АБАЙ ЖОЛЫ РОМАНЫНЫҢ КОМПОЗИЦИЯСЫ

ОРАЛОВА Р

 

Сынып: 9

Тақырыбы: «Абай жолы» романының композициясы

Мақсаты: 1.  «Абай  жолы» роман-эпопеясын талдату, құрылымын жинақтату;

2.Шығарма бойынша алдын ала тапсырмалар беру арқылы талдай білу  дағдыларын дамыту;                         

3.Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: талдау

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: баяндау, сұрақ- жауап, іздендіру, талдау, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Күтілетін нәтиже:

«Абай  жолы» роман-эпопеясын талдайды, құрылымын жинақтайды;

-Шығарма бойынша алдын ала тапсырмалар беру арқылы талдай білу  дағдыларын дамытады;

— Имандылық, адамгершілік тәрбие негіздері қаланады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі                   

ОЖТ

2 минут

-Сәлеметсіздер ме, балалар!

-Бір-бірімізге сәттілік тілейік!

-Сабақта қолдану үшін

алдарыңызда дидактикалық тапсырмалар  жатыр.

Екі топтың да мүшелері бір-біріне  «мен саған ….тілеймін» деп тілегін айтып, смайлик береді.

Білу

АКТ

ОБжК

10 минут

Үй тапсырмасын тексеріледі.

І топ пен ІІ топ слайдпен үй тапсырмаларын қорғайды.  «Абай жолы»  романындағы әйелдер бейнесін нақты оқиға негізінде талдайды (слайд).

             І топ

Тарауы: Қайтқанда.

Оқиға: Абайдың елге қайтуы.

Оқиға: Қодар мен Қамқаның өлімі.

Оқиға: Абайдың ауылына ақын қонақтардың келуі.

Тарауы: Қат-қабатта.

Оқиға: Смағұл мен Оспанның асқа таласуы.

Ұлжанның, Зеренің, Айғыздың, ауыл қатындарының  іс-әрекеттері мен сөздері.

              ІІ топ

Тоқпанбет үстіндегі төбелес

Тарауы: Шытырманда

Оқиға: Кәмшаттың ауыр жағдайы.

Тарауы: Бел-белесте.

Оқиға:Бөжей ауылының  Жәнібекке көшіп келуі, Бөжейге бата  жасауы.

Ұлжанның, Зеренің, Айғыздың, Күңкенің, Бөжейдің әйелінің іс-әрекеттері мен сөздері.

Түсіну

ОБжК

ОЖТ                                       

10 минут

«Абай жолы» роман-эпопеясын оқи отырып, баса назар аударатын проблемалық тартыстарды табады:

а/ күндестік;

 ә/ даланың бар билігі қолында, бар қасиеті малындағы билеп-төстеушісі, қожалар мен қарапайым еңбеккерлері,халық бұқарасы арасындағы тартыс б/ эпопеядағы рулық тартыс

в/ эпопеядағы әкелер мен балалар проблемасының көрінісі

         Құнанбай – Абай, Құнанбай – Тәкежан, Тәкежан – Әзімбай, Абай – Әбіш

г/ екі ұрпақ, олардың арасындағы яғни, көктей орылып келе жатқан ескі мен көктей өсіп келе жатқан жаңаның тартысы.

Қолдану

ЖЕСО

12 минут

Оқушылар алдарында жатқан кестені толтырады (қосымша №1). Көмек ретінде «Абай жолы» романының қысқаша мазмұны беріледі (қосымша №2).

І топ

Тараулар

Негізгі оқиға

Абайдың

Іс-әрекеті

«Қайтқанда»

 

 

«  Қат-қабатта»

 

 

«Жолда»

 

 

«Шытырманда»

 

 

«Бел-белесте»

 

 

«Өрде»

 

 

«Қияда»

 

 

ІІ топ

Тараулар

Негізгі оқиға

Абайдың

іс-әрекеті

«Тайғақта»

 

 

«Жайлауда»

 

 

«Еңісте»

 

 

«Оқапта»

 

 

«Асуда»

 

 

«Тарауда»

 

 

«Биікте»

 

 

«Эпилог»

 

 

Талдау

СТО

5 минут

Электронды оқулықтан  «Абай жолы» романынан үзінді. Кәмшатты  алып кетуі тыңдатылады (қосымша №3).

Проблемалық сұрақ: Кім кінәлі?

Абай

Құнанбай

Бөжей

«Адамшылық рақым қайда? Өзге емес, ақылсыз, надан қатыны емес, Бөжей өзі өсте ме екен? Көз алдында соншалық жазықсыз нәрестені ұзақ өлімге бұйырып, сол ұшін және биттей де шімірікпеу не деген қаттылық? Ендеше жауығып, қарсыласып жұрген Құнанбайдан қай қасиетімен артты?» (І, 179-бет)

«Тіпті жазықты болсам, мен жазықты шығармын. Бесіктен шығарып, адам ұлы деп, соның бауырына берген балам жазықты ма? Қатын-қалаш, ауыл-аймағына тым құрыса соны ұғындыра алмаса, Бөжейдің аяқтағы суға ағып өлгені ғой» (І, 179-бет)

«Құнанбай жаққан өртке менің арым өртенді. Не жаны жүр деп ойлайды екен шыбын кеудемде, Әлде өзгелер үйелменімен өртенсе де, өзімнен бұрау сынбасын дей ме? Құнанбайдан не шықты? Шашыраған бір ұрығы ма? Сұрау салмай, мазамды алмай, тек жүрсін, күйдірмесін ағайын» (І, 179-бет)

«Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас беруші ме ем? тіпті берсем де, басым сырықтан арылар ма еді? Кінәласа, құн тілесін менен» (І, 181-бет)

Жинақтау

ТжДБО

3минут

«Қайтқанда»

Үлгі: Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке жолға шығып келе жатқан Абайды көреміз.

«Қат-қабатта»

«Жолда»

«Шытырманда»

Үлгі: Жоғарыдағы белестен, өрден төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.

 

«Бел-белесте»

«Өрде»

«Қияда»

Тарау атауларын пайдалана отырып сөйлемді аяқта (қосымша №4).

І топ: … Абайды көреміз.

ІІ топ: … Құнанбайды көреміз.

 

Бағалау

СТО,

ОБжОүБ

3 минут

Топ басшыларының бағаларын ескеріп, ортақ баға шығарады.

Үйге тапсырма: Абай жолы романынан 1-топ жатыс түрлерін, 2-топ отырыс түрлерін теріп, картотека жасауы тиіс.

Топ басшысы топ мүшелерін бағалау критерийлер негізінде бағалайды.

Бағалау өлшемдері:

1.Үй тапсырмасын қорғау барысында белсенділігі;

2.Топтық жұмыстарға қатынасуы;

3.Өз ойын еркін жеткізе алуы;

4.Романның мазмұнын білуі;

5.Романның құрылымын талдай алуы.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *