Ақан сері Қорамсаұлы

ІІ. Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік : Ақан сері өмірі мен шығармашылығы туралы  мәлімет беру. Поэзиясын оқу арқылы қазақ мәдениетінің, өнерінің қаншалықты дәрежеде болғанын, нұсқаусыз – ақ өз өнерлерін  дамытып, таратқанын, театр, мәдениет үйінсіз – ақ көрсете білгенін түсіндіру;
2.  Дамытушылық : Өз беттерімен ойлану, ойландыру, өзіндік дәлелді пікір, тұжырымды ой айтуға баулу, үйрету.
3. Тәрбиелік .  Эстетикалық тәрбие, өнерді сүюге, бағалауға баулу.
Сабақтың түрі : Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі : топтық жұмыс, зерттеу,салыстыру,пікір айту

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,шығармашылық жинағы зерттеу еңбектер
Пәнаралық байланыс:  Тарих, музыка, өнер
ІІІ. Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып  оқушыларының назарын аударып, сабаққа бейімдеу.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны :
Біле бер ,қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің  мақсатыңа біле-біле.
Жүсіп Баласағұн

2  Үй тапсырмасын тексер

Мәшһүр Жүсіп  өмірі туралы

Атқарған жұмыстары

Жарыққа шыққан кітаптары

Шығармаларының тақырыбы

  1. Сабақтың негізгі бөлімі
  2. Әнші – ақындар туралы түсінік беру. Әнші- ақындарды слайд бойынша таныстыру.

«Сал», «сері» сөздерінің айырмашылықтарына тоқталу.

2.Ақан Қорамсаұлы бейнесін ашу.

Сынып төрт топқа бөлінген,алдын –ала тапсырма берілген. Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.
І топ  « Ауылым қонған Сырымбет саласына » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына шолу )
ІІ топ    «  Егіліп әндеріне сөзін тыңдап …» ( Ақан әндері ,оның шығу тарихы)
ІІІ топ  « Сегіз қырлы, бір сырлы »   ( Ақан бойындағы қасиеттер )
ІV топ «  Тұсында сері болсын, пері болсын  ,
Ұнайды өнерімен Ақан маған  » ( Ақан өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын-жазушылар )

І топ
ХІХ  ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың  әнші-ақындарының  көрнекті өкілдерінің бірі- Ақан сері Қорамсаұлы.
Ақан 1843 жылы қазіргі Ақмола облысы ,Қоскөл деген жерде  туған. Шын аты- Ақжігіт екен, ата-анасы еркелетіп Ақан деп атап кеткен.  Ақан білімді, орыс ,татар, шағатай тілдеріне жүйрік. Әншілік шеберлігі жоғары . Онымен қоса жоғары  талғам иесі, жүйрік атты, қыран құсты, құмай тазыны ұстап, баптай білген ,саяткер болған.

Ақан шығармаларын  тану үшін  тақырып  жағынан 3 топқа бөліп жіктеуге болады.
Жастық .Махаббат. Адами сезімдер    Саятшылық. Атбегілік    Әлеуметтік
«Балқадиша»,»Сырымбет»,»Құлагер»,»Қыз сипаты», «Сүйген қалқа», «Көңіл тілегі», «Достарыма», «Жігіт сипаты», «Жайықтың ақ түлкісі аралдағы» т.б   « Мылтық пен мергеншілік», «Торыны таң асырып мінген қандай» ,»Құлагер»    « Барабар крестьянға тең болмадық», «Заман адамы»,»Заманға қарап «

ІІ топ
Ақан сері – сегіз қырлы , бір сырлы , ұлы талант иесі. Ақанның шығармашылық өнері- тазалықтың,әсемдіктің көрінісі.Ол жай ғана ақын емес,әнші – ақын,өзі шығарған  өлеңін өзі  әнге салып,домбырада ойнап, өзі орындаған.
Ақанның « Мақпал», « Ақмарал», « Зағипа », « Балқадиша», « Сырымбет », « Қараторғай», « Маңмаңгер »
, « Нәзік гүл » т.б әндері қазақ арасында кең таралған.
( Осы жерде « Балқадиша », « Сырымбет », « Үш тоты » әндерінің  шығу тарихын айтады )
Ән тыңдалады.

ІІІ топ
Ақан ел есінде  ақын ,әнші ,сазгер ретінде ғана қалған жоқ, ол атбегілік, құсбегілік, аңшылық, саятшылық өнерімен де  танымал болған.
Ақанның атын алысқа естіртіп, даңқын әуелеткен  сәйгүлігі – Құлагер  еді.
( Осы жерде оның Құлагерді Шөкетай деген кісіден сатып алғанын, оны ерекше баптап , бағып күткенін, С.Жүнісовтың романынан үзінді келтіріп, айтып кетеді )

VІ топ
Ақан серінің өмірі мен шығармашылығына қалам тартқан ақын- жазушылар да аз емес . Мысалы  : Сәкен Жүнісовтың « Ақан сері » романы,  Ілияс Жансүгіровтың   « Құлагер » поэмасы ,  Ғабит Мүсіреповтың « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасы, Фариза Оңғарсынованың  « Ақан сері » өлеңі , Мұратбек Жоламановтың « Құлагер тағдыр » картинасы , «  Құлагер » фильмі .
(  Әр шығарма жайлы қысқаша түсінік беріледі  , « Ақан сері- Ақтоқты » пьесасынан үзінді- көрініс қойылады )

  1. Сабақты бекіту
    4 топтың  ізденіс жұмыстарын қорытындылап, бір арнаға тоғыстыру мақсатында  Ой толғау жазайық .

Мына екі тақырыптың біріне жазуға болады :
1)    Сегіз қырлы , бір сырлы  Ақан аға !
2)     Мен сенің өнеріңе табынамын !
5. Сабақты қорытындылау. Айтарым бар
Сендердің ойларыңша , қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу
керек ?
6.    Бағалау
7.    Үйге тапсырма :   Ақан  өлеңдерін жаттау

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *