ойынды тақпақтар мен жағылтпаштар

-саусақ гимнастикасы, сергіту сәті

-саусақ театры

-құрылыс жасау:қағаздан, ЛЕГО конструктормен

-бастырмалардың түрлері

-трафаретпен сурет салу

-дидактикалық ойындар

-кіші заттармен ойнау

-пазл, мозаика қолдану.

Көптеген жаңашыл зерттеушілер ұсақ моториканы дамытуға байланысты саусақ моторикасын дамытуға саусақ ойындары, саусақ ойындарын сипаттауды, сергіту сәттерін, ойын-ертегілер пайдалануды ұсынады. Т.А Ткаченко сергіту сәтіне жаттығу  енгізу бас миының сөйлеу зонасын қимылын белсендіреді, ол баланың сөйлеу тілін түзетуге мүмкіндік береді деп тұжырым жасаған.В.В. Цвынтарный ұсақ қол моторикасын дамытуға есептеу таяқшалар мен сіріңкемен жұмыстар жасатудың әсері мол деген көзқарас білдіреді.

Халық даналығында «Ойнай білмеген, ойлай да білмейді», «Ойында озған, өмірде де озады» деген аталы сөздер  сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы, мінез-құлық көріністері олар өсіп-есейгенде де жалғасы береді. Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.                                                                                                                     Сондықтан  екі жыл ортаңғы топта жұмыс жасағанда осы ұсақ қол моторикасын дамытуға көңіл бөлгенмін. 2016-17 оқу жылында ортаңғы логопед тобында жұмыс жасағанда «Саусақ ойындары»  тақырыбына картотека жасадым. Бұл картотекаға ойынның 12 түрін еңгіздім:

  1. Саусақтарды жаттықтырамыз-сөйлеп үйренеміз. Өлең жинағы.
  2. Халық ауыз әдебиеті. Өлең жинағы.
  3. Таяқшалармен жұмыс (ойынның 2 түрі бар).
  4. Бауларды өткізу(4 тәсілі бар).
  5. Сиқырлы жіптер.
  6. Дөңгелектерді жіпке тізіп теру(2 тәсілі бар).
  7. Көңілді қыстырғыштар .
  8. Қақпақтарды толықтыру.
  9. Суретшілер.
  10. Ойыншықтарды тап.
  11. Саусақ театры.
  12. «Тәй-тәй» театры.

Саусақ ойыны –бұл ұрпақтан –ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі   үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны- саусақтардың көмегімен қандай да болмасын  ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынның саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға  әдемі пайдаланғанын білеміз:

Қуыр, қуыр, қуырмаш,

Тауықтарға  тары шаш.

Балапаңға бидай шаш,

Балаларға тәтті шаш.

Сурет салу кезіңде балалардың жалпы елестері, шығармашылығы дами түседі, ақиқатқа  деген эмоционалды қатынастары тереңдейді, графикалық дағдылары                                                                           қалыптасады.

Жапсыру ісімен айналысу қол мойнының буыны және ұсақ әрі жалпы қол  моторикасын дамытуға маңызы зор.

Күнделікте жұмыстың    ІІ-ші күнінде бұл жұмыстарды тиянақты және жүелі түрде жүргізсен, балалар жетістіктерге жетеді.

2018-19 оқу жылында вариативтік бөлімде «Шахмат, ойнайық балақай!» атты менің жеке бағдарламамен жұмыс жасап жатырмын. Бұл бағдарламаны құрғанда менің негізгі мақсатым- балалардың логикалық ойлау қабілетің дамыту. Бірақ  бір жұмысты жүргізгенде сен  қосымша 2-3 мақсатты шешіп отырасын. Мысалы:  балалар шахмат ойнаған кезде ,олардың  логикалық ойлау қабілеті  және  қосымша ұсақ қол моторикасы дамиды. Өткені шахмат фигурасын жүргізу үшін бала шахмат фигурасын саусақтармен  ұстап  жүргізеді.

Мектепалды даярлық тобында  күннің ІІ-ші жартысында балалармен «Танграм» ойының  жүргізем. Онда әр балаға 7 бірдей үшбұрыш беріледі.  Балалар үлгіге қарап түрлі заттардың пішінің құрастырады. Бұл  тапсырманы орындағанда балалар барлық 10 саусақпен жұмыс жасайды.

Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар  қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б. көптеген бейнелерді бейнелей  алады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының  дамуы қол  саусақтарының  ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *