1-10 ға дейінгі сандарды санау және кері санау

Камиева  Айман  Береновна

Мақсаты: 1-10 ға дейінгі сандарды үш тілде санау және кері санау,пішіндерді ажырата білу,жыл мезгілдерін,логикалық есептер және жұмбақтар айтуға үйрету.

Дамытушылығы:Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру,есте сақтау қабілеттерін арттыру,шапшаңдыққа, математика сабағына деген қызығушылықтарын таныту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,сергіту сәті,санау,ойындар.

Көрнекіліктер: Суреттер,1-10 ға дейін жазылған сандар.

Сөздік жұмыс: 1-10 ға дейін сандар  -цифры-numbers.

Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бізге көп апайлар қонаққа келіпті,қане амандасып алайық.Балалар үш тілде амандасады.

Шаттық шеңбер:Көңілденіп күлетін,

Бақытты боп жүретін.

Бәрін біліп алатын,

Мен ақылды баламын.

-Бүгін біздің ашық оқу- қызметіміз қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тәрбиеші:  Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Балалар: Қыс мезгілі ?                                                                                                                   Тәрбиеші:   Қыс мезгілінде неше ай бар?Балалар:      3 ай. желтоқсан, қаңтар, ақпан.Тәрбиеші:    Бір аптада неше күн бар?Балалар:Жеті күн.Тәрбиеші:   Апта күндерін ата?Балалар:Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма, сенбі, жексенбі.

Тәрбиеші: Мен танертең балабақшаға келе жатып,хат тасушыны көрдім.Бұл хатты бізге алыстан Саяхатшы Дара беріп жіберіпті.Дара сіздермен дос болғысы келеді екен.

-Дос боламызба?

Балалар: Иа

Тәрбиеші:Саяхатшы Дарамен дос болу үшін,алдымен хатты ашып көрейік. Дара бізге көп тапсырмалар беріп жіберіпті.Бірге орындаймызба?

Балалар:Иа

1-тапсырма. 1-10 ға дейінгі сандарды үш тілде сана.

2-тапсырма. Сандарды тура және кері сана.

3-тапсырма:     Сандардың көршісін тап.

Жұмбақтар:        Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар.                     Сағат.

Жазу жазып жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған.                     Бор.

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

Логикалық есеп:1 Ұяда 5 балапан бар еді,оның екеуін мысық жеп кетті.Ұяда барлығы  неше балапан қалды.2. Қоянның неше құлағы бар?

Үлестірмелі құралмен жұмыс:Заттарды сана:Мақсаты:Балаларға көкөністердің суретін таратып береді. Бір суретте бірнеше көкөністер түрлері болуға тиіс.Балаларға қойылатын талап,көкөністер санын анықтау.

Дидактикалық ойын:«Сиқырлы қапшық»Заттарды белгілі бір қасиеті бойынша салыстыруға,топтастыруға үйрету. Ойынның құрал-жабдықтары: түсі, пішіні,өлшемі бойынша әр түрлі ойышықтар. Балалар « Сиқырлы қапшықтың» ішіндегі затты ұстап көріп,пішінін анықтайды,ойыншықты алған соң атын атап,түсін айтады.Қорытынды:

Мадақтау:Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнадыма?Бүгінгі сабақта не үйрендік?  1-10 ға дейінгі сандарды санап уйрендік. Жыл мезгілдерін,апта күндерін білеміз.  Саяхатшы Дара тапсырмаларды жақсы орындағандарыңыз үшін қатты қуанып,сіздермен дос болғысы келетінін айтты.

-Жарайсыңдар, балалар!  Бәріміз келген қонақтармен қоштасайық.

Сау болыңдар.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *