«Сүйікті ойыншықтар»

Жанова Мереке Хыдыровна

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасы

Қызметі: тәрбиеші

Материал тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар»

 

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар.

Мақсаты:а) Ойыншықтар туралы әңгіме құрастыру, ойыншықтардың аттарын атай білуге, оларды сипаттап айтуға үйрету.

ә) «Ң» дыбысын қайталау, дұрыс айтуға жаттықтыру.

б) ойыншықтарды күтіп, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Жаңа сөздер: жұмсақ, резеңке.

Көрнекіліктер:№8 демонстрациялық материал. (түрлі ойыншықтар суреттері), №8 үлестірмелі материал (түрлі ойыншықтар суреттері).

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларды ойын бұрышында ойнату.

Сөздік жұмыс: Ойыншықтар, қуыршық, машина.

Билингвальды компонент: Ойыншықтар – игрушки, қуыршық — кукла, машина — машина.

Оқу қызметінің кезеңдері

Педагогтің іс – әрекеті

Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызады.

        Дос болып біз жүрейік,

        Ойнайық та күлейік.

        Достық деген тамаша

        Міне, тұрмыз жараса.

          Балалар, бүгін ерекше күн. Біз бүгін ойыншықтар әлеміне саяхатқа шығамыз.

Шаттық шеңберіне тұрады, қолдарын көтеріп, қимылмен көрсетеді.

 

 

Қуанады.

 

Ұйымдастырушылық –ізденістік

          Балалар, сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?

(демонстрациялық көрнекілікті қолдану)

          Қандай ойыншықтың түрлерін білесіңдер?

 

Билингвальды компонент: ойыншықтар- игрушки, қуыршақ-кукла, машина-машина.

 

 

Ойыншықтардың темірден, ағаштан, резеңкеден жасалатынын және матадан тігілетінін айтады. Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

          Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір мен сендерді өзімнің сиқырлы әлеміме қонаққа апарамын. Барасыңдар ма? Ендеше, бәрің көздеріңді жұмыңдар.

Алақай, малақай! Суф! Суф!

Ал енді көзімізді ашамыз.

 

 

 

          Шынында да қараңдаршы, біз көп ойыншықтар әлеміне тап болдық.

2-3 ойыншықты көрсетеді. (машина, қуыршақ, доп).

Мынау не? Машина. Ол қандай? Машина жүргенде «ың-ың-ың» дыбысын шығарады екен. «Ң» дыбысын айтайық. Қайталаймыз. Қайталайды. Балалар басқа да ойыншықтарын сипаттайды (атын атайды, үлкен, кішкентай және жұмсақ, қатты екенін, неден жасалғанын ажыратады).

Сиқыршы: Балалар, мына ойыншықтарды сендерге сыйға тартамын, топқа барғанда ойнайсыңдар, ойыншықтарды ренжітпей, ұқыпты ұстап ойнаңдар.

Олай болса көзімізді жұмып, тобымызға оралайық.

Сиқыршы балалармен қоштасып шығып кетеді.

 

Сергіту сәті:

         Құлыншағым, құндызым,

         Құлдырайды, шабады.

         Жылтыңдаған жұлдызым

         Құстай қанат қағады.

                                         (І.Жансүгіров)

 

№8 үлестірмелі материалмен жұмыс.

Ойын шарты: ойыншықтардың арасынан допты, қуыршақты және керікті табу.

Жеке жұмысты қажет ететін балалардан сүйікті ойыншықтарын сұрау.

 

          Иә!

 

          Қуыршақ, машина, доп, қонжық, аю, қоян, балапан т.б.

Ойыншықтар – игрушки, қуыршық — кукла, машина – машина сөздерін қайталайды.

 

 

 

 

 

Сәлемдеседі.

 

          Иә! Көздерін жұмады.

 

          Көздерін ашады, түрлі ойыншықтарды көреді.

Ойыншықтарды атап, сипаттайды.

 

 

 

 

 

          Мынау – машина.

          Ол қатты, қызыл, әдемі.

«Ың-ың-ың» деген дыбыс шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоштасады.

 

 

 

Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.

 

 

 

Балалар үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

 

Рефлексиялық

түзетушілік

          Бүгін бізге қонаққа кім келді?

          Қайда бардық?

          Нені көрдік?

          Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар?

Педагог сұрақ-жауап арқылы ойыншықтар жайлы білімдерін қорытындылап, балаларды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әр ойыншыққа сипаттама беру және оларды ойыншықтардың арасынан табу тәрізді тапсырмаларды;

Түсінеді: ойыншықтарды, ұқыпты, күтіп ұстау керектігін;

Қолданады: дыбыстарды дұрыс айту дағдысын.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *