«Латын әліпбиі- қазақ тілінің жаңа көкжиегі»

Латын қарпі адамзаттың дамуындағы ең көп таралған жазудың бірі. Қазақ тілін жаңғыртудың басты салаларының бірі- қазақ тілін латын қарпінде жазуға көшу. Тілдің адам өміріндегі ең шешуші рөл атқаратыны белгілі. Ол-танудың, түсінудің, дамытудың құралы.

Елбасының  «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Мақала жарық көргеннен бастап осы мәселе жер-жерлерде  кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан-жақты талданып, қолданысқа енгізу  қажеттігі бірауыздан мақұлданып келеді. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан осы бағыт аясында түрлі шаралар, түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда халық арасында  ұсынылған әліпби үлгісін меңгеру деңгейлерін байқау мақсатында  мекеме қызметкерлері, мұғалімдер, оқушылар мен білімгерлерге  жалпыхалықтық диктант жазу туралы нұсқау беріліп, осы шара барысына дайындық  жұмыстары қызу жүргізілуде.

Біз латын әліпбиіне көше отырып, өркениетті елдердің қатарына қосылып, тіліміздегі  дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арыламыз. Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Қазіргі кезде артық әріптер алынып тасталып, әрбір әріп, әрбір таңба жан-жақты талқыланып, қазақ әліпбиінің латын қарпінде жазылу үлгісі айқындалды.

Мемлекеттік латын әліпбиін- мемлекеттік тілдің заңды төріне шығуына жол ашатын, қазақ тілін жаңа көкжиектен көрсететін заңды құбылыс деп қабылдауымыз қажет. Жаңа әліпбиге көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болғандықтан, жаңа әліпбиді меңгеру көпшілікке қиындық тудырмайды деген сенімдемін.

Рухани жаңғыруымызға темірқазық болып отырған жаңа әліпбиіміздің тегеуріні мықты, болашағы айқын болады деп сенеміз.

 

 Жуалы ауданы

№ 16 Жуалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Сопбекова Гүлмира Байұзаққызы

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *