6 саны мен цифры

Әбдірайым Балнұр Мәмбетқұлқызы

 

ҚМЖ

 

 

 

Пән: Математика Мектеп: №157 жалпы білім беретін мектеп
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Әбдірайым Балнұр Мәмбетқұлқызы

Сынып: 1-сынып

Қатысқандар саны:                 Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы 6 саны мен цифры
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу  мақсаттары

 (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1 Санау барысында натурал сандардың   реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

1.1.1.2 Бір таңбалы  сандарды оқу, жазу және салыстыру

1.1.1.3 Бір таңбалы сандардың құрамын анықтау 

Бөлім: 1. Сандар мен цифрлар
Бөлімше: 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Орта мерзімді жоспар бөлімі: «Өзім туралы»

 

Сабақ мақсаттары Барлық оқушы:

Натурал сандар қатарын анықтайды, 6 ға дейін тура және кері санайды.

Оқушылардың көб:

6 санын көрсетіп, бір таңбалы сандарды жазады және салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

6 санының құрамын анықтайды

Бағалау критерийі

·         Натурал сандар қатарын табады, тура және кері санайды

·         6 санының элеметтерін сақтап, жазады

·         Бір таңбалы сандарды салыстырады.  >, =, < белгілерін дұрыс қолданады.

·         6 санынының құрамын табады

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминалогия

Алты – шесть –siх, алдында, артында, кейін, тең, артық, кем.

Сабақ барысында тақырыпқа байланысты атаулармен танысады.

 Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер тіркестер

 -Гүлшоғы қандай гүлдерден жасалған?

-Қай гүлдердің саны 6 санымен байланысты?

-Жауабы алты болуы үшін, қай балықтарды жұбымен аулайды?

 

Құндылықтарды дарыту

ұлттық тәрбиені сақтай отырып, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болу, сыйластық таныту.

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, АКТ, дүниетану.

АКТ дағдыларын қолдану Интернет ресурстар, презентация
Бастапқы білім

5 саны мен цифры

Сабақтың барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Миға шабуыл»

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Күн шуағы» арқылы оқушылармен амандасып ынтымақтастық атмосферасын орнату. Шеңбер бойымен тұрып күн суретін бір-біріне ұсыну арқылы тілектерін айту.

 

Топқа бөліну (сабақтың тақырыбына сәйкес)

«Артық, кем, тең» Салыстыру белгісіне сәйкес, оқушылар белгілерді таңдайды, сол бойынша орындарына жайғасады.

І топ. «Артық»

ІІ топ. «Кем»

ІІІ топ. «Тең»

 

«Жасырын санды тап» әдісі -Әр топтан екі оқушыдан шығып, қағазға жазылған сандарды алып, ретімен тұрады. Оқушылар қарамай тұрады, бір сан алынып, оқушылар қайта бұрылып, қай сан жоғалғанын табады. Сандық сәуледегі орнын анықтайды

 

Дескриптор:

Сандарды ажыратады

-Жоғалған сандарды табады

-Сандық сәуледегі орнын анықтайды

ҚБ «Бас бармақ»

 

 

Күннің суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру белгілерінің қима қағаздары

< , >, =

 

 

 

Қағазға жазылған сандар

 

 

 

Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс

«Кір жайғыш» әдісі арқылы сабақтың негізгі мақсатына келеді

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау. Натурал сандар қатарын анықтайды. Алты саны сандық сәуледе бес санынан кейін тұратынын айтады

Дескриптор:

10 көлемінде сандарды тура және кері санайды

— Алты саны сандық сәуледе бес санынан кейін тұратынын анықтайды.

ҚБ: «Көңіл күй букеті» әдісі арқылы бағалау.

 

Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін қолданамын

 

Дәптермен жұмыс.

«Көркем жазу» әдісі. 6 саны

 Дескриптор:

6 санының элеметтерін талаптарға сай жазады

— 6 санының элеметтерін ауада жазады

ҚБ: «Өзара бағалау» әдісі. (Оқушылар бір-бірін бағалайды)

 

Топтық жұмыс

«Кім жылдам» әдісі. Тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды

1-топ

2-топ

3-топ

 

Дескриптор:

Сандарды ажыратады

-Артық, кем, тең белгілерді дұрыс қояды

ҚБ: «Көңіл күй букеті» әдісі арқылы бағалау

 

Саралауды қолдану. Оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы, жаңа тапсырманы кеңінен түсініп, белсенділігін арттыру мақсатында «Тапсырма» тәсілін қолданамын.

 

 

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

 

Жұптық жұмыс

«Ойлан, тап»  әдісі. Оқушылар санның құрамын анықтайды.

 

Дескриптор:

Сандарды ажыратады

-Алты санының құрамын табады

ҚБ: «Көңіл күй букеті» әдісі арқылы бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы Бекіту

Кері байланыс

«Ханталапай» ойыны

6 асықты шиырады, асықтарды рет-ретімен қойып шығу керек, кері және тура санайды.

 

Қолдау көрсету «Тамаша» «Жарайсың» «Керемет» «Жақсы»

 

 

 

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың

материалды меңгеру

деңгейін  қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қосымша тапсырма беру арқылы, жаңа тапсырманы кеңінен түсініп, белсенділігін арттыру мақсатында «Тапсырма» тәсілін қолданамын

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін «Бас бармақ», «Көңіл күй букеті» Рефлекцияға «Қолдау көрсету» әдістерін қолданамын

Сабақ барысында сергіту сәті мен белсенді іс-әрекеттерден «Жасырын санды тап», «Кір жайғыш», «Көркем жазу», «Кім жылдам», «Ойлан,тап», «Ханталапай» әдістерді қолданамын.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *