Отбасылық құндылықтар

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп: №5 М.Ломоносов  атындағы орта мектебі

Мерзiмі: 12.02.19ж                                                                                                     № 20 сабақ

Тақырып: Отбасылық құндылықтар

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық,жауапкершілік

Мұғалiм: Т.Б.Сарсенбаева

Сынып  7  «б,в»

Оқушылар саны:___

Сабақ мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде түсіндіру;

қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту;

оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, дәйексөз, маркер,аққағаз, гүл, суреттері

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.

С Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.Әртүрлі суреттер арқылы үш топқа бөлу.

 

 

 

 

 

 

5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Тыныштық сәті. «Орманға ойша саяхат» 3 мин.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да, оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңілбөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл, әрі тыныш және бақытты сезіну қандай! Табиғат неткен ғажап! Оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көзқырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, айналаға күлімсіреңіз! Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.  Эссе «Менің бақытты отбасым»  5 мин.

Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы болғаннан кейін бәрімізге белгілі адам отбасында тәрбие алу керек, өсу керек және жетілу керек.Отанға деген сүйіспеншілік ең алдымен отбасына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Сабақ барысын талқылау:

Сурет арқылы топқа бөліну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейне жазба

«Орманға ойша саяхат»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Дәйексөз. 15 мин.

 «Отбасының өнегесі-Отан өнегесі»

Бауыржан Момышұлы

Дәйексөздің мағынасын ашып бердің олай болса бала үшін ата-ана ол үлгі өнеге көрсетуші, ізгілік жасаушы және де ақыл кеңес беруші болып табылады. Олай болса бүгінгі тақырыпқа байланысты сіздерге шағын бейне фильм алып келдім, соны бірге тамашалап, әр қарай талқылайтын боламыз.

Бейне фильм «Соқыр ана».

Ал енді «Соқыр ана» бейне фильмін көрдік, енді осы бейне фильмнен қандай ой түйдіңізде?

Кім өз ойын айтып бергісі келеді?

Осы бейне роликке байланысты айтылған пікірлеріңіз өте жақсы, өте керемет.Біз әрқашанда отбасы болғаннан кейін, отбасындағы бала болғаннан кейін, ата-анамызға әрқашан сүйіспеншілікпен қарап, оларға мейрімді бола отырып, аса қамқорлықпен бір-бірімізді түсінсе білгеніміз жөн.

Енді келесінде шағын ойын ойнаймыз.Ол үшін маған әр топтан екі-екі оқушыдан керек ойынымыздың аты «Отбасы» деп аталады.Ойын шартымен сіздерді таныстыра кетейін.Сіздерге әріп беріледі.Сол әріптен басталатын менің сұрақтарыма жауап берулеріңіз қажет.

Дәйексөзді бірінші рет қайталап оқиды.

Бейне фильм «Соқыр ана».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Отбасы»

ойыны

4.Әңгiмелеу.    «Бүркіт пен оның балапандары»  15 мин.

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:

-Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

«Ойлан, жұптас, талқыла» сұрақтарға жауап беру.

Аңыз туралы қандай ой түюге болады?

Бүркіт балапандарына қалай қамқорлық танытып жүрді?

Бүркіттің балапандарын теңізге таутасына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

Бүркіт неліктен үшінші балапанын теңізге тастамады?

Үшінші балапанның бойынан қандай қасиеттерді байқауға болады?

Өздерің ата-аналарыңа қандай жақсылық жасап жүрсіңдер?

Сергіту сәті. Мен Қазақпын

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ой шақыру»

 

5.Шығармашылық жұмыс.

 5-тапсырма. Отбасы мүшелеріне арнап өлең жолдарын шығару немесе әңгіме құрастыру.

6-тапсырма. Отбасыларыңды біріктіретін қандай отбасылық салт-дәстүр, мерекелер бар? Әңгімелеп беріңдер.

7-тапсырма. «Менің отбасым» тақырыбында фото иллюстрациялар әзірлеу

 

Топтық жұмыс

 

 

6.Топпен ән айту. «Сәби болғым келеді»

Сөзі: М.Мақатаевтікі

Әні:Т.Рахимов

Хормен ән айту
7.Үй тапсырмасы.

№ 21 сабақ  «Айгүлдің әңгімесі»  мәтінін оқу, 84 бет

Аяқталуы
8.Сабақтың қорытынды  сәтi.

Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды  жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмуларыңызға  да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар, денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *