Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,болашақ мамандыққа байланысты ұғымын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру,еңбекке  деген қызығушылықтарын ояту,үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.Көлік,мамандық туралы білімдерін тиянақтау.Сурет бойынша әңгіме құрастыруға,мақал-мәтел айтып,жұмбақ шешу арқылы толық сөйлеуге баулып,сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,ойын,слайд

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта,ойынға қажет құралдар

Мотивациялық-қозғаушылық  

-Сәлеметсіздер ме,балалар.

Қош келдіңіздер!

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты

Жайнай берсін қаламыз,

Жасай берсін даламыз.

Ата-анамыз аман болсын,

Балабақшамыз гүлдей берсін.

-Бір бірімізге жылы лебізімізді білдіріп,Қайырлы таң тілейік.

-Қайырлы таң,достар.

-Балалар, сіздерді балабақшаға күнде таңертең  ата-аналарың әкеледі.

-Ал,өздері қайда кетеді?

-Олар жұмыста не істейді?

-Дұрыс, еңбек етеді.

-Мен де жұмыс жасаймын,қалай ойлайсыңдар мен қайда жұмыс жасаймын.

-Кім болып жасаймын, мамандығымды қалай атайды.

-Ал,сіздердің  ата-аналарың кім болып жұмыс жасайтынын білесіздер ме?

(Әр баладан сұрау)

-Көрдіңіздер ме,барлығымыздың ата аналарымыз еңбек етеді.Әр адамның өз мамандығы бар екен.

Ал сіздер білесіздер ме, мамандық деген не екенін?

-Бұл жұмыс,қызмет. Бұл үлкен адамдардың қызмет ететін кәсібі,мамандық иесі болу үшін не істеу керек,қалай ойлайсыңдар.

Жұмыс жасау үшін не керек.

Сендер өскенде кім болғыларың келед?

-Бүгін сендермен саяхтатқа шығуды ұсынамын.

Саяхатқа барлығымыз автобуспен шығамыз.

Автобус біздерді балабақша алдында күтіп тұр.

-Автобус айдайтын адамдардың мамандығын қалай атайды?

-қазір мен сендердің ішіңізден бір баланы жүргізуші қылып таңдаймын, қанекей кім болады.

Автобусқа өз орындарымызға жайғасайық.

Автобус айдайтын адам бұл – жүргізуші,ал қалған адамдар кімдер болады.

Автобуста қалай отыру керек.-Жүргізушінің арнайы куәлігі болады.

-Ендеше ,жүрейік,жүргізуші Али мырза!

(Аялдамаға тоқтау)

-Мінекей бірінші аялдамаға да келіп қалдық,қанекей автобустан түсейік, біз қайда келдік?

-Неге асхана деп ойлайсыңдар.

-Иә,бұл асхана. Бұл тағамдарды  дайыдайтын ас үй бөлмесі. Бұл тағамдарды пісіретін дайындайтын адамдарды аспазшы дейміз.

Айтыңыздаршы  аспазшылар  жұмыста не істейді.

-асты  қалай дайындайды

-Аспазшылар тамақ пісіруі үшін қандай құралдар пайдаланады.

-Қараңыздаршы өз жұмыстарына қаншама құралдар пайдаланады екен.

Сендердің аналарың тамақ пісіріп бере ме.  Қандай тамақтар пісіреді.

-Дәмді ме?

-Бүгін біздер аспазшыға компот пен сорпа жасауға көмектесейік.

Сорпа пісіру үшін аспазшы қандай азық –түлік түрлерін пайдаланады.

(балалардың жауабы)

-Иә,осының барлығын біз сөзбен не деп айтамыз?

-Жарайсыңдар! Ал,копмотты қайнату үшін қандай азық түліктер пайдаланады.

Ендеше,бүгін сорпа мен компот дайындаймыз.

Қараңыздаршы мында қазан мен шыны ыдыстар тұр.Алдында азық түліктер жатыр, компотқа арналған азық-түліктерді өз ыдысына ,сорпаға арналған азық түліктерді өз ыдыстарына орналастырамыз.

Компотқа қандай азық-түліктерді орналастырдық?

Сорпаға ше?

Жарайсыңдар! Қандай көкөкніс сорпасы әдемі шыққан.

-Балалар,әрі қарай жолға шықпас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс

Жаңбыр басылды,

Күн  ашылды

-Балалар,бұл келесі аялдамаға да келдік.

-Біз қайда келдік?

Шаштараз екенін қайдан білдіңдер?

-Дұрыс айтасыздар,бұл құралдар кімнің құралдары екен?

-Бұл жерде не жұмыс атқарады?

-Иә,адамдарды әдемі қылады. Шаштаразшының құралдарын еске түсірейікші.

Қанекей барлығың үстелдің үстіндегі тапсырманы орындайық.

Бұл тарақ. Мына тарақтарға қараңыздаршы,бір нәрсе жетіспейтін сияқты?

-Не жетіспейді деп ойлайсыңдар?

-Ендеше тістерін толықтыру үшін не саламыз.

Иә, дұрыс айтасыңдар.Сызықты көлденеңінен бе әлде тігінен саламыз ба?

-Қане жұмысқа кірісейік.

-Жарайсыңдар  балалар!

-Саяхатымызды жалғастырайық, автобусқа жайғасайық.

-Келесі аялдамаға да жеттік.

Біз қайда келдік?

-Дұрыс айтасыздар,Ауруханаға келдік

Аурухана екенін қайдан білдіңдер?

-Өте жақсы

Сендер қандай дәрігерлерді білесіздер?

Дәрігерлер  қандай қызмет жасайды?

-Айтыңдаршы дәрігерлер өз жұмыстарына қандай құралдарды пайдаланады?

Осы құрал жабдықтардың барлығы қайда тұрады?

-Ал, мен сендерді ойын ойнауға шақырамын.

Мына  үстелдің үстіндегі қобдишаның ішінде көп және әр түрлі құралдар бар екен,ал сендер дәрігерге керекті құралдардың атын атап көрсетіңіздер.

-Ойынды жақсы ойнап дұрыс атадыңыздар. Жарайсыңдар!

Балалар ,бүгінгі саяхат сіздерге ұнады ма?

Келесіде міндетті түрде басқа жерлерге де саяхатқа шығатын боламыз.

Қанекей, барлығымыз қайта автобусқа мініп, балабақшамызға қайтайық

Орнымызға жайғасамыз

-Мінекей , балабақшамызға  деа келіп қалдық.

Балалар біз саяхаттып жүргенде балабақшада болмаған кезде, бір суретші сурет салып кетіпті, бірақ суретте бір нәрсені шатастырып салған,-байқадыңыздар ма?

Аспазшы,шаштаразшы,дәрігер. Бірақ бір нәрсені дұрыс емес нелер жетіспейді екен?

Балалар дұрыс емес жерлерін табады..

Жарайсыңдар,балалар!

 

-Балалар болашақта кім болғыларың келеді. Сол мамандықты таңдап әңгімелеп беріңіздерші

Жұмыстарды кімдер жасайды?

-Иә,дұрыс біз олардың еңбегін бағалап,құрмет тұтуымыз керек.

Ендеше еңбек туралы мақал-мәтелдерді кім біледі?

Жарайсыңдар!

Бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатысуға тырыстыңыздар,Сіздерге көп рақмет.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мамандық иелерінің атауларын,атқаратын қызметін

Игереді: Жұмбақтарды шешіп, өлеңдерді жатқа айтып,мақал-мәтелді айтуды.

Меңгереді: Сурет бойынша әңгіме құрастыр,сөздік қорларын молайтуды,ойын анық,нақты жеткізеді.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *