Таң, күндіз, кеш, түн

Білім беру саласы:   Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Таң, күндіз, кеш, түн. Сол жақта, оң жақта. Дайын пішіндерді жапсыру»

Мақсаты:  Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру, ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыруға үйрету.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ жасыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: пішіндер,слайдтан сурет,шар.

Қостілділік компонент: таңертең-утро, күндіз-день, кеш-вечер, түн-ночь.

 

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар көңіл-күйлерің қалай?

Қане, балалар олай болса жақсы көңіл-күймен оқу қызметімізді бастайық.

Біз бақытты  баламыз,

Шыныға да аламыз.

Сәулетті елдің көгінде

Шам-шырақ болып жанамыз.

-Жақсы.

 

 

 

Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап іс қимыл арқылы қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік -Адамдардың көңілді, әдемі болып жүруі неге байланысты ?

-Балалар Менің көмекшілерім деген ойын ойнап жіберейік.

Қанекей кім шығады?

-Сен — кімсің?

-Сенің көмекшілерің кім деп      ойлайсың?

 

 

 

 

Дұрыс айтасың.

Қанекей, балалар менің де, сендердің де көмекшілеріміз көзіміз –көру үшін берген, құлағымызды есту үшін, қолдарымды жұмыс жасап, тамақ ішу үшін, неше қолымыз болады?

-Оң қол, сол қол.

 

Аяқтарымызды жүру үшін берген екен. Неше аяғымыз болады?

-Оң аяқ, сол аяқ.

 

Сондықтан бәріміздің де көмекшілеріміз аман болсын.

 

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

 

-Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.

Бұл шарлардың түсі жыл мезгілдеріне байланысты екен.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай түсті шарды аламыз?

 

-Дұрыс қазір жылдың күз мезгілі сары түске боялған екен.

-Балалар күз мезгілінің ерекшелігін айтайықшы.

 

 

 

 

 

Сары түсті шардың тапсырмасы бар екен.

Жұмбақ шешу.

Жартысы жадыратып нұр себеді,

Қалғаны қара мақпал бүркенеді.

 

Бір тәулікте төрт мезгіл болады екен. Олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталады.

 

-Балалар қараңдаршы көкжиектен атып келе жатқан күн сияқты. Оқ жақтан атып келе жатыр. Бұл мезгіл таңертең екен.

Таңертең-утро.

-Таңертең қайда келеміз?

-Қандай балабақшаға келеміз?

 

Балабақшада не істейміз?

 

 

 

 

 

Балалар Күн жылжып толығымен ортаға шығыпты.

Күн бір орында тұрмайды екен. Жылжып тұрады. Күн толық аспанға көтеріліп күн сәулесін шашып тұрады. Бұл мезгілді түс- немесе күндіз деп атаймыз.

Күннің пішіні домалақ болады, түсі сары болады.

Күндіз біз балабақшада не істейміз?

 

 

 

 

Күндіз-день

 

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап,

Шашымды тараймын

Киімді киемін.

Бақшаға келемін.

Мен әдепті боламын.

 

Балалар қараңдаршы күн жылжып төменге солға қарай түсіп келеді. Яғни балалар ұясына батуға жақындап қалыпты.  Бұл мезгіл кеш деп аталады.

Кеш-вечер

Біз кешке балабақшада не істейміз?

 

 

Балалар енді үйге барып не істейміз екен?

 

 

 

 

Балалар сосын түн болады. Түн мезгілінде қараңғы болады.

Түнде аспанға ай шығады. Айдың қасына жұлдыздар шығады.

Аспанда ай біреу болса, жұлдыздар көп болды.

Бұл кезді түн деп атаймыз.

Түн-ночь.

 

Ойын: Күн мен түн.

Мақсаты: Күн дегенде қол шапалақтаймыз,  Түн дегенде уйықтаймыз.

 

Ал, балалар тәулік бөліктерімен таныстық.

Енді жұмыс жасаймыз.

Балалармен стол үсті жұмысы.

Кеңістікті бағдарлау арқылы

1 топ — күннің суреті жапсырылып  тұр сол күнге күннің шашақтарын жапсырады.

2 топ — айдың суреті жапсырылып тұр  қасына жұлдыздар жапсырады.

-Денсаулыққа

 

-Иә.

 

 

-Мен Айшамын.

-Менің көмекшім-көзім.

Менің көмекшім-құлағым

Менің көмекшім-     қолдарым.

Менің көмекшім-  аяқтарым.

 

 

Тәрбиешінің айтқанын іс қимыл арқылы орындайды.

 

 

-Екі қолымыз болады.

 

Балалар қолдарын көрсетеді.

 

-Екі аяғымыз болады.

 

Балалар аяқтарын көрсетеді.

 

 

 

-Сәрсенбі, үшінші күн.

 

 

Балалар қызығушылықпен қарайды.

 

 

 

-Қазір жылдың күз мезгілі.

-Сары түсті шарды аламыз.

 

-Сары түс.

 

-Күз мезгілінде күн салқындайды.

-Жаңбыр жауады.

-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

-Адамдар жылы киінеді.

 

Тәрбиешіні тыңдайды.

 

 

 

-Тәулік

 

 

Слайд суреттен көреді.

 

 

 

Суретті көреді.

 

 

 

Қайталап айтады.

-Балабақшаға.

-Жауқазын бөбекжай бақшасына

-Ертеңгілік жаттығу жасаймыз, таңғы ас ішеміз, ҰОҚ:  қызметіне дайындалып,  өткіземіз.

Суреттерді көрсету.

 

 

 

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

 

 

 

 

 

-Серуенге шығамыз, ойындар ойнаймыз.

Түскі ас ішеміз, түскі ұйқыға жатып демаламыз.

Суреттерді көрсету.

 

Қайталап  айтады.

 

 

 

Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап іс қимыл арқылы қайталайды.

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

 

 

 

Қайталап айтады.

Серуенге шыгамыз, ойындар ойнаймыз. Үйімізге қайтамыз.

Суреттерді көрсету.

Ойындар ойнаймыз, тамақ ішеміз,теледидар қараймыз, мамаларымызға көмектесеміз.

тәтті ұйқыға батып демаламыз.

 

 

Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.

 

 

 

 

Қайталап айтады.

 

 

Балалар іс қимыл арқылы жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызығушылықпен жұмыстарын жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік -Балалар бүгін біздер уйымдастырылған оқу қызметінде не өттік?

-Балалар тәулік мезгілдерін атаңдаршы?

Жарайсыңдар балалар!

Бүгінгі оқу іс қызметіне жақсы  белсенді қатыстыңдар.

Ендеше оқу іс-әрекетімізді  аяқтайық.

Балаларды мадақтау.

— тәулік бөліктері туралы

 

 

-таңертең, күндіз, кеш, түн.

 

 

 

Балалар жақсы көңіл күймен оқу іс әрекетті аяқтайды.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:      Күннің түсі сары болады, пішіні домалақ болады.

Игерді :    Күндіз күн шығады, түнде қараңғы болады.Аспанда  ай болады, жұлдыздар шығады.

Меңгерді:  Тәулікте төрт мезгіл болатынын. Әр мезгілдің өзіндік ерекшелігі болатынын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *